Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы бойынша талдамалық кеңес құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 169-ө өкімі.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалык одаққа қатысуы бойынша талдамалық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы15 қазандаға
№ 169-ө-өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы бойынша талдамалық кеңес туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы бойынша талдамалық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - ЕАЭО) шеңберінде Қазақстан Республикасының ұлттық экономикалық мүдделерін проактивті қорғау және ілгерілету мақсатында құрылады.

      2. Кеңес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Кеңес отырыстары қажетіне қарай, бірақ жылына бір реттен сиретпей өткізіледі.

      5. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

2-тарау. Кеңестің негізгі міндеттері

      6. Кеңес міндеті Қазақстан Республикасының ЕАЭО-ға қатысуы шеңберінде стратегиялық сипаттағы мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады, атап айтқанда:

      1) ұлттық өкілеттіктерді ұлттық деңгейден жоғары органның (Еуразиялық экономикалық комиссия) құзыретіне беру жөнінде;

      2) интеграциялық процестерді тереңдету және/немесе кеңейту бойынша;

      3) ЕАЭО құқықтық базасының шеңберінен тыс өзге де мәселелер.

3-тарау. Кеңес қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен.

      8. Мемлекеттік органдардың Кеңес отырысына оларды Еуразиялық экономикалық комиссияның отырыстарында одан әрі қарауға қатысты бастамашылық ұсыныстарды шығаруы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасың Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 15 қазандағы
№ 169-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы бойынша талдамалық кеңестің құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268; 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен; ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен; 17.07.2024 № 571 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, тең төраға

      Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, тең төраға (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі, төрағалардың орынбасары

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Экономикалық интеграция департаментінің директоры, хатшы;

      тұрақты мүшелері - мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орынбасарлары:

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері (Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімі, Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы, Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі, Сыртқы саясат бөлімі) (келісу бойынша)

      тұрақты емес мүшелер - мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орынбасарлары:

      Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады