Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Технологиялық саясат жөніндегі кеңес құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 83-ө өкімі.

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 98-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес:

      1. Осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.

      2. Осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 20 сәуірдегі
№ 83-ө өкіміне
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен; ҚР Премьер-Министрінің 22.10.2022 № 172-ө өкімімен; ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, төраға орынбасары

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан мұнай сервистік компаниялары одағының төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті (келісу бойынша)

      "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының президенті (келісу бойынша)

      "UMAY Angels Club" венчурлік инвесторлар бірлестігінің өкілі (келісу бойынша)

      Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі (келісу бойынша)

      Азия Даму Банкінің Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасындағы Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі өкілдігінің директоры (келісу бойынша)

      Қазақстандағы Дүниежүзілік Банктің Астана қаласындағы офисінің цифрлық дамыту жөніндегі маманы (келісу бойынша)

      "Astana Group" холдингінің президенті (келісу бойынша)

      "Олжа Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісу бойынша)

      "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 20 сәуірдегі
№ 83-ө өкіміне
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру мақсатында құрылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып табылады.

      4. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі реттен сиретпей өткізіледі.

      5. Жұмыс органы Кеңес отырыстарына оның мүшелерін және инновациялық сала өкілдерін, кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де адамдарды (келісу бойынша) белгілі бір күн тәртібін ескере отырып шақырады.

2-тарау. Кеңестің негізгі міндеттері

      6. Кеңестің негізгі міндеттері:

      1) технологиялық даму басымдықтарын және мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау;

      2) мемлекеттік органдар үшін елдің инновациялық және технологиялық даму мәселелері бойынша ұсынымдар тұжырымдау;

      3) инновациялық жүйені және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды келісу;

      4) салалық бағыттар бойынша тұжырымдалатын мемлекеттік технологиялық саясатты қарау;

      5) мемлекеттік органдардың технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын, нысаналы технологиялық бағдарламаларды айқындау және салаларда технологиялық платформаларды ұйымдастыру жөніндегі бастамаларын қарау болып табылады.

3-тарау. Кеңес қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Кеңес қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 22.10.2022 № 172-ө өкімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады