Қазақстан Республикасының "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 30 желтоқсандағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 45-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы", "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" және "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 30 желтоқсандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және ай сайын, келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін хабардар етіп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тоқсанның қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және келесі тоқсандағы айдың 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 4 наурыздағы
№ 45-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 30 желтоқсандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі


Р/с№ Құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі Құқықтық актілердің сапалы, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам
1 2 3 4 5 6

1.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭГТРМ

2022 жылғы ақпан

Ә.Л. Шалабекова

2.

Жануарларды жануарларға арналған панажайларда, зоологиялық жатынжайларда, жануарларды уақытша ұстау пункттерінде, жануарларға арналған оңалту орталықтарында, зоологиялық питомниктерде, контактілі зоопарктерде, жылжымалы хайуанаттар бақтарында ұстау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ

2022 жылғы наурыз

Ә.Л. Шалабекова

3.

Жануарларды мәдени-ойын-сауық мақсаттарында пайдалану және оларды ұстау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ

2022 жылғы наурыз

Ә.Л. Шалабекова

4.

Өздерінің мекендеу ортасына қайтару мүмкін емес, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайлардағы жабайы жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ

2022 жылғы наурыз

Ә.Л. Шалабекова

5.

Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ

2022 жылғы наурыз

Ә.Л. Шалабекова

6.

Жануарларға арналған панажайлар қызметінің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ

2022 жылғы наурыз

Ә.Л. Шалабекова

7.

Жануарларға арналған панажайларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ

2022 жылғы наурыз

Ә.Л. Шалабекова

8.

Жануарларды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ, АШМ

2022 жылғы наурыз

Ә.Л. Шалабекова,
Р.Ж. Құрманов

9.

Үй жануарларын есепке алу қағидаларын және есепке алуға жататын үй жануарлары-ның тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ, АШМ

2022 жылғы наурыз

Ә.Л. Шалабекова,
Р.Ж. Құрманов

10.

Тұрғынжайларда ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ

2022
жылғы наурыз

Ә.Л. Шалабекова

11.

Жануар иесінің ерекше жауапкершілі-гін талап ететін үй жануарлары-ның тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ
 

2022
жылғы
наурыз

Ә.Л. Шалабекова

12.

Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ

2022 жылғы наурыз

Ә.Л. Шалабекова

13.

Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргізу, сондай-ақ жеке тұлғаларға жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ, АҚДМ

2022 жылғы наурыз

Ә.Л. Шалабекова,
А.Б. Шайназарова

14.

Қаңғыбас жануарларды вакцинациалау және стерилизациялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ, АШМ

2022 жылғы наурыз

Ә.Л. Шалабекова,
Р.Ж. Құрманов

15.

Еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын басқа жануарларды қоректендіру үшін пайдаланылатын жануарлардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ

2022 жылғы наурыз

Ә.Л. Шалабекова

16.

Үй жануарларын асырау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекіту туралы

облыс, республикалық маңызы бар қала және астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттарының шешімдері

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖАО

2022 жылғы мамыр

облыс, республикалық маңызы бар қала және астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

      ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады