Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференцияны және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясын дайындау және өткізу мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 116-ө өкімі.

      2023 жылғы 22 – 23 қазан аралығында Алматы декларациясы қабылдануының 45 жылдығына және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) жөніндегі Астана декларациясы қабылдануының 5 жылдығына арналған МСАК жөніндегі жаһандық конференцияны және 2023 жылғы 24 – 26 қазан аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – ДДҰ) Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясын тиімді ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) МСАК жөніндегі жаһандық конференцияны және ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясын өткізу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы;

      2) МСАК жөніндегі жаһандық конференцияны және ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясын өткізу жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Iс-шаралар жоспары) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша) Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Б. Дүйсеноваға жүктелсін.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 31 шілдедегі
№ 116-ө өкімімен
бекітілген

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференцияны және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясын өткізу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Астана қаласы әкімінің орынбасары

      Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

      Ақмола облысы әкімінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 31 шілдедегі
№ 116-ө өкімімен
бекітілген

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференцияны және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясын өткізу жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспары

Р/с

 
Іс-шаралар Аяқтау нысаны Жауапты орындаушылар Орындау мерзімі
1 2 3 4 5

1.

2023 жылғы 24 қазанда ЕӨК-73 жалпы отырысына Мемлекет басшысының қатысуы мәселесін пысықтау

қатысу

ҮА, ДСМ, СІМ, МКҚ

2023 жылғы
24 қазан

2.

2023 жылғы 23 қазанда МСАК ЖК жалпы отырысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қатысуы мәселесін пысықтау

қатысу

ҮА, ДСМ, МКҚ

2023 жылғы
23 қазан

3.

Мемлекет басшысының сөз сөйлеу жобасын дайындау

сөз сөйлеу жобасы

ДСМ

2023 жылғы қыркүйек

4.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің сөз сөйлеу жобасын дайындау

сөз сөйлеу жобасы

ДСМ, ҮА

2023 жылғы қыркүйек
 

5.

МСАК ЖК (23 қазан) және ЕӨК-73 (24 қазан) ашылу салтанатында және жол жүру маршруттары бойынша іс-шараның ресми тұлғаларын алып жүруді ұйымдастыру

алып жүру

МКҚ (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша), ІІМ

2023 жылғы
21 – 27 қазан

6.

Халықаралық ұйымдардың басшыларын (ДДҰ бас директоры, ЮНИСЕФ атқарушы директоры және т.б.), шет мемлекеттердің өкілдерін шақыру, олардың қатысуын қамтамасыз ету және қосымша келіссөздер жүргізу

халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуы

ДСМ, СІМ, Астана қаласының әкімдігі

2023 жылғы шілде – қыркүйек

7.

Ел басшылығының жоғары деңгейдегі қонақтармен/ қатысушылармен екіжақты кездесулерін ұйымдастыру

кездесулер графигі

СІМ, ДСМ

2023 жылғы
21 – 27 қазан

8.

МСАК ЖК және ЕӨК-73 шеңберінде хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету

хаттамалық іс-шаралар графигі

ДСМ, СІМ

2023 жылғы
21 – 27 қазан

9.

Шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық корпусының, Қазақстан рсепубликасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізу

брифинг бағдарламасы

ДСМ, СІМ

2023 жылғы тамыз

10.

Шетелдік және ұлттық БАҚ-та іс-шараларды жариялауды, баспасөз орталығын ұйымдастыруды, баспасөз-анонсы мен баспасөз-релизін таратуды қамтамасыз ету

медиа-жоспар

АҚДМ, ДСМ, СІМ

2023 жылғы қазан

11.

Қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде Қазақстан Республикасындағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек туралы бейнефильм жасау

бейнефильм

АҚДМ, ДСМ

2023 жылғы шілде
 

12.

Қазақстан Республикасында МСАК көшбасшыларының сұхбаттарын ұйымдастыру

сұхбат жазбасы

АҚДМ, ДСМ

2023 жылғы
шілде – тамыз

13.

Шетелде МСАК көшбасшыларының сұхбаттарын ұйымдастыру

сұхбат жазбасы

СІМ, ДСМ

2023 жылғы шілде – тамыз

14.

Іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру

ақпарат

ДСМ, ДДҰ (келісу бойынша)

2023 жылғы қазан

15.

Іс-шаралар бағдарламасы мен контентін дайындау

іс-шаралар бағдарламасы

ДСМ, ДДҰ (келісу бойынша)

2023 жылғы қыркүйек – қазан

16.

Мына:
жоғары деңгейдегі қатысушылардың;
шетелдік қатысушылардың (мақсатты аудитория – 550 адам);
қазақстандық қатысушылардың (мақсатты аудитория – 100 адам) тізімдерін қалыптастыру

қатысушылардың тізімі

ДСМ, СІМ, ДДҰ (келісу бойынша)

2023 жылғы қазан

17.

Шетелдік делегаттарға визалық қолдауды ұйымдастыру

шетелдік делегаттарға арналған визалар

ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша)

2023 жылғы қыркүйек – қазан

18.

Шақырылған адамдардың Қазақстанға келуіне, болуына және шығуына визалар беру

шетелдік делегаттарға арналған визалар

СІМ, ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша)

2023 жылғы қыркүйек – қазан

19.

Іс-шараларға қатысушыларды жедел кедендік шекаралық бақылауды / ресімдеуді қамтамасыз ету

іс-қимыл жоспары

ҰҚК ШҚ (келісу бойынша), Қаржымині
 
 

2023 жылғы
қазан

20.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайындағы VIP өту арқылы жоғары деңгейдегі ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерін қарсы алу мен шығарып салуды ұйымдастыру (метеожағдайлар нашар болған жағдайда Қарағанды қаласының әуежайы резервтік нұсқа ретінде)

ұшып келу/ұшу кету кестесі

ҰҚК ШҚ (келісу бойынша), ИИДМ

2023 жылғы
21 – 27 қазан

21.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайын, Астана қаласының көшелерін және іс-шаралар өткізу орындарын (таған, баннерлер, билбордтар, LED-дисплейлер және т.б.) безендіру

қаланы безендіру эскизі, билбордтар

Астана қаласының әкімдігі, ДСМ

2023 жылғы
21 – 27 қазан

22.

Hilton Astana қонақ үйінің базасында МСАК ЖК өткізу орнын ұсыну мәселесін пысықтау

үй-жайларды жалға алу туралы шарт

Астана қаласының әкімдігі, ДСМ

2023 жылғы шілде – тамыз

23.

Іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын ұйымдастыру

кофе-брейктер, түскі ас графиктері

Астана қаласының әкімдігі, ДСМ

2023 жылғы
22 – 26 қазан

24.

Делегаттар мен ресми тұлғалар үшін қонақүй нөмірлерін арнайы бағамен брондауды ұйымдастыру (650 адам)

нөмірлерді брондау

Астана қаласының әкімдігі

2023 жылғы
21 – 27 қазан

25.

Астана қаласына халықаралық рейстердің жиілігін арттыруды пысықтау (ағымдағы геосаяси жағдайларда)

халықаралық рейстер графигі

ИИДМ

2023 жылғы қазан

26.

Ірі авиакомпаниялармен (Air Astana, Turkish Airlines және т.б.) шетелдік делегаттар үшін чартерлік рейстерді ұйымдастыру бойынша мәселесін пысықтау

чартерлік рейстер графигі

ИИДМ

2023 жылғы қазан

27.

Ресми делегациялардың Қарағанды қаласының әуежайынан Астана қаласына дейін жол жүруі (метеожағдайлар нашар болған жағдайда Қарағанды қаласының әуежайы резервтік нұсқа ретінде)

ақпарат

ИИДМ, ІІМ (Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп)

2023 жылғы
21 – 27 қазан

28.

Қарсы алу/шығарып салу, делегация басшыларын (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар) алып жүру үшін лиазон-офицерлерді ұсыну

қарсы алу/шығарып салу графиктері

ДСМ, СІМ

2023 жылғы
21 – 27 қазан

29.

Іс-шаралардың делегаттары мен ресми тұлғаларына көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету (ақылы негізде)

көліктік қызмет көрсету графиктері

ПІБ (келісу бойынша)

2023 жылғы
21 – 27 қазан

30.

Іс-шаралар, қабылдаулар, делегаттар тұратын жерлерде қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету

іс-қимыл жоспары

ІІМ, Астана қаласының әкімдігі

2023 жылғы
21 – 27 қазан

31.

Шетелдік делегаттарды қосу үшін онлайн-алаңды қамтамасыз етуге жәрдемдесу

онлайн-алаң

ЦДИАӨМ

2023 жылғы қыркүйек – қазан

32.

Делегаттар тұратын және іс-шаралар өткізілетін орындарда жоғары жылдамдықты интернетпен, байланыспен қамтамасыз ету

ақпарат

ЦДИАӨМ

2023 жылғы
21 – 27 қазан

33.

Астана қаласы әкімінің атынан концерттік бағдарламаны (2023 жылғы 22 қазан) өткізе отырып, ресми қабылдауды ұйымдастыру

ресми қабылдау бағдарламасы

Астана қаласының әкімдігі, МСМ

2023 жылғы 22 қазан
 
 
 

34.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан концерттік бағдарламаны (2023 жылғы 23 қазан) өткізе отырып, ресми қабылдауды ұйымдастыру

ресми қабылдау бағдарламасы

ҮА, МСМ

2023 жылғы 23 қазан

35.

ЕуроДДҰ өңірлік директорының атынан ресми қабылдауға арналған орынды брондауға қолдау көрсету (2023 жылғы 24 қазан)

ақпарат

Астана қаласының әкімдігі

2023 жылғы қазан

36.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің атынан концерттік бағдарламаны (2023 жылғы 25 қазан) өткізе отырып, ресми қабылдауды ұйымдастыру

ресми қабылдау бағдарламасы

ДСМ

2023 жылғы 25 қазан

37.

Астана қаласы мен Ақмола облысының МСАК медициналық ұйымдарына баруды ұйымдастыру

бару бағдарламасы

ДСМ, Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдіктері

2023 жылғы
21 – 27 қазан

38.

Қазақстан Республикасында МСАК жетістіктері көрмесін ұйымдастыру

көрме жоспары

ДСМ

2023 жылғы
23 – 26 қазан

39.

Жоғары технологиялық медициналық ұйымдардың 3D бейне-турын дайындау

3D бейне-туры

ЦДИАӨМ, ДСМ

2023 жылғы
21 – 27 қазан

40.

Мәдени бағдарламаны өткізуді, көрікті жерлерге, оның ішінде мәдени және ұлттық игілік обьектілеріне баруды қамтамасыз ету

бару жоспары

МСМ

2023 жылғы 27 қазан

41.

Қазақстан Рсепубликасы Сыртқы істер министрлігінің 006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде МСАК жөніндегі жаһандық конференцияны және ДДҰ ЕӨК-73 сессиясын өткізуге қаржы қаражатын бөлу

қаржы қаражатын бөлу

СІМ

2023 жылғы қыркүйек – қазан

42.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің Астанадағы (Қазақстан Республикасы) 73-сессиясын ұйымдастыру туралы келісімге сәйкес ДДҰ-ға траншты төлеу (қол қойылғаннан кейін 50 %,
ЕӨК-73 өткізу алдында 50 %)

траншты төлеу

СІМ

2023 жылғы шілде,
2023 жылғы қазан

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      ДДҰ – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      ЕӨК-73 –Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік комитетінің 73-сессиясы

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Қаржымині МКК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

      МКҚ – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі

      МСАК – медициналық-санитариялық алғашқы көмек

      МСАК ЖК – Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференция

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      ПІБ – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      ҰҚК ШҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

      ҮА – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады