"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 7-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 22 қаңтардағы
№ 7-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен қабылдануына жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сот бойынша ақталған адамға, қылмыстық істі тоқтату туралы соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген мүліктік зиянды төлеу қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1218 және "Кепілді қабылдау, сақтау, өткізу және мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1219 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БП (келісім бойынша, жинақтау), ЖС (келісім бойынша)

2018 жылғы ақпан

Е.А. Кененбаев

2

Қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

БП бұйрығы

БП (келісім бойынша, жинақтау), ЖС (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), МҚІСҚА (келісім бойынша), МКҚ (келісім бойынша), "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша), ІІМ, Қаржымині, Қорғанысмині

2018 жылғы ақпан

М.М. Ахметжанов

3

"Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 565, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 62, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 892, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 146 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 416 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бірлескен бұйрық

ІІМ (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), МҚІСҚА (келісім бойынша), Қаржымині МКҚ (келісім бойынша), Қаржымині, ЖС (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

2018 жылғы ақпан

Р.Т. Жақыпов

4

"Арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бірлескен бұйрық

ПМ (жинақтау), БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), МҚІСҚА (келісім бойынша), Қаржымині, МКҚ (келісім бойынша)

2018 жылғы ақпан

Ж.Қ Сүлейменов

5

"Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын штаттағы қызметкер, штаттағы жасырын қызметкер, құпия қызметкерлердің жасырын ендіру және (немесе) қылмыстық әрекетті имитациялауды жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бірлескен бұйрық

ІІМ (жинақтау), БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), МҚІСҚА (келісім бойынша), Қаржымині, МКҚ (келісім бойынша), "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша), Қорғанысмині

2018 жылғы ақпан

Р.Т. Жақыпов

6

"Ішкі істер органдары уақытша ұстау изоляторларының ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы № 385 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ІІМ

2018 жылғы ақпан

Е.З. Тұрғымбаев

7

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ҰҚК (келісім бойынша)

2018 жылғы ақпан

М.О. Қалқабаев

8

"Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту турал" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

БП (келісім бойынша)

2018 жылғы ақпан

Е.А. Кененбаев

9

"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу бөліністерінің қызметін жетілдіру бойынша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 220 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ІІМ

2018 жылғы ақпан

Р.Т. Жақыпов

10

"Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық есебін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 68 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

бұйрық

БП (келісім бойынша)

2018 жылғы ақпан

Е.А. Кененбаев

11

"Процесс прокурорының қадағалауды ұйымдастыруы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 163 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

бұйрық

БП (келісім бойынша)

2018 жылғы ақпан

Е.А. Кененбаев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖС - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

      БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      МКҚ - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі

      МҚІСҚА - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      "Сырбар" СБҚ - Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметі

      Қорғанысмині - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады