Мұнайгаз кешенiн дамыту бағдарламасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1995 жылғы 22 ақпандағы N 76-р Өкiмi

      1. Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi ұсынған Мұнайгаз кешенiн дамыту бағдарламасы  мақұлдансын.
      2. Саланың дамуын белгiлейтiн, сондықтан да маңыздылығына қарай жоғары мемлекеттiк басылымдылығы бар жобалар деп мыналар танылсын:
      "маңғыстау мұнай өңдеу зауытын салу"
      "Жаңажол газ өңдеу зауытын қайта жаңарту"
      "Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту"
      (каталитикалық крекинг қондырғысының құрылысын аяқтау).
      "Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту"
      "экспорттық мұнай желiсiн салу" (Каспий Құбыржелiсi
      Консорциумының жобасы)
      "Батыс Қазақстан-Құмкөл мұнай желiсiн салу"
      "Өзен кен орнын қалпына келтiру"
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi аталған обаларды әзiрленiп жатқан Стратегиялық маңызы бар және инфрақұрылымобъектiлерi бойынша мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасына қосатын болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi аталғанБағдарламада перспективалы жоспарлардың бiрi ретiнде мынадай жобаларды қамтитын магистральды газ құбырының желiсiн дамытудыкөздейтiн болсын:
      "Қарашығанақ-Ақтөбе-Ақмола"
      "Қостанай-Көкшетау"
      "Өр-Тобыл"
      "Шалқар-Ленинск-Қызылорда-Түркiстан"
      "Перопавл-Қарағанды"
      "Павлодар-Қарағанды"
      Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне аталған жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесiн беретiн болсын.
 
      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады