Қазақстан Республикасы Президентінің Астана қаласын сумен жабдықтау және су тазарту объектілерін салу туралы тапсырмаларын орындау және астананы сумен жабдықтау жөніндегі кезек күттірмейтін шараларды шешу мақсатында:
1. Ведомствоаралық сараптық топтың Вячеслав су қоймасынан Астана қаласының сүзгі станциясына дейін суағардың үшінші желісін бірінші кезекте салу туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. Астана қаласының әкімі:
"Вячеслав су қоймасынан Астана қаласының сүзгі станциясына дейін суағардың үшінші желісін салу" жобасына заңдарда белгіленген тәртіппен ашық конкурс ұйымдастырсын;
су есептеу құралдарын орнату, сондай-ақ ауыз суды үнемдеу және
нормадан тыс ысырапқа салуды қысқарту жөнінде жан-жақты шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлігінің Экономикалық жоспарлау комитеті Вячеслав су қоймасынан
Астана қаласының сүзгі станциясына дейін суағардың үшінші желісін салу
жобасын 1999-2001 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына
енгізсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Қасымбеков Б.