Мұнай өнiмдерiн тұтынушыларға берiп тұру туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 18 қараша 1993 ж. N 526-ө
1. 1993 жылғы 18 қарашадан 1994 жылғы 31 наурызға дейiн меншiк нысанына қарамастан заңды тұлғалардың қолындағы мұнай өнiмдерiн тұтынушыларға берiп тұру Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң келiсiмiмен "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы арқылы жүзеге асырылатын болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi, Алматы, Батыс Қазақстан және Тың темiр жолдары Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарынан мұнай өнiмдерiн "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының өтiнiшi бойынша ғана жөнелтетiн болсын.
Премьер-министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз