"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 29-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларына әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 30 сәуірдегі
№ 29-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 23.05.2019 № 89-ө өкімімен.

Р/с №

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу мен енгізудің сапасына, уақтылығына жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

Ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын айқындау және "Ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын, сондай-ақ олардың міндеттері мен функцияларын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 721 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ

2016 жылғы маусым

А.П. Рау

2.

"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ

2016 жылғы маусым

А.П. Рау

3.

Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидаларын бекіту және "Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 526 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірлескен бұйрығы

ИДМ, Қорғанысмині

2016 жылғы маусым

А.П. Рау, С.А. Жасұзақов

4.

Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидаларын бекіту және "Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 496 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірлескен бұйрығы

ИДМ, Қорғанысмині

2016 жылғы маусым

А.П. Рау, С.А. Жасұзақов

5.

Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 23.05.2019 № 89-ө өкімімен.

6.

"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 17 қазандағы № 77 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2016 жылғы маусым

А.П. Рау

7.

"Жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы 398 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2016 жылғы маусым

А.П. Рау

8.

"Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 483 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2016 жылғы маусым

А.П. Рау

9.

"Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 523 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2016 жылғы маусым

А.П. Рау

10.

"Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 524 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2016 жылғы маусым

А.П. Рау

11.

"Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 525 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2016 жылғы маусым

А.П. Рау

12.

"Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

2016 жылғы маусым

А.С. Мамытбеков

13.

"Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күресте Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 690 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2016 жылғы маусым

Қ.Н. Қасымов

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      ИДМ - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;

      Қорғанысмині - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрілігі;

      ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады