Біліктілік жөнінде ұлттық кеңес құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 119-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 2 шілдедегі
№ 119-ө өкіміне
қосымша

Біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Kazlogistics" көліктік және логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры (келісу бойынша)

      "Kazenergy" Қазақстан мүнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің адами капиталды дамыту жөніндегі атқарушы директоры (келісу бойынша).

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 2 шілдедегі
№ 119-ө өкімімен
бекітілген

Біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      4. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

2-тарау. Кеңестің негізгі міндеті

      5. Кеңестің негізгі міндеті:

      1) Ұлттық біліктілік жүйесін дамытудың еңбек нарығы мен кадрлар даярлау жүйесі арасындағы байланысты нығайту жөніндегі негізгі бағыттарын әзірлеу;

      2) Қазақстан Республикасында сертификаттау және біліктілікті тану жүйесін құру мен дамыту;

      3) Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3-тарау. Кеңес жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі

      6. Кеңес жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі қызметі, мен таратылу туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады