Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті тарату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 172-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларының 26-тармағына сәйкес:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Технологиялық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 83-ө өкімімен құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңес таратылсын.

      2. Осы өкімге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 172-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің күші жойылған кейбiр өкімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Технологиялық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 83-ө өкімі.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Технологиялық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 83-ө өкіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 қазандағы № 172-ө өкімі.

      3. "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 28 қарашадағы № 187-ө өкімінің 9-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады