Академик Айтмұхамед Абдоллаұлы Абдуллиннің өтініші туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 21 мамыр N 67

      1. Академик Айтмұхамед Абдоллаұлы Абдуллиннің мұнай мен газға

 

геологиялық-іздестіру жұмыстарын кеңейту мәселелері жөніндегі өтінішін

қарау үшін мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:


     Әбсаметов           - Ғылым және жоғары білім министрлігінің

     Меліс Құдышұлы        департамент директорының орынбасары,

                           геология-минерология ғылымдарының

                           докторы, жетекші


     Бодоев              - Азия экономикалық зерттеулер

     Тамерлан Измайлович   орталығының директоры, геология-

                           минерология ғылымдарының кандидаты

                           (келісім бойынша)


     Воцалевский         - Қазақстан Республикасының Ұлттық

     Эдгард Славомирович   ғылым академиясы Геология ғылымдары

                           институтының бөлім меңгерушісі,

                           геология-минерология ғылымдарының

                           докторы, профессор (келісім бойынша)


     Турков              - "Қазақстанкаспийшельф" АҚ президентінің

     Олег Сергеевич        кеңесшісі, геология-минералогия

                           ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)


     Оразаева            - "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы

     Сәуле Бахтиярқызы     Геология және геофизика департаментінің

                           директоры, геология-минералогия ғылымдарының

                           кандидаты (келісім бойынша)


     Өтеев               - Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны

     Наманғали             қорғау министрлігінің Геология және жер

                           қойнауын қорғау комитеті көмірсутегі

                           шикізаты бөлімінің бастығы



 
       2. Жұмыс тобына көрсетілген мәселелер бойынша мемлекеттік басқару

 

органдарынан, кәсіпорындардан және ұйымдардан қажетті ақпарат сұратуға

құқық берілсін.

     3. Жұмыс тобы академик Айтмұхамед Абдоллаұлы Абдуллиннің

ұсыныстарын пайдалану туралы қорытындыны үстіміздегі жылдың 1

шілдесіне Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.

     4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Ғылым және жоғары білім

министрі Владимир Сергеевич Школьникке жүктелсін.


     Премьер-Министр


  Оқығандар:

Қобдалиева Н.

Омарбекова А.       






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады