"Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № 150-ө өкімі.

      "Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)";

      "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)";

      "Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының судьясы (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы (келісу бойынша)".

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады