1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 116-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілерді сапалы, уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты адам |
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ ҰЭМ | 2018 жылғы қыркүйек | М.М. Мырзағалиев М.С. Жүнісбекова |
2. | "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің бұйрығы | ЭМ | 2018 жылғы қараша | М.М. Мырзағалиев |
3. | Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің бұйрығы | ЭМ | 2018 жылғы қараша | М.М. Мырзағалиев |
4. | "Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің бұйрығы | ЭМ | 2018 жылғы қыркүйек | М.М. Мырзағалиев |
5. | Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің бұйрығы | ЭМ | 2018 жылғы қыркүйек | М.М. Мырзағалиев |
6. | "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің бұйрығы | ЭМ | 2018 жылғы қыркүйек | М.М. Мырзағалиев |
7. | Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің бұйрығы | ЭМ | 2018 жылғы қыркүйек | М.М. Мырзағалиев |
8. | Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің бұйрығы | ЭМ | 2018 жылғы қыркүйек | М.М. Мырзағалиев |
9. | "Газ желісі ұйымдарын аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 153 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің бұйрығы | ЭМ | 2020 жылғы қараша | М.Ж. Досмұхамбетов |
10. | Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің бұйрығы | ЭМ | 2018 жылғы қараша | М.М. Мырзағалиев |
11. | Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия құру туралы | облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдігінің қаулысы | облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері | 2018 жылғы желтоқсан | облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімі аппаратының басшылары |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭМ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі