"Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі жұмысының регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 184 өкімін іске асыру және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 140-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мыналарда:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Президенттің көмекшілері мен кеңесшілері, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Басшысы, министрлер (ККО отырыстарын қоспағанда) төрағалық ететін кеңестерде – мемлекеттік органдардың бірінші басшылары орынбасарларының;
орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орынбасарлары төрағалық ететін кеңестерде – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – ЖАО) басқарма басшыларының, қажет болған жағдайда ЖАО бірінші басшылары орынбасарларының қатысуын;";
6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың аппарат басшылары Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 88-тармағының орындалуын қамтамасыз етсін.";
көрсетілген өкіммен бекітілген Премьер-Министрдің төрағалығымен өткізілетін консультативтік-кеңесші органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарындағы кеңестер мен отырыстарды өткізуді ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдарда:
"1. Жалпы ережелер" деген тарауға ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"*Жедел кеңестер қажет болған жағдайда кез келген күні өткізіледі.".
Премьер-Министр | О. Бектенов |