"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № 117-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлеп, белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі мен қабылдануы туралы ақпаратты өздерінің интернет-ресурстарында орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Заңды іске асыру бойынша жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және айдың 5-і күнінен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырсын.

      4. Осы өкім оның 2022 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енетін 2-тармағының 3) тармақшасын және 3-тармағын қоспағанда, қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 26 шілдедегі
№ 117-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілер тізбесі

Р/с № Құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам
1 2 3 4 5 6

1

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

Н.А. Әбдірахманов

2

"Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 284 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҒЖБМ, ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

Жетекшілік ететін вице-министр М.Ж. Хаджиева

3

"Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2022 жылғы қараша

М.Ш. Қожаев

4

Жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттарға қойылатын ең төмен талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

5

Сақтандыру омбудсманын сайлау және қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

6

"Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша), ЦДИАӨМ

2022 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева Ә.Н. Тұрысов

7

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2023 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

8

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

9

Сақтандыру жағдайларын реттеу қағидаларын, реттеудің оңайлатылған тәртібінің шарттары мен мерзімдерін, әрбір жекелеген сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті мөлшерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларация нысанын және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар мен оған қоса берілетін мәліметтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2023 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

10

Міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесін, Сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

11

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының меншікті активтері, "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты, зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қаржы активтерін бағалау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

12

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

13

Білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша есептеу сомасын есептеу, сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың есептемесі мен тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

14

Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғаларды білікті инвесторлар деп тану қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың білікті инвесторлар болып табылмайтын жеке тұлғаларға қызметтер көрсету ерекшеліктерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

15

Базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру қорытындылары туралы хабардар ету, сондай-ақ депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы хабардар ету нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы тамыз

М.Ж. Хаджиева

16

Дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру қағидаларын, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметкеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

17

"Банкке және (немесе) банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша), ҰЭМ, ЦДИАӨМ

2022 жылғы қараша

О.Т. Қизатов Т.М. Жақсылықов Ә.Н. Тұрысов

18

"Банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидалары мен банкті ашуға рұқсат беруден бас тарту негіздерін, Банктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензиялау, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуді лицензиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша), ҰЭМ, ЦДИАӨМ

2022 жылғы қараша
 

О.Т. Қизатов
Т.М. Жақсылықов
Ә.Н. Тұрысов

19

"Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша), ҰЭМ, ЦДИАӨМ

2022 жылғы қараша
 

О.Т. Қизатов
Т.М. Жақсылықов
Ә.Н. Тұрысов

20

Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттар тізбесін, микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын алуға арналған өтініштің, рұқсаттың нысандарын және мәліметтердің нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша), ҰЭМ, ЦДИАӨМ

2022 жылғы қараша

Н.А. Әбдірахманов
Т.М. Жақсылықов
Ә.Н. Тұрысов

21

Білім беру жинақтау сақтандыруы үлгілік шартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы

ҒЖБМ, АРРФР (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

Жетекшілік ететін вице-министр М.Ж. Хаджиева

22

"Білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы

ҒЖБМ

2022 жылғы қараша

Жетекшілік ететін вице-министр

23

"Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы

ҒЖБМ

2022 жылғы қараша

Жетекшілік ететін вице-министр

24

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

25

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша
 

М.Ж. Хаджиева
 

26

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қыркүйек
 

М.Ж. Хаджиева
 

27

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мемлекеттік емес бағалы қағаздарды шығару және олардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша), ЦДИАӨМ

2022 жылғы қараша
 

М.Ж. Хаджиева
 

28

"Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану, сараптама комитетін жасақтау және оның жұмыс жасау қағидаларын, сондай-ақ оның сандық құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 319 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша
 

М.Ж. Хаджиева
 

29

Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

30

Шетелдік кәсіптік ұйымдар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

Н.А. Әбдірахманов

31

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша), ҰЭМ, ЦДИАӨМ

2022 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева
Т.М. Жақсылықов
Ә.Н. Тұрысов

32

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

33

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтау сақтандыру өнімдерін реттеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

34

"Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу қағидаларын, Сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар ету қағидаларын және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 50 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2023 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

35

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

36

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

37

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

Д.В. Вагапов

38

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

Б.Ш. Шолпанқұлов

39

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

Б.Ш. Шолпанқұлов

40

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

41

"Жасыл", әлеуметтік облигацияларды, орнықты даму облигацияларын және орнықты дамумен байланысты облигацияларды орналастырудан түсетін кірістер мен қаражатты пайдалану мен бөлуге және олардың облигацияларды шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламада және (немесе) облигацияларды шығару шарттарында мәлімделген мақсаттарға сәйкестігіне қатысты бағалау мен талдау жүргізу (верификация) үшін ұйымдарды айқындау туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

42

"Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын таргеттелетін шығындылықтың және анықтық факторының мөлшерлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2023 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

43

"Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын түзету коэффициенттерінің мөлшерлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2023 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

44

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

Д.В. Вагапов

45

Сенімгерлік басқаруға берілген және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепке алынатын активтерді басқарудан түсетін инвестициялық кірісті бөлу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2022 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

46

Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде көлік құралдарын сақтандырушының қарап-тексеру қағидаларын, шарттарын және мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2023 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

47

Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2023 жылғы қараша

М.Ж. Хаджиева

      Ескертпе: аббревиатураларың толық жазылуы:

      ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

      ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады