Төтенше жағдайларды қаржыландыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 5 маусым N 262

      1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және оларды жою мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше жағдайларды қаржыландыруға арналған резерв қорынан 39,0 (отыз тоғыз) млн. теңге, бұдан:
      Талдықорған облысының әкiмiне селге қарсы шаралар жүргiзуге және көктемгi су тасқыны зардаптарын жою үшiн - 15,0 (он бес) млн. теңге;
      Денсаулықминiне экстремальдық медицина орталығын дамыту мен жарақтандыруға - 4,286 млн. теңге (төрт миллион екi жүз сексен алты мың теңге); <*>
      Қазгидрометке су тасқыны, қар көшкiнi мен сел жүруiн бақылау кезiнде гидрологиялық жұмыстар жүргiзуге - 4,0 (төрт) млн. теңге;
      Қарағанды облысының әкiмiне Саран қаласындағы N 2 шағын ауданының N 31 үйiнде болған газ жарылысы зардаптарын жоюға 10,0 (он) млн. теңге бөлiнсiн.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 3-абзацына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң
               1996.11.25. N 530 - өкiмiмен. R960530_
      2. Талдықорған, Қарағанды облыстарының әкiмдерi, Денсаулық сақтау министрi, Қазгидромет бастығы 1966 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне орындалған жұмыс пен жұмсалған қаражат көлемi туралы мәлiмдейтiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетi бөлiнген қаражаттың мақсатты жұмсалуына қатаң бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады