Геологиялық ақпарат туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 14 мамыр N 224-ө. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998.10.30. N 1114 қаулысымен. ~P981114
1. Қазақстан Республикасының геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Алдын ала бiлiктiлiк туралы келiсiм жасаған және Бiлiктiлiк төлемiн төлеген тендердiң шетелдiк қатысушыларына мұнайгаз саласындағы жекешелендiрiлетiн кәсiпорындар жөнiндегi қажеттi ақпаратты аталған геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасынан тысқары уақытша әкетуге арналған рұқсат құжаттарын ресiмдеп, сондай-ақ консультанттар мен Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiнiң қатысуымен жиналған ақпаратты берсiн.
Уақытша әкетуге берiлген рұқсатта тендер аяқталысымен барлық ақпаратты Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң мемлекеттiк геологиялық қорына қайтару көзделсiн.
2. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi Қазақстан Республикасынан геологиялық ақпаратты кейiн қайтарып, бажсыз әкетiлуiн бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз