Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің 05.04.2019 № 51-ө өкімімен.
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:
1. Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссия құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 71-ө өкімімен бекітілген |
Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің директоры, хатшы;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 71-ө өкімімен бекітілген |
Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты - Қазақстан Республикасының шетелдік ұйымдар алдындағы берешек мәселелерін шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
5. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
2. Комиссияның міндеттері
6. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) шетелдік ұйымдардың алдындағы берешектер мәселелері жөнінде материалдарды қарау;
2) шетелдік ұйымдардың алдындағы берешектерді өтеу тетігі жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.
3. Комиссияның ұйымдастырылуы мен жұмыс тәртібі
7. Комиссияның ұйымдастырылуы мен жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.