1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдасын, қорытсын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
Премьер-Министр Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 58-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілерді сапалы, уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | МҚІА (келісім бойынша) | 2023 жылғы мамыр | А.С. Жолманов |
2 | Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидаларын бекіту туралы және "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | МҚІА (келісім бойынша) | 2023 жылғы мамыр | А.С. Жолманов |
3 | Келісімшарттық қызметшілерді тарту қағидаларын, келісімшарттық қызметшілер тартылатын жобалардың түрлерін, еңбекке ақы төлеу шарттары мәселелерін және олардың қызметін реттеудің өзге де мәселелерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МҚІА (келісім бойынша) | 2023 жылғы мамыр | А.С. Жолманов |
4 | Басқа елді мекенге ротацияланған мемлекеттік қызметшілердің тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, қайтару, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МҚІА (келісім бойынша) | 2023 жылғы мамыр | А.С. Жолманов |
5 | "Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 687 қаулысының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МҚІА (келісім бойынша) | 2023 жылғы мамыр | А.С. Жолманов |
6 | "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МҚІА (келісім бойынша) | 2023 жылғы мамыр | А.С. Жолманов |
7 | Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығы | МҚІА (келісім бойынша), Еңбекмині | 2023 жылғы мамыр | С.С. Мүксімов, А.Ә. Сарбасов |
8 | Мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтықтан жұмысты, аралас қашықтықтан жұмысты, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығы | МҚІА (келісім бойынша), Еңбекмині | 2023 жылғы мамыр | С.С. Мүксімов, А.Ә. Сарбасов |
9 | Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығы | МҚІА (келісім бойынша) | 2023 жылғы мамыр | А.С. Жолманов |
10 | Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығы | МҚІА (келісім бойынша), ҰЭМ | 2023 жылғы мамыр | А.С. Жолманов, Б.Б. Омарбеков |
11 | "Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы" Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 15 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығы | МҚІА (келісім бойынша) | 2023 жылғы мамыр | А.С. Жолманов |
12 | "Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді бекітудің тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығы | МҚІА (келісім бойынша) | 2023 жылғы мамыр | А.С. Жолманов |
13 | "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығы | МҚІА (келісім бойынша) | 2023 жылғы мамыр | Ә.Ғ. Ахмедьяров |
14 | "Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы | БП (келісім бойынша) | 2023 жылғы мамыр | Ә.Қ. Шындалиев |
15 | "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 40/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы | ЦДИАӨМ | 2023 жылғы мамыр | А. Ш. Кенжеғалиев |
16 | "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 1140 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2023 жылғы мамыр | С.Ә. Ерсейiтова |
17 | "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 571 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің | Еңбекмині | 2023 жылғы мамыр | А.Қ. Дюсенова |
Ескерпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині –Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.