"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 29-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 23 мамырдағы № 89-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 29-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын.

      Премьер-Министр А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады