Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық саясатын іске асыру мәселелері жөнінде комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 158-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 46-ө өкімімен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің 03.04.2019 № 46-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық саясатын іске асыру мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық саясатын іске асыру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының ұлттық және өңірлік брендтерін қалыптастыру мен ел ішінде және шетелде ілгерілету және мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 100-ө өкімі";

      2) "Қазақстан Республикасының ұлттық және өңірлік брендтерін қалыптастыру мен ел ішінде және шетелде ілгерілету және мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 100-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 17 тамыздағы № 100-ө өкімі".

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 158-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық саясатын іске асыру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 158-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық саясатын іске асыру мәселелері жөніндегі комиссиясы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық саясатын іске асыру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық саясатын іске асыру мәселелері жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі.

2. Комиссияның міндеттері

      6. Комиссияның міндеті Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық саясатын іске асыру мәселелері жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссия жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі

      7. Комиссия жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады