Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларының 26-тармағына сәйкес:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясын қайта ұйымдастыру жөнінде мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 180-ө өкімімен құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясын қайта ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссия таратылсын.
Премьер-Министр | О. Бектенов |