Волонтерлікті дамытудың 2021 – 2023 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 84-ө өкімі.

      Қазақстан Республикасында волонтерлік қозғалысты дамыту мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған Волонтерлікті дамытудың 2021 – 2023 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.

      2. Жол картасын орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдері және ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Жол картасын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

      2) жылына бір рет есепті жылдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Жол картасының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жол картасы іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 22 сәуірдегі
№ 84-ө өкімімен
бекітілген

Волонтерлікті дамытудың 2021 – 2023 жылдарға арналған жол картасы


р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар (мың тг.)

Қаржыландыру көздері

Сапалық көрсеткіштер

1

2

3

4

5

6

7

8

I. Волонтерлік қызмет үшін қолайлы ортаны дамыту

1.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет және қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Заңы

АҚДМ, Еңбекмині, БҒМ, ДСМ, ТЖМ, МСМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "ҰВЖ" ЗТБ (келісу бойынша), ҮЕҰ (келісу бойынша)

2021 – 2022 жылдар

қаржыландыруды талап етпейді

-

"Волонтерлік қызмет және қайырымдылық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңын қабылдау

2.

Волонтерлік қызметті қолдау стандартын әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

АҚДМ, "ҰВЖ" ЗТБ (келісу бойынша), БҰҰЕ (келісу бойынша)

2021 жыл

9 688,0

РБ 001 "Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" бағдарламасы

волонтерлік қызметті қолдау стандартын енгізу

3.

Волонтерлік ұйымдар мен ҮЕҰ статистикалық есептілігін Ұлттық статистика бюросына енгізу арқылы волонтерлік қызметтің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін бағалауды енгізу

Үкіметке ақпарат

АҚДМ, СЖРА, "ҰВЖ" ЗТБ (келісу бойынша), БҰҰЕ (келісу бойынша)

2021 – 2023 жылдар

қаржыландыруды талап етпейді

-

волонтерлік қызметтің үлесін елдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне енгізу

4.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар негізінде волонтерлік ұйымдардың бастамаларына жүйелі қолдауды ұйымдастыру

АҚДМ-ға ақпарат

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

кемінде 100 волонтерлік жобаны іске асыру

5.

Бизнес пен жеке тұлғаларды қайырымдылық және волонтерлік жобаларға қатысуға жанама ынталандырудың тиімді тетіктерін әзірлеу және енгізу

Үкіметке ұсыныстар

АҚДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2022 жыл

қаржыландыруды талап етпейді

-

кемінде 50 волонтерлік жобаны іске асыру

II. Волонтерлік қызмет бойынша инфрақұрылымды дамыту және оған қатысушылардың әлеуетін арттыру

6.

Волонтерлік бастамалар мен жобаларды жүйелі дамыту және үйлестіру үшін волонтерлердің республикалық фронт-офисінің қызметін ұйымдастыру

Үкіметке ақпарат

АҚДМ

2021 жыл

79 395, 0

РБ 001 "Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" бағдарламасы

белсенді волонтерлер үлесін кемінде 20% - ға ұлғайту

7.

Волонтерлердің жүйелі дамыту бастамалар мен жобаларды жүйелі дамыту және үйлестіру үшін волонтерлердің өңірлік фронт-офистерінің қызметін ұйымдастыру

АҚДМ-ға ақпарат

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

өңірлерде белсенді волонтерлер үлесін кемінде 20% - ға ұлғайту

8.

Жергілікті жерлерде волонтерлік қызметті дамыту үшін ұзақ мерзімді негізде қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, оның ішінде волонтерлік ұйымдарға мемлекеттік меншік объектілерін пайдалану бойынша жеңілдіктер беру

АҚДМ-ға ақпарат

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар

бюджеттен тыс қаражат есебінен

-

волонтерлік қызметті дамыту үшін кемінде 30 волонтерлік ұйымға жеңілдетілген шарттарды ұсыну

9.

Әртүрлі бағыттар бойынша волонтерлерді даярлаудың бірыңғай бағдарламасын әзірлеу және енгізу

Үкіметке ақпарат

АҚДМ, ІІМ, БҒМ, Еңбекмині, МСМ, Қаржымині, ТЖМ, "ҰВЖ" ЗТБ (келісу бойынша), БҰҰЕ (келісу бойынша)

2021 – 2023 жылдар

қаржыландыруды талап етпейді

-

әртүрлі деңгейлерде кемінде 7 бағыт бойынша волонтерлерді даярлау бағдарламасын енгізу

10.

Барлық білім беру ұйымдарында волонтерлік және қайырымдылық қызмет негіздері бойынша оқу тақырыптары мен факультативтік сағаттарды енгізу

АҚДМ-ға ақпарат

БҒМ, "ҰВЖ" ЗТБ (келісу бойынша)

2021 жыл

қаржыландыруды талап етпейді

-

волонтерлік және қайырымдылық саласы бойынша тақырыптар мен факультатив сағаттарды ұйымдастыру

11.

Елдегі жоғары оқу орындарының жалпы білім беру пәндері циклінің мазмұнына (Community Service) волонтерлік қызмет жөніндегі бөлімді енгізу мәселесін пысықтау

АҚДМ-ға ақпарат

БҒМ

2021 жыл

қаржыландыруды талап етпейді

-

жалпы білім беретін пәндер циклінің мазмұнын волонтерлікке қатысты тақырыптармен қамтамасыз ету

12.

Әлеуметтік қызметкердің екі волонтермен өзара іс-қимыл жасауы бойынша жұмыс жүргізу

АҚДМ-ға ақпарат

Еңбекмині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар

қаржыландыруды талап етпейді

-

әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту

13.

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету жөніндегі жұмысқа волонтер- заңгерлерді тарту бойынша "Probono волонтерлері" жобасын іске асыру

Үкіметке ақпарат

АҚДМ, Әділетмині, ЖОО-лар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар

қаржыландыруды талап етпейді

-

жыл сайын кемінде 1000 консультация беру

14.

Телеграмм әлеуметтік желісінде "Онлайн дәрігерлер" жобасын іске асыру

консультациялар

АҚДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар

қаржыландыруды талап етпейді

-

жыл сайын кемінде 10 000 консультация беру

III. Азаматтардың волонтерлік қызметке қатысуын кеңейту

15.

Азаматтарды волонтерлікке тарту үшін ынталандырудың әртүрлі кезеңдерін көздейтін "Волонтер жолы" пилоттық жобасын іске қосу

жобаның тұжырымдамасы

АҚДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "ҰВЖ" ЗТБ (келісу бойынша)

2022 жыл

қаржыландыруды талап етпейді

-

жобаға кемінде 5000 волонтер тарту

16.

Халықтың әртүрлі топтарын цифрлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылыққа оқытуда волонтерлік көмек көрсету жөніндегі "Birgemiz: Bilim" жалпыұлттық жобасын іске асыру

Үкіметке ақпарат

АҚДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар

2021 жылы – 19 762,0* 2022 жылы – 28 147,0** 2023 жылы – 28 147,0**

РБ * 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым - қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламасы

қатысқан және оқытылған 500 волонтердің волонтерлік бастамаларды қолдауға кемінде 30 шағын грант беру

17.

Денсаулық сақтау саласына волонтерлерді тарту, науқастарды күтуде, оның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде және т.б. көмек көрсету жөніндегі "Birgemiz: Saýlyq" жалпыұлттық жобасын іске асыру

Үкіметке ақпарат

АҚДМ, ДСМ облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар

2021 жылы – 23 420,0* 2022 жылы – 28 147,0** 2023 жылы – 28 147,0**

РБ * 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым - қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламасы

500 волонтер қатысқан, волонтерлік бастамаларды қолдауға кемінде 20 шағын грант беру

18.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында балалар үйлеріндегі балаларға және жастарға, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға қатысты волонтерлердің тәлімгерлік тәжірибесін енгізу жөніндегі "Birgemiz: Sabaqtastyq" жалпыұлттық жобасын іске асыру

Үкіметке ақпарат

АҚДМ, БҒМ, Еңбекмині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар

2021 жылы – 23 420,0* 2022 жылы – 28 147,0** 2023 жылы – 28 147,0**

РБ * 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым - қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламасы

тәлімгерлік практикасын енгізу – қиын жағдайға тап болған 200 бала мен жастар үшін кемінде 200 тәлімгер, волонтерлік бастамаларды қолдауға кемінде 20 шағын грант беру

19.

Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға үйрету жөніндегі "Birgemiz: Taza Álem" жалпыұлттық жобасын іске асыру

Үкіметке ақпарат

АҚДМ, ЭГТРМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар

2021 жылы – 23 420,0* 2022 жылы – 28 147,0** 2023 жылы – 28 147,0**

РБ* 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым - қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламасы

қатысқан және оқытылған 500 волонтер, волонтерлік бастамаларды қолдауға кемінде 20 шағын грант беру

20.

Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі "Birgemiz: Asyl mura" жалпыұлттық жобасын іске асыру

Үкіметке ақпарат

АҚДМ, МСМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар

2021 жылы – 23 420,0* 2022 жылы – 28 147,0** 2023 жылы – 28 147,0**

РБ * 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым - қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламасы

қатысқан және оқытылған 500 волонтер, волонтерлік бастамаларды қолдауға кемінде 20 шағын грант беру

21.

Қарттар үйлеріне, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына волонтерлерді тарту жөніндегі "Birgemiz: Qamqor" жалпыұлттық жобасын іске асыру

Үкіметке ақпарат

АҚДМ, Еңбекмині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар

2021 жылы – 23 420,0* 2022 жылы – 28 147,0** 2023 жылы – 28 147,0**

РБ * 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым - қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламасы

қатысқан және оқытылған 500 волонтер, волонтерлік бастамаларды қолдауға кемінде 20 шағын грант беру

22.     

Жоғалған адамдарды іздеу, зілзала қауіп-қатерін азайту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою, оның ішінде отандастарымыздың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі туралы баяндайтын құжаттарды іздестіру жобаларына волонтерлерді тарту жөніндегі "Birgemiz: Úmit" жалпыұлттық жобасын іске асыру

Үкіметке ақпарат

АҚДМ, ІІМ, ТЖМ, Қорғанысмині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар

2021 жылы – 23 420,0*
2022 жылы – 28 147,0**
2023 жылы – 28 147,0**

РБ * 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым - қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламасы

қатысқан және оқытылған 500 волонтер, волонтерлік бастамаларды қолдауға кемінде 20 шағын грант беру

23.

Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру үшін волонтерлерді тартуға бағытталған "Birgemiz: Ayala" жобасын іске асыру

Үкіметке ақпарат

АҚДМ

2021 – 2023 жылдар

2021 жылы – 9 153, 0 2022 жылы – 28 147,0** 2023 жылы – 28 147,0**

РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым - қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламасы

қатысқан және оқытылған 100 волонтер, волонтерлік бастамаларды қолдауға кемінде 5 шағын грант беру

24.

Композиторлар арасында волонтерлер әнұранын шығаруға шығармашылық конкурс ұйымдастыру

волонтерлер әнұраны

АҚДМ, МСМ, "ҰВЖ" ЗТБ (келісу бойынша)

2022 жыл

бюджеттен тыс қаражат есебінен

-

кемінде 20 қатысушыны қамту

25.

Аға ұрпақты волонтерлік қызметке тарту бойынша "Күміс волонтерлік" жобасын іске асыру

Үкіметке ақпарат

АҚДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар

2021 жылы – 11 332,0 2022 жылы – 14 375,0** 2023 жылы – 14 375,0**

РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым - қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламасы

жыл сайын 350 аға буын азаматтың волонтерлік қызметке қатысуы

26.

Шеберлер, қолөнершілер, зергерлер, тоқымашылар, тігіншілер және т. б. қатарынан күміс волонтерлерді тарта отырып, ұлдарға арналған "Ата көрген оқ жонар" және қыздарға арналған "Ана көрген тон пішер" тегін үйірмелерін ұйымдастыру

АҚДМ-ға ақпарат

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар

бюджеттен тыс қаражат есебінен

-

үйірмелерге 500 мектеп оқушысы мен студенттің қатысу

27.

Медиа-волонтерлікті ілгерілету бойынша "Жақсылық жаршысы" жобасын іске асыру

Үкіметке ақпарат

АҚДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар

бюджеттен тыс қаражат есебінен

-

кемінде 50 волонтер-журналисті қамту

28.

Жобаға ҮЕҰ өкілдерін тарта отырып, автоволонтерлердің бірыңғай желісін құру

Үкіметке ақпарат

АҚДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісім бойынша)

2021 – 2023 жылдар

қаржыландыруды талап етпейді

-

кемінде 50 автоволонтерді қамту

29.

Еңбек ұжымдарында корпоративтік волонтерліктің оң практикасын енгізу

Үкіметке ақпарат

АҚДМ

2021 – 2023 жылдар

қаржыландыруды талап етпейді

-

корпоративтік волонтерлікті дамыту

30.

Волонтерлік ұйымдардың (топтардың) басшылары мен үйлестірушілерін төтенше жағдайлар туындаған кездегі қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға оқыту

АҚДМ-ға ақпарат

ТЖМ

2021 – 2023 жылдар

қаржыландыруды талап етпейді

-

кемінде 300 оқытылған волонтер

31.

Волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелері өткізетін іс-шараларға қатысуға тарту

АҚДМ-ға ақпарат

ІІМ

2021 – 2023 жылдар

қаржыландыруды талап етпейді

-

кемінде 100 волонтерді қамту

32.

Экологиялық проблемалардың интерактивті картасын жүргізу

ЭГТРМ-ға ақпарат

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

тоқсан сайын

қаржыландыруды талап етпейді

-

халықтың экологиялық ақпаратқа қол жеткізуін кеңейту

33.

"Жер сағаты" дүниежүзілік акциясын өткізу

АҚДМ-ға ақпарат

ЭГТРМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 жыл

қаржыландыруды қажет етпейді

-

климаттың өзгеру проблемасына, жарықтың ластануы және басқа да экологиялық тақырыптарға қызығушылықты ынталандыру

34.

"Бірге таза Қазақстан" республикалық акциясын өткізу

АҚДМ-ға ақпарат

ЭГТРМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 жыл

қаржыландыруды талап етпейді

-

аумақты тазарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу

35.

Ең үздік волонтерлік топтар көшбасшыларының слетін өткізу

АҚДМ-ға ақпарат

Алматы, Қызылорда облыстарының әкімдіктері

2021 жыл

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

кемінде 100 волонтерді қамту

36.

"Жыл волонтері" сыйлығын алуға облыстық конкурс өткізу

АҚДМ-ға ақпарат

Қызылорда облысының әкімдігі

2021 жыл

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

конкурста жеңіске жеткен кемінде 10 волонтерді марапаттау

37.

"Волонтерлер корпусы" жастар жобасын ұйымдастыру және өткізу

АҚДМ-ға ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі

2021 жыл

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

волонтерлік бастамашыл топтар құру арқылы оқу орындарында волонтерлік қызметті насихаттау

38.

"Волонтерлер мектебі" жобасы аясында кәсіби волонтерлерді даярлау

АҚДМ-ға ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының және Қостанай облысының әкімдіктері

2021 жыл

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

400 волонтерді оқыту, оқуды аяқтағаннан кейін сертификаттар тапсыру

39.

Әлеуметтік волонтерлік жобалар жәрмеңкесін өткізу

АҚДМ-ға ақпарат

Қостанай облысының әкімдігі

2021 жыл

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

кемінде 2 жәрмеңке

40.

Әртүрлі жағдайлардағы қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары және жалпы қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру туралы халықты ақпараттандыру бойынша телеграмм-ботты іске қосу

телеграмм-ботты іске қосу

АҚДМ, ТЖМ, "ҰВЖ" ЗТБ (келісу бойынша)

2022 жыл

бюджеттен тыс қаражат есебінен

-

жылына 300 консультация беру

41.

Волонтерлердің бірыңғай іс-қимыл күндерін кеңінен жария ете отырып, өткізу:
Халықаралық волонтер күні - желтоқсан;
"Өмірді сақта" атты донор ретінде ерікті қан тапсыру акциясы – сәуір;
Атаулы әлеуметтік көмек беру акциясы "Жылулық сыйла" – мамыр;
"Бірыңғай қауіпсіздік күні" – маусым;
"Зооқамқорлық" атты жануарлар баспаналарына көмек беру күні – тамыз;
Табиғатты аялау күніне орай "Таза планета" марафоны – қыркүйек

іс-шаралар

АҚДМ, "ҰВЖ" ЗТБ (келісу бойынша), облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар

қаржыландыруды талап етпейді

-

волонтерлікті танымал ету

42.

Тәжірибе алмасу үшін және ашық диалог алаңында волонтерлік ҮЕҰ, бастамашыл топтар мен қоғамдық пікір көшбасшыларын жинау және Қазақстан Республикасында волонтерлік қызметті дамыту жөніндегі ұсыныстар мен перспективасын талқылау

іс-шаралар

АҚДМ, "ҰВЖ" ЗТБ (келісім бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар

қаржыландыруды талап етпейді

-

жылына кемінде 2 рет

IV. Волонтерлік қызмет бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту

43.

Мемлекет басшысының БҰҰ БА-ның 75-ші сессиясында даму мақсатында волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау туралы сөйлеген сөзі барысында айтылған бастамаларын ілгерілету жөніндегі процестерді ұйымдастыру

Үкіметке ақпарат

АҚДМ, СІМ, БҰҰЕ (келісу бойынша)

2022 жыл

қаржыландыруды талап етпейді

-

даму мақсатында волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын іске асыру жөніндегі іс-қимыл алгоритмі

44.

Қазақстанның мүдделерін әлемдік деңгейде ілгерілету мақсатында волонтерлік ұйымдардың халықаралық диалог алаңдарына онлайн немесе оффлайн форматта қатысу

Үкіметке ақпарат

АҚДМ, СІМ, БҰҰЕ (келісу бойынша)

2021, 2023 жылдар

2021 жылы –25 704,0* 2023 жылы – 26 256,0**

РБ * 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым - қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламасы

Қазақстанның халықаралық аренадағы өкілдігін арттыру. Кемінде 10 волонтердің шетелге сапары

45.

Оң практика алмасу мақсатында волонтерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесін талдау

ақпараттық-талдамалық материалдар

АҚДМ, СІМ, БҰҰЕ (келісу бойынша)

2021 – 2023 жылдар

қаржыландыруды талап етпейді

-

волонтерлікті дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру кезінде есепке алу мақсатында талдамалық базаны қалыптастыру

46.

"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын ұйымдастыру

сыйлықты табыстау рәсімі

АҚДМ, СІМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар

2021 жылы – 17 469,0* 2022 жылы – 17 557,0**2023 жылы – 17 557,0**

РБ 004* "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым - қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламасы

волонтерлік қызметтің беделін арттыру, марапатталатын адамдар саны – 48 адам, қатысушылар саны – 1000 белсенді волонтер

V. Волонтерлікті дәріптеу

47.

Өңірлердегі волонтерліктің оң практикасын жинау, талдау, қорытындылау және елдегі тәжірибені мультипликациялау

оң тәжірибелер жинағы

АҚДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "ҰВЖ" ЗТБ (келісу бойынша)

2021 – 2023 жылдар

қаржыландыруды талап етпейді

-

жыл сайын кемінде 50 оң тәжірибе

48.

Волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған имидждік іс-шаралар өңірлік деңгейде өткізу

конкурстар, семинарлар, тренингтер

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

әр өңірден 50-ден астам волонтер қамту

49.

Талдамалық мақалаларды баспа БАҚ-та жариялау және елдегі волонтерлікті дамыту бойынша телеарналарда жаңалықтар/өзге де сюжеттерді тарату

дайджестер

АҚДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар

көзделген қаражат шегінде

РБ 003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу"

волонтерлік қызметті насихаттау

      Ескертпе:

      * Шығыстар 2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатын болады.

      ** Шығыстар 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатын болады.


      аббревиатуралардың толық жазылуы:

АҚДМ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Әділетмині

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

БҒМ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

БҰҰЕ

Біріккен Ұлттар Ұйымының Еріктілер бағдарламасы

ДСМ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Еңбекмині

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЖБ

жергілікті бюджет

ЖОО

жоғары оқу орны

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Қорғанысмині

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

МСМ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

РБ

республикалық бюджет

СЖРА

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

СІМ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

ТЖМ

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

"ҰВЖ" ЗТБ

"Ұлттық волонтерлер желісі" заңды тұлғалар бірлестігі

ҮЕҰ

үкіметтік емес ұйымдар

ІІМ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

ЭГТРМ

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

БҰҰ БА

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады