1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі, қорғаныс және ғылымды қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылдасын және тізбеде белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігін хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 41-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі, қорғаныс және ғылымды қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орын-дау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | БҒМ | 2022 жылғы қаңтар | Қ.А. Ерғалиев |
2. | "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2022 жылғы қаңтар | Қ.А. Ерғалиев |
3. | "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2022 жылғы қаңтар | Қ.А. Ерғалиев |
4. | "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2022 жылғы қаңтар | Қ.А. Ерғалиев |
5. | "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2022 жылғы қаңтар | Қ.А. Ерғалиев |
6. | "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2022 жылғы қаңтар | Қ.А. Ерғалиев |
7. | Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2022 жылғы қаңтар | Қ.А. Ерғалиев |
8. | Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2022 жылғы қаңтар | Қ.А. Ерғалиев |
9. | Апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2022 жылғы қаңтар | Қ.А. Ерғалиев |
10. | Әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторын айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қорғанысмині | 2022 жылғы қаңтар | Д.Ш.Тұяқов |
11. | Әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілген əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ету шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қорғанысмині | 2022 жылғы қаңтар | Д.Ш.Тұяқов |
12. | "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИИДМ | 2022 жылғы қаңтар | М.К. Қарабаев |
13. | "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ | 2022 жылғы ақпан | А.Ғ. Хасенов |
14. | "Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына толықтыру енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині | 2022 жылғы қаңтар | Д.М. Кеңбейіл |
15. | Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині, ЦДИАӨМ | 2022 жылғы ақпан | М.Е. Сұлтанғазиев |
16. | "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қорғанысмині | 2022 жылғы қаңтар | Д.Ш.Тұяқов |
17. | "Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИИДМ, | 2022 жылғы қаңтар | Ә.З. Сәрсембаев |
18. | "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісу бойынша) | 2022 жылғы ақпан | Б.Ш. Шолпанқұлов |
19. | "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісу бойынша) | 2022 жылғы ақпан | Б.Ш. Шолпанқұлов |
20. | Еңбегіне ақы төлеу базалық қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын жетекші ғалымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы | БҒМ | 2022 жылғы ақпан | Қ.А. Ерғалиев |
21. | Апелляциялық комиссияның құрамын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы | БҒМ | 2022 жылғы ақпан | Қ.А. Ерғалиев |
22. | Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы | БҒМ | 2022 жылғы ақпан | Қ.А. Ерғалиев |
23. | Әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы | Қорғанысмині | 2022 жылғы ақпан | Д.Ш.Тұяқов |
24. | Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілерін қоспағанда, әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілетін әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы | Қорғанысмині | 2022 жылғы ақпан | Д.Ш.Тұяқов |
25. | Оқ-дәрілерді дереу жоюды қажет ететін оқ-дәрілерге жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы | Қорғанысмині | 2022 жылғы ақпан | Р.Н. Шпекбаев |
26. | Дереу жоюды қажет ететін оқ-дәрілерді жою ережелерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы | Қорғанысмині | 2022 жылғы ақпан | М.Р. Құсайынов |
27. | "Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы | ЦДИАӨМ | 2022 жылғы ақпан | А.Е. Оразбек |
28. | "Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы | ЦДИАӨМ | 2022 жылғы ақпан | А.Е. Оразбек |
29. | "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2022 жылғы ақпан | А.К. Әмрин |
30. | "Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2022 жылғы ақпан | М.К. Қарабаев |
31. | Кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер, толықтырулар енгізу және оны бұзу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімнің үлгілік нысанын бекіту туралы | бірлескен бұйрық | ИИДМ, ЭМ | 2022 жылғы ақпан |
М.К. Қарабаев, |
32. | "Көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран, көмір өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде есептердің нысандарын және оларды ұсыну Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2022 жылғы ақпан | А.Ғ. Хасенов |
33. | "Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2022 жылғы ақпан | А.Ғ. Хасенов |
34. | "Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы ақпан | Д.М. Кеңбейіл |
35. | Келісу комиссиясының үлгілік ережесі мен жұмыс тәртібін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы ақпан | Д.М. Кеңбейіл |
36. | Сараптама комиссиясын не сарапшыны тарту қажет болатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы ақпан | Д.М. Кеңбейіл |
37. | Электрондық тауарлар каталогінен мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылатын тауарлар тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы ақпан | Д.М. Кеңбейіл |
38. | Негіздемелік келісім пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы ақпан | Д.М. Кеңбейіл |
39. | Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы ақпан | Д.М. Кеңбейіл |
40. | "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы ақпан | Д.М. Кеңбейіл |
41. | "Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 104 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы ақпан | Д.М. Кеңбейіл |
42. | "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 693 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы ақпан | Д.М. Кеңбейіл |
43. | Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидаларын және оған қойылатын талаптарды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині, ЦДИАӨМ | 2022 жылғы ақпан | М.Е. Сұлтанғазиев |
44. | "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 224 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы ақпан | Е.Т. Мыңжасаров |
45. | "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2022 жылғы ақпан | Ә.Е. Әбдіқадыров |
46. | Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2022 жылғы қараша | Д.М. Кеңбейіл |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.