Қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 8 қараша N 508-ө

      1. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмiне Петропавл қаласының тұрғын үйiнде болған жарылыстың салдарын жоюға және зардап шеккендерге көмек көрсетуге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше жағдайларды қаржыландыруға арналған резервтiк қорынан 45 (қырық бес) млн. теңге бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 8 ақпандағы N 62 өкiмiнiң 1-тармағындағы "200" саны "175" санымен ауыстырылсын;
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 24 шiлдедегi N 345 өкiмiнде:
      екiншi абзацта "192" саны "166,5" санымен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацта "150" саны "124,5" санымен ауыстырылсын;
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 1 қарашадағы N 499 өкiмiнiң 7-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
      3. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi 1996 жылдың қорытындысы бойынша орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне баяндасын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюта комитетi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады