1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді белгіленген тәртіппен қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 6-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Акт нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актінің уақтылы және сапалы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
---|---|---|---|---|---|
1. | Жіті байқау жасалатын мамандандырылған типтегі мемлекеттік психиатриялық мекемені күзету қағидаларын бекіту туралы | бірлескен бұйрық | ІІМ ДСМ | 2019 жылғы наурыз | Б. Б. Бисенқұлов Л. М. Ақтаева |
2. | Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын мәліметтерге Мемлекеттік корпорацияның қол жеткізуі және оларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Әділет, Ақпарат және коммуникациялар, Білім және ғылым, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы министрлерінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) Басшысының бірлескен бұйрығы | ДСМ Әділетмині АКМ БҒМ ІІМ Еңбекмині Қаржымині ЖС (келісім бойынша) | 2019 жылғы наурыз |
Л. М. Ақтаева |
3. | Ұлттық денсаулық сақтау шоттарының деректерін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ДСМ | 2019 жылғы наурыз | О. А. Әбішев |
4. | Халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар мен қоғамдық денсаулық сақтаудың жаһандық бағдарламасы бойынша ұлттық үйлестірушінің мәртебесі және өкілеттігі туралы ережені бекіту | бұйрық | ДСМ | 2019 жылғы наурыз | А. В. Цой |
5. | Бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ДСМ | 2019 жылғы қазан | А. В. Цой |
6. | Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ДСМ | 2019 жылғы наурыз | О. А. Әбішев |
7. | Иондандырушы сәулелену әсерімен байланысты аурулар тізбесін және себептік байланысын анықтау қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ДСМ | 2019 жылғы наурыз | Л. М. Ақтаева |
8. | Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау қағидаларын, білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ДСМ | 2019 жылғы наурыз | О. А. Әбішев |
9. | Медициналық қалдықтар жөніндегі ақпаратты беру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ДСМ | 2019 жылғы наурыз | А. В. Цой |
10. | Созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық байқау қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ДСМ | 2019 жылғы наурыз | Л. М. Ақтаева |
11. | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтердің және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ДСМ | 2019 жылғы наурыз | А. В. Цой |
12. | Динамикалық байқауға жататын науқастардың созылмалы аурулар тізбесін, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде динамикалық байқауға жатпайтын аурулар мен шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек алуға жататын халықтың жекелеген санаттары тізбесін, медициналық-әлеуметтік көмек көрсетілетін әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесін, диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика тізбесін, инфекциялық аурулар мен айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар тізбесін, алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша медициналық оңалту және қалпына келтіру еміне жататын аурулар (жай-күйлер) тізбесін бекіту туралы | бұйрық | ДСМ | 2019 жылғы қазан | Л. М. Ақтаева |
13. | Нақты пациенттің тіршілік көрсетілімдері бойынша медициналық көмек көрсетуге не сирек кездесетін және (немесе) аса ауыр патологиясы бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсетуге Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдану қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ДСМ | 2019 жылғы қазан | А. В. Цой |
14. | Мәжбүрлеп емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы | бұйрық | ДСМ | 2019 жылғы наурыз | Л. М. Ақтаева |
15. | Донорларды медициналық куәландыруға және медициналық қолдану үшін қан өнімдерін өндіру кезіндегі қауіпсіздікке және сапаға қойылатын талаптарды бекіту туралы | бұйрық | ДСМ | 2019 жылғы наурыз | Л. М. Ақтаева |
16. | HLA-зертханалар туралы ережені бекіту туралы | бұйрық | ДСМ | 2019 жылғы наурыз | Л. М. Ақтаева |
17. | Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының стратегиялық әріптестерді тарту қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ДСМ | 2019 жылғы наурыз | О. А. Әбішев |
18. | Медициналық зерттеулер жүргізу қағидаларын және зерттеу орталықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы | бұйрық | ДСМ | 2019 жылғы наурыз | О. А. Әбішев |
19. | Биоэтика жөніндегі орталық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы | бұйрық | ДСМ | 2019 жылғы наурыз | О. А. Әбішев |
20. | "Қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу номенклатурасын, қағидаларын, сондай-ақ, қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 666 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | ДСМ | 2019 жылғы наурыз | О. А. Әбішев |
21. | "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | ДСМ | 2019 жылғы наурыз | О. А. Әбішев |
22. | "Медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығына өзгерістер мең толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | ДСМ | 2019 жылғы наурыз | О. А. Әбішев |
23. | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | ДСМ | 2019 жылғы наурыз | Л. М. Ақтаева |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АКМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЖС - Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты
ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі