"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 12-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және олар қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 28 қаңтардағы
№ 12-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/ с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындалу мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МСМ

2020 жылғы ақпан

Е.М. Рамазанов

2.

Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МСМ

2020 жылғы ақпан

Е.М. Рамазанов

3.

Халықаралық спорт жарыстарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МСМ

2020 жылғы ақпан

Е.М. Рамазанов

4.

Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МСМ

2020 жылғы ақпан

Е.М. Рамазанов

5.

Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы кұрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МСМ

2020 жылғы ақпан

Е.М. Рамазанов

6.

"Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2020 жылғы ақпан

Е.М. Рамазанов

7.

"Оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін үлгілік штаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 155 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2020 жылғы ақпан

Е.М. Рамазанов

8.

Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2020 жылғы ақпан

Е.М. Рамазанов

9.

"Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ БҒМ

2020 жылғы ақпан

Е.М. Рамазанов Ш.Т. Каринова

10.

Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2020 жылғы ақпан

Е.М. Рамазанов

11.

Қазақстан Республикасының спорттық әдебін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2020 жылғы ақпан

Е.М. Рамазанов

12.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төменгі мемлекеттік нормативтерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2020 жылғы ақпан

Е.М. Рамазанов

13.

Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2020 жылғы ақпан

Е.М. Рамазанов

14.

Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2020 жылғы ақпан

Е.М. Рамазанов

15.

"Спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 289 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2020 жылғы ақпан

Е.М. Рамазанов

16.

"Қазақстан Республикасының Допингке қарсы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 18 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2020 жылғы ақпан

Е.М. Рамазанов

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады