"Қайырымдылықты дамыту мәселелері жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 24-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 10 қазандағы № 127-ө өкімі

      "Қайырымдылықты дамыту жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 24-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген өкімге қосымша осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) көрсетілген өкіммен бекітілген Қайырымдылықты дамыту мәселелері жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі болып табылады.".

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 10 қазандағы
№ 127-ө өкіміне
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 2 наурыздағы
№ 24-ө өкіміне
қосымша

Қайырымдылықты дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы (келісім бойынша)

      "Уақып" қазақстандық қоры" корпоративтік қайырымдылық қорының президенті (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады