Дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі кеңес туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 201-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:

      1 Осы өкімге қосымшаға сәйкес кұрамда Дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.

      2 Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 6 қарашадағы
№ 201-ө өкіміне
қосымша

Дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі кеңестің құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімі

      Алматы қаласының әкімі

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі

      Түркістан облысының әкімі

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті" қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті" коғамдық бірлестігінің вице-президенті (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті" қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитеті" қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасының волейбол федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      "Қазақстанның футбол федерациясы" қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      Қазақстан Ұлттық студенттік спорт одағының президенті (келісу бойынша)

      "Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясы" қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      "Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      "Ауыр атлетика федерациясы" қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      "Теннис федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      "Қазақстандық гимнастика федерациясы" қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық шаңғы қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      олимпиада чемпиондары (келісу бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 6 қарашадағы
№ 201-ө өкімімен
бекітілген

Дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      4. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

2. Кеңестің міндеттері

      5. Кеңес мынадай міндеттерді жүзеге асырады:

      1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындау және оларды іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      2) дене шынықтыру және спорт саласындағы әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қарау;

      3) жоғары жетістіктер спортын мемлекеттік қолдау мәселелерін қарау және оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша ұсыныстар дайындау;

      4) халықаралық спорт жарыстарына катысу үшін қазақстандық спортшыларды даярлауға байланысты мәселелерді қарау.

3. Кеңес қызметінің ұйымдастырылуы

      8 Кеңес қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" № 247 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады