1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне венчурлік қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 6 тамыздағы № 99-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне венчурлік қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілерді сапалы, уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркін айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АКМ | 2018 жылғы қыркүйек | Д.Р. Щеглова |
2. | "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АКМ | 2018 жылғы қыркүйек | Д.Р. Щеглова |
3. | "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИДМ | 2018 жылғы қыркүйек | Т.С. Тоқтабаев |
4. | "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің | АКМ | 2018 жылғы қыркүйек | Д.Р. Щеглова |
5. | Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің | АКМ, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша) | 2018 жылғы қыркүйек | Д.Р. Щеглова Е.З. Тұрғымбаев М.С. Өсіпов |
6. | "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11 -1 - 2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Бірлескен бұйрық |
СІМ, ІІМ, ҰҚК (келісім | 2018 жылғы қыркүйек | М.Б. Тілеуберді Е.З. Тұрғымбаев М.С. Өсіпов |
7. | Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын және венчурлік қорларды ортақ қаржыландыруды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілерінің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы | ИДМ | 2018 жылғы қыркүйек | Т.С. Тоқтабаев |
8. | Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, осындай қызметтер құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы | ИДМ | 2018 жылғы қыркүйек | Т.С. Тоқтабаев |
Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИДМ - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
АКМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі