"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 5-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлеп, белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей, жиынтық ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 23 қаңтардағы
№ 5-ө өкімімен
бекітілген

Қабылдануы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі


Р/с

Құқықтық
актінің атауы

Құқықтық
актінің нысаны

Орындауға
жауапты
мемлекеттік
орган

Орын
дау мерзімi

Құқықтық актінің сапалы және уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам


1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
28 қазандағы № 1118 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СІМ

2024 жылғы ақпан

Ә.Ә. Бақаев
 

2.

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі
№ 310 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2024 жылғы ақпан

Е.Қ. Тасжүреков

3.

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2024 жылғы ақпан

Е.Е. Біржанов

4.

"Биржада бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыру өлшемшарттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2022 жылғы 17 қарашадағы № 911 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҚНРДА
(келісу бойынша)

2024 жылғы ақпан

М.Ж. Хаджиева

5.

"Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерін бекіту туралы" 2019 жылғы 20 ақпандағы № 74 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СІМ
 

2024 жылғы ақпан

Ә.Ә. Бақаев

6.

Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және ұсынылатын мәліметтердің тізбесін беру қағидаларын бекіту туралы

бірлескен бұйрық

ЦДИАӨМ, Қаржымині

2024 жылғы ақпан

А.С. Жамбакин, Е.Е. Біржанов
 

7.

Цифрлық активтердің құны мен түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы ақпан

Е.Е. Біржанов
 

8.

Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы берілуге жататын мәліметтердің қағидаларын, тізбесін және нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы ақпан

Е.Е. Біржанов

9.

Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің бұйрығы

СІМ,
Қаржымині,
ҰЭМ

2024 жылғы ақпан

Ә.Ә. Бақаев,
Е.Е. Біржанов,
А.К. Әмрин

10.

"Қаржылық есептілік аудиті" рәсімдік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы ақпан

Е.Е. Біржанов

11.

"Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы ақпан

Е.Е. Біржанов

12.

"Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына өгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы ақпан

Е.Е. Біржанов

13.

"Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 376 бұйрығына өгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині,
АШМ

2024 жылғы ақпан

Е.Е. Біржанов,
Е.Қ. Тасжүреков

14.

"Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы
№ 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ, Қаржымині
 

2024 жылғы ақпан

Е.Қ. Тасжүреков, Е.Е. Біржанов
 

15.

"Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімнің нысанын және оны шығару мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 411 бұйрығына өгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы ақпан

Е.Е. Біржанов

16.

"Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы

ӨҚМ

2024 жылғы ақпан

И.Ш. Шархан

17.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 776 бұйрығына өгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы ақпан

Е.Е. Біржанов

18.

"Берешек сомасы туралы хабарламалардың және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 341 бұйрығына өгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы ақпан

Е.Е. Біржанов

19.

"Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 273 бұйрығына өгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы ақпан

Е.Е. Біржанов

20.

"Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығына өгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы ақпан

Е.Е. Біржанов

21.

"Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуін шектеу және мұндай шектеуді жою туралы қағидаларын, сондай-ақ осындай шешімдердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы
15 наурыздағы № 279 бұйрығына өгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы ақпан

Е.Е. Біржанов

22.

"Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қаржы министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы
№ 578 және "Астана" халықаралық қаржы орталығы басқарушысының 2023 жылғы
23 маусымдағы № 208 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

бірлескен бұйрық

Қаржымині, АХҚО

2024 жылғы ақпан

Е.Е. Біржанов,
Р.Н. Бектұров

23.

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 130 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы

ӨҚМ

2024 жылғы ақпан

И.Ш. Шархан

24.

"Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы

ӨҚМ

2024 жылғы ақпан

И.Ш. Шархан

25.

"Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 402 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы ақпан

Е.Е. Біржанов

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АХҚО – "Астана" халықаралық қаржы орталығы;

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруарышылығы министрлігі;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі;

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;

      ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады