"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Технологиялық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 83-ө өкіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 қазандағы № 172-ө өкімі.

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Технологиялық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 83-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, хатшы";

      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі";

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі";

      "Қазақстандағы Дүниежүзілік Банктің Нұр-Сұлтан қаласындағы офисінің цифрлық дамыту жөніндегі маманы (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстандағы Дүниежүзілік Банктің Астана қаласындағы офисінің цифрлық дамыту жөніндегі маманы (келісу бойынша)";

      2) көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Кеңес қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады