1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын және ай сайын келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігін хабардар етіп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және келесі тоқсандағы айдың 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 184-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапалы және уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 қаулысына толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2021 жылғы желтоқсан | Қ.А. Ерғалиев |
2. | "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2021 жылғы желтоқсан | Қ.М. Сәрсембаев |
3. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2021 жылғы желтоқсан | Қ.М. Сәрсембаев |
4. | "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендеріне қажеттілігін болжау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы | БҒМ | 2021 жылғы желтоқсан | Ш.Т. Каринова |
5. | "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы | БҒМ | 2021 жылғы желтоқсан | Ш.Т. Каринова |
6. | "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы | БҒМ | 2021 жылғы желтоқсан | Ш.Т. Каринова |
7. | "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы | БҒМ | 2021 жылғы желтоқсан | Б.А. Асылова |
8. | "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы | БҒМ |
2021 жылғы желтоқсан | Б.А. Асылова |
9. | Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы | БҒМ |
2021 жылғы желтоқсан | Ш.Т. Каринова |
10. | Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы | БҒМ | 2021 жылғы желтоқсан | Ш.Т. Каринова |
11. | Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы | БҒМ | 2021 жылғы желтоқсан | Ш.Т. Каринова |
12. | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бірқатар бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы | БҒМ | 2021 жылғы желтоқсан | Ш.Т. Каринова Б.А. Асылова Қ.М. Сәрсембаев |
13. | "Скрининг ұйымдастыру бекіту туралы ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2021 жылғы желтоқсан | А. Ғиният |
14. | "Баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 708 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 832 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің және Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығы |
БҒМ | 2021 жылғы желтоқсан |
Б.А. Асылова |
15. | "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2021 жылғы желтоқсан | Р.К. Сәкеев |
16. | "Психологиялық және әлеуметтік жұмыс" кәсіптік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 292 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2021 жылғы желтоқсан | Р.К. Сәкеев |
17. | "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2021 жылғы желтоқсан | Р.К. Сәкеев |
18. | "Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2021 жылғы желтоқсан | Р.К. Сәкеев |
19. | "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2021 жылғы желтоқсан | Р.К. Сәкеев |
20. | "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 2 қаулысының күші жойылды деп тану туралы | Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы | Жамбыл облысының әкімдігі | 2021 жылғы желтоқсан | Б.М. Сапарбаев |
21. | "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидаларын бекіту туралы" Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 46/01 қаулысының күші жойылды деп тану туралы | Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің қаулысы | Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігі | 2021 жылғы желтоқсан | А.И. Халтонов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі.