2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi жалпы сомасы 500 (бес жүз) мың теңгеге дәрi-дәрмектi алып жүрушiнi, оны жинақтау мен ұшаққа тиеудi қамтамасыз етсiн.
Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы:
10 тонна 1 сорт ұнды,
10 тонна 2 сорт ұнды
10 тонна күрiштi мемлекеттiк ресурстардан босатсын және алып барушы мен оларды ұшаққа тиеудi қамтамасыз етсiн.
"Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясы ИЛ-76 ұшағын бөлсiн және iзгiлiк көмегi жүгiн Баку қаласының әуежайына жеткiзудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi iзгiлiк көмегi жүгiне белгiленген көлем шегiнде лицензия берудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi iзгiлiк көмегi жүктерi үшiн кеден бажын алмасын.
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi iзгiлiк көмегi жүктерiн күтiп алу мен арналған жерiне табыс етудi ұйымдастырсын.
6. Iзгiлiк көмегiн көрсету мен мемлекеттiк резервтiң орнын толтыру жөнiндегi көлiк және iссапар шығыстарын қоса алғандағы барлық шығыстар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше жағдайларды қаржыландыруға арналған резерв қорының есебiнен жасалсын.
Iзгiлiк көмегiн көрсету жөнiндегi аталған шығыстарды қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше жағдайларды қаржыландыруға арналған резерв қорынан Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне 5500 мың (бес миллион бес жүз мың) теңге бөлiнсiн. 7. <*> Ескерту. 7-тармақ күшiн жойды - ҚР Премьер-Министрiнiң 1996. 11.08. N 508 өкiмiмен. R960508_ Премьер-Министрдiң бiрiншi орынбасары