"Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 3 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 79-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 147-ө өкімі.

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 3 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 79-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 3 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

"Дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымды айқындау туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СІМ

2021 жылғы мамыр

Аппарат басшысы

      ".

      Премьер-Министр А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады