Жаппай мал санағын жүргiзу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 18 қыркүйек N 445-ө
1. Облыстардың, аудандардың, қалалардың, поселкелердiң (ауылдардың) әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi 1996 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында, шаруа (фермер) қожалықтарын және жеке аулаларын қоса, меншiк иелерiмен келiсiм бойынша, жаппай мал санағын жүргiзсiн.
Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi жауапты қызметкерлер құрамында-экономика жөнiндегi комитеттердiң, облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының және статистика жөнiндегi облыстық басқармаларының өкiлдерiнен мал санағын ұйымдастыру бойынша комиссия құрсын.
2. Мемлекеттiк статистика органдары мал санағын жүргiзу тәртiбi және есеп беру мәлiметтерiн ұсыну мерзiмi жөнiнде барлық жерде нұсқау беру жұмысын ұйымдастырсын.
3. Облыстардың, аудандардың, қалалардың, поселкелердiң (ауылдардың) әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi ұрлықтан қорғауға бағытталған шаруа (фермер) қожалығындағы, жеке ауладағы малды түгендеу, қолда жеммен, шөппен бағуды және өндiрiлген өнiмдердi өткiзу рыногы арқылы қамтамасыз ету жөнiнде халық арасында түсiндiру жұмысын жүргiзсiн және 1996-1997 жылдары, шаруашылықтардың барлық санаттарында малды түгендеудi ұйымдастырсын.
4. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мал санағын өткiзу бойынша ұйымдастырушылық және әзiрлiк жұмысын жүргiзсiн, барлық облыстық бөлiмшелердi санақ қорытындыларын шығаруға арналған қажеттi материалдармен қамтамасыз етсiн. Облыстар бойынша мал санағы мәлiметтерiн қорытып, 1996 жылғы 28 қазанға дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынатын болсын.
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi 1996 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жаппай мал санағын өткiзуге байланысты шараларға арналған Қазақстан Республикасы Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң шығындарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң операциялық шығындары (iндетке қарсы шаралар) құрамында 1996 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаржы есебiнен 500 мың теңге сомасында қаржыландырсын.
6. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жүктелсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз