Әскери-техникалық мүлiктi түгендеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 13 қазан 1993 ж. N 454-ө

      Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қорғау және әскери-өнеркәсiп кешенiнiң мекемелерi мен ұйымдардың, әскери бөлiмдердiң мемлекеттiк әскери мүлкi аман сақталуын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:
      1993 жылғы 1 желтоқсанға дейiн 52605 әскери бөлiмнiң (Курчатов қаласы) объектiлерiне, әскери-техникалық мүлкiне түгендеме жүргiзсiн;
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Байқоңыр" ғарыш айлағы және "Семей", "Сарышаған" және "Ембi" полигондары бойынша арнаулы өкiлдерiн тағайындап, оларға әскери жүктердiң, техниканың және өнеркәсiп жабдықтарының өтуiн бақылау өкiлеттiгiн беретiн болсын.
      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi 1993 жылғы 1 қарашаға дейiн Курчатов қаласын және Семей сынақ полигонының алаңдарындағы объектiлердi күзетуге қабылдап алсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қаражат iздестiрiп, "Байқоңыр" ғарыш айлағында, "Семей", "Сарышаған" және "Ембi" полигондарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әскери әуежайларында кеден постыларын қалыптастырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi, Ұлттық ядролық орталығы және жергiлiктi әкiмдер мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп бұдан былай шаруашылық мақсатқа пайдалану үшiн барлық полигондардағы объектiлерге, жерлерге сараптама жасайтын болсын.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады