Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 8 қазан N 693

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған Iс-қимыл бағдарламасын P000367_ ел экономикасының қазiргi жағдайына сәйкес келтiру мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 U000344_ Жарлығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған Iс-қимыл бағдарламасында:
      1) "3. Экономикалық өсу" басымдығында:
      "3.1. Макроэкономикалық саясат" бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ой-ниет. Yкiметтiң саясаты макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға және шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн экономикалық дамудың жоғары қарқынын қамтамасыз ететiн экономикалық орта жасауға бағытталатын болады.
      Үкiмет жыл сайынғы жалпы iшкi өнiмнiң нақты өсуiн 7-9% деңгейiнде қамтамасыз етуге, 2002 жылы инфляцияның орташа жылдық деңгейiн 5-7%-ға дейiн төмендетуге ниеттенуде.
      Тиiмдi мемлекеттік ақша-несиелiк және (фискальдық саясат, экономиканың нақты секторын қаржылық және ұйымдастырушылық сауықтыру, ақшалай кiрiстердi арттыру және халықтың салымдары үшін ынталандыратын жағдай жасау арқылы өндiрiстi технологиялық жаңарту және Қазақстан экономикасының бәсекелестiк қабiлетiн арттыру қамтамасыз етілетiн болады.
      Yкiметтің iс-қимылы. Үкiмет бюджет процесiн одан әрi жетiлдiру үшiн заңнамалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасайды. Мемлекеттiк бюджеттің көрсеткiштерiн қалыптастыру орташа мерзiмдiк сипатта болады.
      Үкiмет 2002 жылы ЖIӨ-ге 2,3% шегiнде жаңа әдiспен есептелген республикалық бюджет тапшылығын белгiлеудi қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк бюджет кiрiстерiнiң өсуi салық салынатын базаны кеңейтудiң және салық әкiмшiлiгiн жүргiзудi жетiлдiрудiң есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады. Мемлекеттiк шығыстардың айқын жүргiзiлуiн күшейту басымдықтарды неғұрлым нақты белгiлеу, нормативтiк базаны қалыптастыру және дамыту, оларды жеке секторға бере отырып, мемлекетке тән емес функциялардан дәйектi түрде бас тарту есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады.
      Өнеркәсiптiң, ауыл шаруашылығының, көлiк пен коммуникациялардың құрылымын жақсартуға бағытталған мемлекеттiк инвестициялық саясат жандандырылады.
      Үкiмет жыл сайын бюджетті қалыптастыру кезiнде зейнетақылардың, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылардың, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң және мемлекеттiк қызметшiлердiң жалақы мөлшерiн арттыру мүмкiндiгiн қарастыруға ниеттенуде.
      Нақты секторды жеделдете дамыту, өнiмдi өткiзудiң iшкi және сыртқы рыноктарын кеңейту саясатын дәйектi жүргiзу, экспортқа бағдарлау және импортты алмастыру шараларын iске асыру арқылы сауда теңгерiмінің оң сальдосын ұстауға қолдау көрсетiледi. Қызмет көрсетулердi дамыту және олардың экспортын ұлғайту жөнiнде шаралар қолданылады.
      Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуiне дайындық жөнiндегi iс-шараларды iске асыру мақсатында сауда режимiн ырықтандырудың дәйектi саясаты жүргiзiлетiн болады.
      Халықаралық сапа стандарттарына сәйкес Қазақстанда өндiрiлетiн және бәсекелестік баға бойынша сатылатын осындай тауарлардың импорты кезiнде отандық өндiрушiлердi қорғауға бағытталған саясат жүргiзiледi. Елде өндiрiлмейтiн әлеуметтiк маңызы бар тауарларға ең төменгi кеден ставкалары белгiленедi.
      Макроэкономикалық саясаттағы тұрақтылық пен сабақтастық: экономикалық жоспарлаудың көкжиегiн кеңейту мен сапасын жақсарту, тиiмдi индустриялық, аграрлық және көлiк-коммуникациялық саясат; бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдени даму бағдарламаларын қалыптастыру; мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық проблемаларын шешуге азаматтардың белсендi түрде қатысуы есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады.
      Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудiң аса маңызды құралдарының бiрi - мақсаты мемлекеттiк қорларды (жинақтаушы функция) қалыптастыру болып табылатын, сондай-ақ мемлекеттiк бюджеттiң әлемдегi бағалар конъюнктурасына тәуелдiлiгiн азайту (тұрақтандырушылық функциясы) болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс iстеуi болады. 2002 жылдан бастап шикiзат секторынан республикалық бюджетке түсетiн барлық салық түсiмдерiнiң 10% Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн болады.
      Елдiң мүдделерiн сақтау мақсатында Қазақстанның жасасқан халықаралық шарттары мен қабылдаған мiндеттемелерiн түгендеу жүргiзiледi.";
      "3.2. Ақша-несие саясаты және инфляция қарқынын төмендету" бөлiмiнде:
      бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3.2. Ақша-несие (монетарлық) саясаты";
      бiрiншi абзацта:
      бiрiншi сөйлемдегi "банктердi" деген сөз "банк жүйесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бiрiншi сөйлемдегi "дамытуға," деген сөзден кейiнгi "банктердiң" деген сөз алынып тасталып, оның орнына ", соның iшiнде банктiк емес қаржы мекемелерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi абзацтағы бiрiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Үкiмет Ұлттық Банктiң инфляцияның төмен деңгейi саясатын жүргiзуiн қолдайтын болады.";
      мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Ұлттық Банк ақша-несие саясатының жаңа режимiн - ақша базасы және алтын-валюталық активтер бойынша мақсатты көрсеткiштер белгiлеудiң қазiргi режимiнiң орнына инфляция бойынша мақсатты көрсеткiштер белгiлеудi көздейтiн инфляциялық таргеттеудi енгiзу мүмкiндiгiне ерекше назар аударатын болады.";
      үшiншi абзацта:
      бiрiншi сөйлемдегi "қайта қаржыландырудың ставкаларын төмендету" деген сөздер "қайта қаржыландырудың ставкаларын нақты түрдегi әлсiз оң мәнiнде сақтау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi сөйлемдегi "Вексельдiк рынокты дамыту" деген сөз "Вексельдiк рыноктың дами бастауы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi сөйлем алынып тасталсын;
      төртiншi абзац алынып тасталсын;
      бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жеке адамдардың мерзiмдiк салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық кепiлдендiрудiң (сақтандырудың) құрылған жүйесi халықтың банк секторына сенiмiнiң одан әрi артуын қамтамасыз етедi және соның нәтижесi ретiнде банк секторына тартылатын ақша көлемiн одан әрi кеңейте түседi. Алдағы уақытта депозиттердi кепiлдендiру жүйесiнiң қалыптасуына қарай, кепiлдендiру объектiлерi мен басқа да көрсеткiштердiң, сондай-ақ кепiлдендiру жүйесiне қатысушы банктер шеңберiнiң олардың халықаралық стандарттарға көшу жөнiндегi талаптарды орындауына қарай кеңеюi жүредi.";
      жетiншi абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Құрылған Қазақстан ипотекалық компаниясы банктер беретiн ипотекалық несиелердi қайта қаржыландыру (сатып алу) арқылы ипотекалық несиелендiрудi дамытуға жәрдемдесетiн болады.";
      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының банк жүйесiн одан әрi дамыту мақсатында 2001 жылдың аяғына қарай Екiншi деңгейдегi банктердi банк қызметiнiң халықаралық стандарттарына көшiру бағдарламасын iске асыру аяқталады.";
      оныншы абзацта:
      "2000" деген сан "2001" деген санмен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қаржы секторының тұрақтылығын нығайту мақсатында бiрыңғай қаржылық қадағалау органы құрылады.";
      он екiншi және он төртiншi абзацтар алынып тасталсын;
      он бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сақтандыру рыногының жұмыс iстеуi, сақтандыру компанияларының қызметiн қадағалау әрi реттеу жүйесiн жетiлдiру, әсiресе, Сақтандыруды қадағалау органдары халықаралық қауымдастығының принциптерiн енгiзу, капиталдандыруға, сақтандыру резервтерiнiң деңгейi мен оларды орналастырудың сенiмдiлiгiне қойылатын талаптарды арттыру бойынша нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жалғастырылады.";
      он жетiншi абзацта:
      "сәйкес келтiру көзделiп отыр" деген сөздер "сәйкес келтiру жөнiндегi жұмыс жалғастырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "3.3. Салық және бюджет саясаты" бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын:
      "3.3. Салық және бюджет (фискальдық) саясаты
      Ой-ниет. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Yкiмет экономикадағы оң үрдiстердi орнықтыруға бағытталған және салық төлеушiлер мен мемлекет арасындағы мүдделер теңгерiмiн белгiлеу арқылы бюджетке түсетiн түсiмдердiң оңтайлы деңгейiн қамтамасыз ететiн дәйектi фискальдық саясат жүргiзуге ниеттенуде. Бюджет жүйесiн реформалау, перспективалық бюджеттiк жоспарлауды енгiзу, орталықтар мен аймақтардың өзара бюджеттiк қатынастарын жетiлдiру, сыртқы қарыз алу саясатын қатайту, нормативтiк құқықтық базаны кеңейту және дамыту негiзiнде мемлекеттiк шығыстарды басқару, әлеуметтiк маңызы бар бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру, бюджет процесiн одан әрi жетiлдiру әрi регламенттеу, түпкi заем алушылардың бюджет қаражатын қайтаруына көзқарасты қатайту, мемлекеттiк борыш мөлшерiн салыстырмалы түрде қысқарту жалғастырылады.
      Үкiметтiң iс-қимылы.
      Yкiмет мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне түсiмдердiң қажеттi көлемiн қамтамасыз ету үшiн мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң олардың өзара қаржылық қатынастарындағы мүдделер теңгерiмiне қол жеткiзу саласында:
      шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiне мемлекеттiк органдардың орынсыз араласуын болдырмау мақсатында салық және кеден заңдарын ұдайы жетiлдiретiн;
      салық ауыртпалығын азайту және салық салынатын базаны кеңейту есебiнен бюджеттiң кiрiс бөлiгiн ұлғайту жөнiндегi жұмысты жалғастыратын;
      акцизделетiн өнiмдер бойынша, соның iшiнде олардың өнiмi мен айналымын мемлекеттiк реттеу жөнiндегi iс-шараларды iске асыру арқылы, салық түсiмдерiнiң толықтығын қамтамасыз ететiн;
      трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде бақылау тетiгiн жетiлдiретiн;
      шағын бизнес субъектiлерiне салық салу тетiгiн одан әрi оңайлату жөнiндегi жұмысты жалғастыратын болады.
      Кеден органдарын автоматтандырудың бірiншi кезеңiн аяқтайтын болады.
      Салық заңдары нормаларының бiрмәндi түсiндiрiлуiн, салық төлеушiлердiң оны қолдануын оңайлатуды, сондай-ақ салық тәртiбiн сақтау деңгейiн арттыруды қамтамасыз ету мақсатында жаңа Салық кодексi K010209_ қолданылатын болады.
      Мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру тұжырымдамасының және бюджетаралық қатынастар тұрақтылығы принциптерiнiң негiзiнде бюджетаралық қатынастарды одан әрi жетiлдiру жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк функцияларды орындау және бюджет қаражатын жұмсау кезiнде басқарудың әрбiр деңгейiне заң жүзiндегi өздерiнiң түсiм көздерi, өкiлеттiк пен жауапкершілік бекiтiлiп берiлетiн болады.
      Республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасындағы өзара қатынастар жергiлiктi бюджеттерден бюджеттiк алуды жүзеге асыру және дотациялық аймақтарға (Астана қаласынан басқа барлық аймақтар үшiн кiрiстердi бөлудің бiрыңғай нормативтерiмен) оларды теңестiретiн субвенциялар бөлу принциптерінде құрылады.
      Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу және борыш саласында Үкiмет бұдан әрi:
      үкiметтiк және мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландырылатын жобаларды iрiктеуге қойылатын талаптарды қатайтуға;
      заемдық ресурстарды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыруға;
      инвестициялық жобаларды iске асыруға байланысты шығыстарды оңтайландыруға, әкімшiлiк және операциялық шығындарды, сондай-ақ консультациялық қызметтер көрсетуге кететiн шығындарды азайтуға;
      мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты басқару тетiгiн жетiлдiруге;
      жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алу қағидаттарын қайта қарауға ниеттенуде.
      Мемлекеттiк меншіктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру бөлiгiнде Үкiмет:
      мемлекеттiк меншiктiң құрылымын оңтайландыру жөнiндегi жұмысты жалғастыратын;
      акцияларының мемлекеттiк бақылау пакетi бар акционерлiк қоғамдардың директорлар кеңесiнiң рөлi мен ықпалын күшейтетiн;
      мемлекеттiк кәсiпорындар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер мен пайдасы үлестерiнiң тұрақтылығы мен толықтығын, сондай-ақ бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң жалпы көлемiнде осындай түсiмдердiң үлес салмағының ұлғаюын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты барынша жандандыратын және күшейтетiн болады.
      Үкiмет экономиканың аса маңызды салаларында ұлттық капиталдың қатысуын ұлғайтуға қол жеткiзетiн болады. Елдi дамыту және отандық инвестицияларды қорғау үшiн iрi отандық бизнестiң әлеуетiн жұмылдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президентi жанынан Кәсiпкерлер кеңесi құрылады.
      Мемлекеттiк меншiктi басқаруды оңтайландыру үшiн мемлекеттiк меншiк объектiлерiн кешендi түгендеу жөнiндегi iс-шаралар одан әрi жүргiзiледi.
      Жинақтаушы функциясын iске асыру мақсатында Ұлттық қордың активтерiне қатысты Үкiмет пен Ұлттық банк оның активтерiн капиталдың халықаралық рыноктарында орналастыру жөнiнде байыпты саясат жүргiзедi.
      Бюджет қаражатын жұмсаудың басты басымдықтары:
      - өндiрiстiк инфрақұрылымды, әлеуметтiк сала объектiлерiн, сондай-ақ Астана қаласының объектiлерiн дамытуға инвестициялардың өсуi;
      - әлеуметтiк сала, яғни зейнетақыларды, жәрдемақыларды, сондай-ақ бюджет саласы қызметкерлерiнiң, бiрiншi кезекте орта және төменгi буындағылардың жалақысын бiрте-бiрте индекстеу;
      - қорғаныс шығыстарын ЖIӨ-нiң кемiнде 1%-мен қаржыландыруды көздейтiн елдiң қауiпсiздiгі мен қорғаныс қабiлетiн нығайтуды қамтамасыз ету болады.
      Үкiмет стратегиялық, индикативтiк және бюджеттiк жоспарлау процестерiн бiрiктiрудi және үйлестiрудi, сондай-ақ бюджеттiк жоспарлаудың сапасын арттыруды, бюджеттiк мiндеттемелер мен болжамдық-талдау жұмысының орындалуын қамтамасыз етедi.
      Үкiмет бағдарламалық құжаттарды әзiрлеу мен қабылдау қағидаттарын, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеуге түйiндi принциптер мен қағидаттарды қайта қарайды.
      Жиынтық нормативтiк құқықтық акт ретiнде қызмет ететiн және бюджеттердi әзiрлеу үшiн негiз болып табылатын барлық стратегиялық басымдықтарды, салалық және аймақтық бағдарламаларды түгел қамтитын өзгермелi негiздегi даму бағдарламасы орта мерзiмдi (үш жылдық) кезеңге әзiрленедi және iске асырылады.
      Жоспарлаудың сапасын арттыру үшiн Үкiмет бюджет саясатының тиiмділігiн бағалаудың пәрмендi жүйесiн әзiрлейдi және енгiзедi. Мұндай жүйенiң өлшемдері негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердiң серпiнiн ескерiп отырады, сондай-ақ бюджет шығыстарының ұтымдылығын, мемлекеттiк шығындардың нәтижелiлiгiн бағалаудың қазiргi заманғы әдiстерiне негiзделедi. Әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнің теңдестiрiлуiн сақтау және мемлекеттiк саясатты жүргiзу мақсатында қабылданатын бюджеттiк бағдарламалардың құнын бағалау және пайдалылығын талдауға бiртiндеп көшу жүзеге асырылады.
      Yкiмет бюджеттiк шығыстарды ағымдағы бағдарламалар және даму бағдарламалары деп жiктеудi енгiзедi.
      Үкiмет алдағы уақытта бюджеттiң инвестициялық шығыстарының үлес салмағын арттыратын болады. Осыған байланысты жұмсалған шығындардың тиiмдiлiгiне мониторинг жүргiзудiң жүйесi әзiрленедi.
      Қазынашылықты жаңалау шеңберiнде барлық деңгейдегi бюджеттiң ағымдағы шығыстарын тиiмдi жоспарлау мақсатында қолма-қол ақшаны басқару жөнiндегi болжамдық-талдау жұмысының сапасы күшейтiледi.
      Үкiмет мемлекеттiк сатып алу жүйесiн жетiлдiруге ерекше назар аударатын болады.
      Мемлекеттiк сатып алудың тиiмдiлiгiне мониторинг жүргiзу және бағалау жүйесiн әзiрлеу мен енгiзу жөнiнде жұмыс жүргiзiлетiн болады.
      Бюджет қаражатын тиiмдi жұмсауға қол жеткiзу мақсатында конкурстық рәсiмдер өткiзуге тиiстi қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi қатыстырыла отырып, сатып алу рәсiмдерi жетiлдiрiлетiн болады.
      Сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу мәселелерiмен айналысатын мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң қызметкерлерiн оқыту жүйесiн құру жөнiнде жұмыс жүргiзiлетiн болады.
      Бухгалтерлiк есеп пен аудиторлық қызмет саласында республикада экономикалық реформа жүргiзу үшiн қолайлы жағдайды қамтамасыз ету, инвестициялық ахуалды жақсарту және халықаралық байланыстарды кеңейтудi қамтамасыз ету мақсатында халықаралық стандарттарға сай бухгалтерлiк есеп пен аудит стандарттары әзiрленедi. Iрi кәсіпорындарды бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттарына көшiру жөнiнде шаралар қолданылатын болады.
      Бюджет процесi туралы жұртшылыққа нақты әрi анық ақпарат беру мақсатында Үкiмет:
      заңнамалық және нормативтiк құжаттарға;
      жылдық қаржылық және жедел баяндамалар мен есептерге (бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi дайындаған);
      мемлекеттiк қаржы туралы толық ақпаратқа қолжетiмділіктi одан әрi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданылатын болады.
      Бюджет мiндеттемелерiнiң дұрыс орындалуы үшiн бақылау мен мониторингiн және бақылау жүргiзу бөлiгiнде Үкiмет уәкілеттiк берген бақылаушы органдардың рөлi күшейтiледi.
      Мемлекеттiк қаржы жөнiндегi нормативтiк құқықтық базаны тәртiпке

 

келтiру мақсатында Yкiмет тиiстi тұжырымдамалар әзiрлеуге кiрiседi және

Бюджет кодексiнiң жобасы үшiн негiз дайындайды.";

     "3.4. Инвестициялық ахуалды жақсарту" бөлiмiнде:

     үшiншi абзацта:

     "халықаралық қаржы ұйымдарымен бiрлесе отырып, саяси және реттеушi

тәуекелдердi кепiлдендiрiлген өтеудiң тетiктерiн құру мен қолдануға

енгiзу" деген сөздер "жеке меншiк иелерiнiң құқықтарын қорғау" деген

сөздермен ауыстырылсын;

     төртiншi абзацта:

     "Инвестициялар туралы" деген сөздер "Инвестицияларды мемлекеттiк

қорғау және қолдау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

     "заңдардың" деген сөз сол қалпында қалдырылсын;

     алтыншы абзацта:

     "бiрлескен жұмыс топтарының" деген сөздер сол қалпында қалдырылсын;

     жетiншi абзацта:

     "iрiктеу рәсiмінің ашықтығын қамтамасыз ету кезiнде Мемлекеттiк

инвестициялар бағдарламасының құрамына мәлiмделген" деген сөздер алынып

тасталсын;

     сегiзiншi абзац алынып тасталсын;

     оныншы абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

     "Нақты секторды одан әрi дамыту үшiн бағалы қағаздар рыногын реттеу

мәселелерi жөнiндегi қолданыстағы заңдарға өзгерiстер енгiзiлетiн болады.";

     он бiрiншi абзацта:

     "және Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиямен" және "Қазақстан

Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 1999-2000 жылдарға

арналған бағдарламасын орындаудың қорытындылары бойынша" деген сөздер

алынып тасталсын;

     "3.5. Сыртқы сауда саясаты" бөлiмiнде:

     бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

     "3.5. Сауда саясаты";

     бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:


 
       "Ой-ниет. Үкiмет ырықтандырылған сыртқы сауда саясатын ұстанатынын растайды. Сауда саясаты елдiң экономикалық қауіпсiздігiн қамтамасыз етудi ескере отырып, Қазақстанның халықаралық еңбек бөлiнiсi жүйесiне одан әрi тиiмдi түрде кiрiгуi қажеттiгі тұрғысынан жүргiзiледi. Сауда саясатының негiзгi мiндетi - экономиканы құрылымдық қайта құруға жәрдемдесу, iшкі рыноктың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн бәсекеге қабiлеттi өндiрiстер құру және қазақстандық тауарлар мен қызметтер көрсетудi әлемдiк рыноктарға жылжытуға жәрдемдесу, төлемдiк және сауда теңгерiмiнiң көрсеткiштерiн жақсарту үшiн сыртқы экономикалық байланыстарды барынша пайдалану болып табылады.";
      екiншi абзацта:
      "инфрақұрылымдарын" деген сөзден кейiн "басым" деген сөзбен толықтырылсын;
      "экспорттың экономикалық тиiмділігiн көтеру және құрылымын жақсарту" деген сөздер "қосылған құны жоғары деңгейдегi өндiрiстердiң үлесiн арттыру мақсатында экспорттың құрылымын әртараптандыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацта:
      "шығару жолымен" деген сөздер "шығаруды жүргiзу жолымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "көрмелер өткiзу" деген сөздер "көрмелердi ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Yкiмет жаңа тауарлардың өндiрiсiн игеру кезеңiнде отандық тауар өндiрушілердi қорғау, тұтыну рыногының теңдестiрiлуiн қамтамасыз ету, экспорт пен импорттың құрылымын жақсарту үшiн икемдi кедендiк-тарифтiк жүйе құру жөнiндегi жұмысты жалғастырады.";
      төртiншi абзацта:
      "және келiсiмшарттық бағалардың төмендеуiне" деген сөздер алынып тасталсын;
      "қолдау" деген сөзден кейiн "және экспортты ынталандыру" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесiншi абзацта:
      "сыртқы сауда саясаты шаралармен" деген сөздер "экономиканың стратегиялық маңызды секторларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "болады," деген сөз сол қалпында қалдырылсын;
      "Экспорттық-импорттық операцияларға салық салу жүйесi жақсаратын," деген сөздер алынып тасталып, "сыртқы" сөзi "Сыртқы" болып жазылсын;
      "импорттың енуiн болдырмауға" деген сөздер "импортқа қол жеткiзудi қысқартуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қазақстандық тауар өндiрушiлерге" деген сөздерден кейiн "және тұтынушыларға" деген сөздермен толықтырылсын;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Yкiмет импортты алмастыру және Қазақстан Республикасы өңдеушi өнеркәсiбiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру бағдарламасын әзiрлейдi.";
      жетiншi абзац алынып тасталсын;
      сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сыртқы және iшкi сауда саласындағы қатынастарды реттеу мақсатында Сауда туралы заң жобасы және сауда қатынастарын регламенттейтiн заңға тәуелдi актiлер әзiрленедi. Сауда саласындағы Қазақстан үшiн қолайлы халықаралық келiсiмдер мен конвенцияларды бекiту және оларға қосылу рәсiмдерi жалғастырылатын болады.";
      тоғызыншы абзацтағы екiншi сөйлем алынып тасталсын;
      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Дүниежүзілік саудада тең құқықты әрiптестiк жағдайларын қамтамасыз ету, шет елдермен экономикалық ынтымақтастықты жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн барынша ескере отырып, ДСҰ-ға кiру процесiн жалғастырады.";
      он бiрiншi және он екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Еуразиялық және Орталық Азия экономикалық қоғамдастықтарының елдерiмен, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастығы ұйымының шеңберiндегi сауда саясаты тауарлар, қызмет көрсетулер мен капиталдар ортақ рыногының тиiмдi жұмыс iстеуiне бағытталады. Yкімет заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлердi үйлестiруге, келiсiлген салық, ақша-несие, валюта-қаржы, сауда, кедендiк және тарифтiк саясат жүргiзуге бағытталған жұмысты жалғастырады.
      ТМД елдерiмен сауда саясаты еркiн сауда және сауда кедергiлерiн жою принциптерiне негiзделедi.";
      он үшiншi абзацта:
      "толық құқықты мүше" деген сөздер "тең құқықты әрiптес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "беделiн" деген сөз "абыройын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      он төртiншi абзац алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Iшкi сауда саласында тұтыну рыногында сатылатын тауарлардың сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау жөнiндегi шаралар күшейтiледi. Отандық тауар өндiрушiлердiң өнiмдерiн өткiзудi жақсарту мақсатында қазіргi заманғы көтерме сауда жүйесiн құру ынталандырылатын болады.
      Тұтыну тауарларының бәсекесiн арттыру және бағаны арзандату үшiн коммуналдық сауда рыноктарын құру көзделедi. Сауда рыноктарының арасындағы және олардағы бәсекенi дамытуды қамтамасыз ететiн бақылау тетiктерiн жасау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданатын болады.";
      "3.6. Баға және монополияға қарсы саясат" бөлiмiнде:
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "басым жағдайға ие шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өз артықшылығын терiс пайдалануы фактiлерiн анықтау, баға мониторингiн жүргiзу. "Бәсекелестiктi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Z010144_ Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында республикалық және аймақтық рыноктарда басым жағдайға ие субъектiлердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрленедi.";

 

     он үшiншi және он төртiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

     "жұмыс iстейтiн активтерге пайда ставкасын белгiлеу тәртiбi жөнiнде

әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу;

     табиғи монополия субъектiлерiнiң экономикалық қызметiнің ашық болуын

қамтамасыз ету, нәтижелерi кейiн жарияланатын аудиторлық тексерулердi жыл

сайын мiндеттi түрде жүргiзу;";

     он алтыншы абзац алынып тасталсын;

     он жетiншi абзацта:

     "шаруашылық жүргiзушi" деген сөздер алынып тасталсын;

     "жол берiлетiн" деген сөздер "негiзделетiн" деген сөзбен ауыстырылсын;

     он тоғызыншы абзацта:

     "iске асыруды" деген сөз алынып тасталсын;

     жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

     "табиғи монополия субъектiлерiнiң көрсетiлетiн қызметтерiне

тарифтерге төмендеткiш коэффициенттер белгiлеу жөнiндегi тәртiптi әзiрлеу

және практикаға енгiзу.";

     жиырма бiрiншi абзацта:

     "Электр энергетикасы" деген сөздер алынып тасталсын;

     жиырма екiншi абзац алынып тасталсын;

     мынадай мазмұндағы жиырма үшiншi абзацпен толықтырылсын:


 
       "Темiр жол көлiгiндегi тарифтiк саясатты жетiлдiру өнiмнiң бағасындағы көлiктiң құрамдас бөлiгiнiң үлесiне қарай және маусымдық факторлар ескерiлiп жүзеге асырылады.";
      жиырма үшiншi және жиырма төртiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының құрамынан табиғи монополия саласына жатпайтын бiрқатар құрылымдық бөлiмшелердi, әлеуметтiк саланың объектiлерiн бөлiп шығаруды көздейтiн Темiр жол көлiгiн қайта құрылымдау бағдарламасы қабылданады, мұның өзi темiр жол тасымалдарымен сабақтас салалардағы бәсекенi дамытуға алып келедi және темiр жол көлiгiндегi кәсiпорындардың экономикалық қызметiнiң ашық жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi.
      Сонымен бiр мезгiлде, тұтынушылардың кейбiр санаттары үшiн абоненттiк төлемдердi iшiнара өтеу тетiгiн енгiзе отырып, 2005 жылға қарай телефон байланысы қызметтерi тарифтерiнiң деңгейiн олардың көрсетiлуiнiң шығындарын жабатын деңгейге дейін кезең-кезеңiмен көтеру басталады. Телекоммуникациялар рыногын ырықтандыру мақсатында жергiлiктi телефон сөйлесулерiн есептеуiштердің көрсеткiштерi бойынша төлей отырып, құнын уақыты бойынша есептеу жүйесiн енгiзу жөнiндегi жұмыс жүргiзiлетiн болады.";
      "3.7. Өнеркәсiп" бөлiмiнде:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ой-ниет. Үкiмет өнеркәсiп өндiрiсiнiң өсуi, импорт алмастыру саясатын iске асырудың және сараланған қадамдары мен қолдау тетiктерi бар экспортқа бағдарланған өндiрiстi ынталандыру негiзiнде iшкi және сыртқы рыноктар қажеттiлiктерiн қамтамасыз ететiн кәсiпорындарды дамыту үшiн жағдай жасайды.";
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Yкiметтiң iс-қимылы. Үкiметтiң индустриалды (өнеркәсiптiк) саясаты тұжырымдамасының негiзгi бағыттары отандық тауар өндiрушiлердi қорғау, салыстырмалы бәсекелi артықшылықтары бар экспортқа бағдарланған өндiрiстердi ынталандыру, әлемдiк деңгей стандарттарының жүйесiн құру жөнiндегi шаралар кешенiн iске асыру болады.";
      үшiншi абзацтағы "орындалуына" деген сөзден кейiн "экспорттаушы-кәсіпорындардың бағаларын әлемдiк рыноктың бағаларымен теңестiру жөнiндегi шаралардың iске асырылуына" деген сөздермен, "жүзеге асырып" деген сөздерден кейiн "және" деген сөзбен толықтырылсын;
      бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк инновациялық саясат шеңберiнде отандық әзiрленiмдер базасында бәсекеге қабiлеттi импорт алмастыратын және экспортқа бағдарланған өнiм шығаруды қамтамасыз етуге бағытталған өндiрiстердi технологиялық жаңғырту және әртараптандыру жоспарланып отыр. Перспективасыз кәсiпорындар кейiннен олардың базасында шағын және орта инновациялық ғылымды қажет ететiн өндiрiстер құрыла отырып, банкроттыққа және бөлшектеуге ұшырайтын болады.";
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстандық тауарлар мен қызметтер көрсетудi шетелдiк рыноктарға жылжытуды қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық кәсiпорындарда әлемдiк стандарттар талаптарына сай келетiн сапаны басқару жүйесi енгiзiлетiн болады.";
      сегiзiншi абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Отандық бизнестің iрi инвестициялық жобаларды iске асыруға қатысуын көздейтiн Каспийдi дамыту бағдарламасы қабылданатын болады.";
      оныншы абзацтағы ", қорғасынның" деген сөз алынып тасталсын;
      он бiрiншi абзацтағы "химия өнеркәсiбiн дамытудың бағдарламасы қабылданатын" деген сөздер "Химия және мұнай-химия өнеркәсiбiн қалпына келтiру және дамыту бағдарламасы iске асырылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он екiншi абзацтағы "хлорлы-сiлтi өндiрiсiн" деген сөздер "басқа да өндiрiстердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он үшiншi абзацтағы "тантал мен берилий өндiру" деген сөздер "дайындалуы неғұрлым жоғары өнiмдi шығара отырып, берилий мен тантал өндiрiсiн одан әрi дамыту" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он төртiншi абзацта:
      "Машина жасау және металл өңдеу өнеркәсiбiн" деген сөздер "Машина жасауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "станоктар" деген сөз "машиналар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Отын-энергетикалық" деген сөздерден кейiн ", тау-кен металлургия" деген сөздермен толықтырылсын;
      "бағдарламасының" деген сөздер "саясатын iске асыру жөнiндегi шаралардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он бесiншi және он жетiншi абзацтар алынып тасталсын;
      он сегiзiншi абзацтағы "Қазақстанның өнеркәсiбi үшiн жаңа бәсекелестiк қабiлеттi тауарлар шығару" деген сөздер "Бәсекеге қабiлеттi тауарлар шығару жөнiндегi жаңа өндiрiстердi құру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "3.8. Ауыл шаруашылығы" бөлiмiнде:
      "өнiмдi" деген сөздiң алдынан ", елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiнiң қажеттi деңгейiн қамтамасыз ететiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi абзацта:
      "ауыл шаруашылығын дамытудың бағдарламасы әзiрленедi" деген сөздер "ауыл шаруашылығын дамытудың бағдарламасын iске асыру жалғастырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "аймақтық мамандандырудың негiзiнде" деген сөздер "2000-2002 жылдарға арналған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесiншi абзацта екiншi сөйлем алынып тасталсын;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағдарламасы әзiрленетiн болады. Төтенше жағдайлардың орын алуына арналған мемлекеттiк азық-түлiктiк астықтың резервiн жаңалау, мемлекеттiк тұқымдық және жемшөп астығы ресурстарын қалыптастыру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу көзделедi, елдiң элеваторлары мен астық ресурстары қозғалысының мониторингi қызметiн лицензиялау жөнiндегi жұмыстар жалғасатын болады. Мемлекеттiң астықты сатып алуға және өткiзуге одан әрi қатысуы мемлекеттiк ресурстарды пайдаланумен және жаңартумен ғана байланысты болады.";
      мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Астық шаруашылығының тұрақтылығын арттыру негiзiнен өндiрiс дақылдарын арттырудың есебiнен, оның iшiнде технологиялық тәртiптi сақтаудың, шаруашылық жүргiзудiң экономикалық әдiстерiн енгiзудiң, тыңайтқыштарды және өсiмдiктердi химиялық қорғау құралдарын ұтымды пайдалану есебiнен жүретiн болады.";
      мынадай мазмұндағы сегiзiншi және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "Селекцияны және тұқым өсiрудi одан әрi дамыту өсiп-өну мерзiмдерi әртүрлi, өсу тұрақтылығына, тез пiсуге, жоғары өнiмдiлiкке және жақсы технологиялық сапаға икемдi сорттарды өндiрiске енгiзуге бағытталатын болады.
      Мал шаруашылығында iрi қалалар айналасында Сүт өндiрiсiн дамыту бағдарламасын iске асыру жалғасатын болады. Мал тұқымын асылдандыру iсiн қолдау бағдарламасы негізiнде өнiмдiлiктi ұлғайту жолымен отандық мал шаруашылығы өнiмiнiң бәсекеге қабiлетiн арттыру, сондай-ақ қайта өңдеу технологиясын жетiлдiру жүзеге асырылатын болады, бұл iшкi рынокты сапалы өнiммен толықтыруға және сыртқы рынокқа шығуға мүмкiндiк бередi. Мал шаруашылығы өнiмiн сатып алу және экспорттау жөнiнде мемлекеттiк компания жұмыс iстей бастайтын болады.";
      тоғызыншы және оныншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң несие ресурстарына қол жетiмділігiн қамтамасыз ету ауылдық несие серiктестiктерiн құру жолымен жүзеге асырылады. Аграрлық секторды несиелендiру ауқымын кеңейтуге кепiл құралы ретiнде "астық қолхаттары" институтын енгiзу ықпал ететiн болады. Аграрлық секторды несиелендiру үшiн сыртқы заемдар мен екiншi деңгейдегi банктердiң қаражаты тартылады.
      Пайдаланушылар ауыл шаруашылығы өнiмiнiң аймақтық және сыртқы рыноктары туралы ақпарат алатын ауыл шаруашылығы өндiрiсiнің бiрыңғай ақпараттық-маркетингтiк жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады.";
      он бiрiншi абзац алынып тасталсын;
      он үшiншi, он төртiншi, он бесiншi, он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "Топырақ құнарлылығын қалпына келтiру және суармалы жерлер тиiмдiлiгiн арттыру үшiн ауыл шаруашылығы тауар өндiрушілерінің минералдық тыңайтқыштарды сатып алуын мемлекеттiк субсидиялау жалғастырылады.
      Республикада дәндi дақылдар тұқымын өсiру әр облыста қабылданған егiншiлiктiң аймақтық жүйесiне сәйкес жүргiзiлетiн болады.
      Сумен тұрақты қамтамасыз ету проблемасын шешу үшiн суарудың су үнемдеу технологиясын енгiзу, су пайдаланушылардың өздерiнiң ирригация және мелиорацияның жағдайына, гидромелиорациялық жүйелердi ұстауына және пайдалануға, суармалы жерлер мониторингiн жақсартуға жауапкершілігiн арттыру жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
      Нарықтық жағдайларға икемделген суармалы егiншiлiктi және суды ұтымды пайдалануды дамытудың тұжырымды негiздерi әзiрленетiн болады.";
      он үшiншi абзац алынып тасталсын;
      он төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жер учаскелерінің кепiлi және жердi пайдалану құқығы мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер енгiзiлетін болады.";
      он бесiншi абзацтағы "Әдiлет" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ шаруа (фермер) қожалықтарының жер учаскелерiне арналған құқығын куәландыратын құжаттарды қайта тiркеу және жердi пайдалану құқығы шартты жер үлестерiнiң есебiнен қалыптастырылған мемлекеттiк емес ауыл шаруашылығы ұйымдары" деген сөздермен толықтырылсын;
      "3.9. Ғылым мен технология" бөлiмiнде:
      бiрiншi абзацтағы "ғылым саласындағы" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Yкiметтiң iс-қимылы. Yкiмет алға қойған мiндеттердi iске асыру үшiн инновациялық және ғылыми-техникалық бағдарламалардың негiзiнде ғылыми-техникалық саланы басқару жүйесiн жетiлдiруге ниеттенуде.";
      мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "Осыған байланысты ғылыми-техникалық саланың жұмыс iстеуiнің, оның ішінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, оларды конкурстық іріктеу және сату, санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау, инновациялық қызметтi жандандыру саласында нормативтiк құқықтық база жетiлдiрiлетiн болады.";
      "iргелi зерттеулер бағдарламаларын және тиiстi ғылыми ұжымдарды отандық тауар өндiрушiлерге әлемдiк тауар рыногында өз орнын қамтамасыз ететiн принциптi түрде жаңа технологиялар жасауға бағдарлау;";
      "3.10. Тұрғын үй құрылысы" бөлiмiнде:
      бөлiмнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3.10. Құрылыс";
      бiрiншi абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Тұрғын үй құрылысын одан әрi дамыту, толыққанды тұрғын үй рыногын қалыптастыру.";
      екiншi және үшiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Yкiметтің іс-қимылы. Мемлекеттiк қала құрылысы саясатының ұзақ мерзiмдi тұжырымдамасының негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзiрлеу басталады. Елдiң аумағында мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi жұмыс жүргiзiлетiн болады.
      Жобалаудың және құрылыстың нормативтiк базасын халықаралық нормалармен үйлестiру үшiн жетiлдiруге, ТМД елдерiнiң құрылыстағы стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссиясының шеңберiнде және Бiрiккен Ұлттар Ұйымының елдi мекендер жөнiндегі орталығымен және оның аймақтық бөлiмшелерiмен интеграцияны күшейтуге бағытталған шараларды iске асыру жоспарлануда.";
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Yкiмет пен Ұлттық Банк халықты қол жетiмдi ставкалар бойынша ипотекалық несиелендiрудi, оның iшiнде тұрғын үйдi кейiн сатып алу құқығымен ұзақ мерзiмдi жалға берудi дамытуды ұйғарды. Жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен бөлiнетiн ипотекалық несиелер бойынша проценттiк сыйақының төменгi деңгейiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
      Құрылыс жинақтары жүйесiн қалыптастыру жөнiндегi пилоттық жобалар әзiрленетiн және енгiзiлетiн болады. Табысы орташа халықтың кең ауқымы үшiн қол жетiмдi тұрғын үйлердiң үлгi жобаларын әзiрлеу көзделiп отыр.";
      бесiншi абзац алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "Отандық құрылыс компанияларын қолдауға бағытталған шаралар қабылданатын болады.";
      алтыншы абзацтағы "ПИК-ның" деген қысқартылған сөз мынадай редакцияда жазылсын "Меншiктi пәтерлер кооперативiнiң (МПК)";
      жетiншi абзац алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Құрылыстың стандарттарын және мемлекеттiк нормативтерiн сақтау, құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында, сондай-ақ тұрғын үй қорының және азаматтық мақсаттағы объектiлердiң техникалық жағдайын бақылауды қамтамасыз ету үшiн осы салаларда мемлекеттiк қадағалау күшейтiлетiн болады.";
      "3.11. Шағын кәсiпкерлiк" бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ой-ниет. Елдiң экономикасын нығайтуды, халықты жұмыспен қамтуды және оның өмiр сүру деңгейiн арттыруды қамтамасыз ететiн шағын кәсiпкерлiк секторын одан әрi кеңейту.
      Үкiметтiң iс-қимылы.
      Үкiмет, ең алдымен, өзiнiң қызметiн өндiрiстiк саланы серпiндi дамытуды қамтамасыз ететiн шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау саясатын жетiлдiруге бағыттайды.
      Жаңа бастаған кәсiпкерлер үшiн несие ресурстарына қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ететiн шарттар жасау жолымен шағын бизнестi несиелендiру проблемаларын шешу жөнiндегi iс-қимыл қабылданатын болады.
      Осы мақсатта Yкiмет iске асыру, оның iшiнде мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын шағын кәсiпкерлiктi қаржылай қолдаудың орта мерзiмдi бағдарламасын әзiрлейдi.
      Шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын дамыту үшiн қолайлы жағдай жасалатын, тоқтап тұрған кәсiпорындарды және тиiмдiлiгi аз өндiрiстердi қайта ұйымдастыру мен бөлшектеу кезiнде мүлiктiк кешендердi, технологиялар мен жабдықтарды қалыптастыру және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне беру жөнiндегi негiзгi бағыттар айқындалатын болады.
      Шағын бизнестi дамытуды жандандыру үшiн Үкiмет шағын кәсiпорындардың iстерiне мемлекеттiң араласуын мейлiнше азайтады, әкiмшілік кедергiлердi жоюға ықпал ететiн болады. Кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау рәсiмдерi жетiлдiрiлетiн, сертификаттау, әр түрлi үлгiдегi рұқсат беру, аккредитациялау рәсiмдерi мен өзге де нормалар мен ережелер жеңілдетiледi. Үкiмет шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бизнестi тiркеуге байланысты рәсiмдерiн бiр органда өткiзе алатын тетiктi енгiзуге кiрiседi.
      Yкiмет нормативтiк құқықтық базаны одан әрi жетiлдiру жөнiндегi жұмысты жалғастырады, заңнамалық және нормативтiк актiлердi оңайлатуға және заңдарда сiлтеме сипаттағы нормаларды қысқартуға ықпал ететiн болады. Мемлекеттiк сатып алу жүйесi жетілдiрiлетiн болады, мемлекет сатып алуды шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен жүзеге асыратын тауарлар мен қызмет көрсетулердiң жекелеген түрлерiнiң тiзбесi айқындалады.
      Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және оның жаңа нысандарын дамыту мақсатында франчайзинг туралы заң жобасы әзiрленетiн болады.
      Кәсіпкерлердің қоғамдық бiрлестiктерiнiң заң шығару бастамасы арнайы iрiктеудiң негiзiнде анықталған олардың ең жақсыларына гранттар бөлу жолымен көтермеленетiн болады.
      Белгiленген шараларды iске асырудың нәтижесiнде кәсіпкерлiк субъектiлерiнiң қатарын өсiру, жаңа жұмыс орындарын құру, шағын бизнес саласында жұмыс iстейтiндердiң санын көбейту, нақты бәсекелестiк ортаны құру, қоғамның орташа табының негiзi ретiнде меншiк иелерiнiң қалың жiгiн қалыптастыру күтiлуде.";
      "3.12. Туризм" бөлiмiнде:
      бiрiншi және екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ой-ниет. Елдiң туристiк кешенiн жақсарту, сырттан келулер және iшкi туризмдi дамытуды бюджеттiң кiрiс бөлiгiн толтырудың, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудiң негiзгi көздерiнiң бiрi ретiнде ынталандыру.
      Үкiметтiң iс-қимылы. Қазақстанда туризмнiң пайдаланылмаған мүмкiндiктерiн және оның экономиканың басқа салаларының дамуына ықпалын ескере отырып, "Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдi мемлекеттердi сақтау және сабақтастықпен дамыту, туризмнiң инфрақұрылымын жасау" U983859_ мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру үшiн жағдайлар жасалатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрленетiн болады.";
      үшiншi абзацтағы ", Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта

 

өркендетудi, түркi тiлдi мемлекеттердiң мәдениетiн сақтауды және

сабақтастықпен дамытуды, туризмнiң инфрақұрылымын дамытуды" деген сөздер

алынып тасталсын;

     төртiншi абзацта:

     "жаңа" деген сөз алынып тасталсын;

     "туристiк қызмет көрсету" деген сөздер "туристiк қызмет" деген

сөздермен ауыстырылсын;

     "стандарттарға" деген сөз "талаптарға" деген сөзбен ауыстырылсын;

     бесiншi абзац "Туризм мен қонақ үй шаруашылығы" деген сөздердің

алдынан "Құрылатын ақпараттық-әдiстемелiк орталықтардың базасында" деген

сөздермен толықтырылсын;

     "3.13. Аймақтық саясат" бөлiмiнде:

     бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

     "3.13. Аймақтық даму";

     екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:


 
       "Yкiметтiң iс-қимылы. Барлық деңгейдегi бюджеттердi қалыптастыру мен атқарудың қолданыстағы жүйесiн жетiлдiрудi қолға алу алда тұр.";
      мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының тұжырымдамасы әзiрленетiн болады.
      Аймақтарды дамыту "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Z010148_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын болады.";
      он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Күйзелiске ұшыраған ауылдық аудандарды дамыту проблемаларын шешу үшiн Үкiмет және жергiлiктi атқарушы билiк органдары инвестицияларды тартуға, шағын кәсiпкерлiктi қолдауға, әлеуметтiк және тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелерiн шешуге жәрдемдесетiн болады. Әкiмдер коммуналдық меншiк объектiлерiне тиiмдi билiк ету жөнiндегi жұмысты жүргiзетiн болады.";
      он екiншi абзацтағы "нақты" деген сөз алынып тасталсын;
      он үшiншi абзацтағы "қаржы рыноктарында," деген сөздер алынып тасталсын;
      он төртiншi абзац алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы он бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Эксперимент тәртiбiмен 2001 жылы жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде (ауылдық (селолық) округтерде, ауылдарда (селоларда), кенттерде) әкiмдер сайлауы өтедi.";
      он сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Алматы облысы. Өнеркәсiптi қайта өңдеу кәсiпорындарын басымдықпен дамыту, тиiмдi ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамыту үшiн жағдайлар жасау, өткiзу нарығын кеңейту, шағын кәсiпкерлiктi, туризмнiң инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтiк және тұрғын үй-коммуналдық саланың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру, кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiнде шаралар қабылданатын болады. Облыс орталығы - Талдықорған қаласы одан әрi дамытылады.";
      он тоғызыншы абзацта:
      "белгiленiп отыр" деген сөздер "ұйғарылып отыр" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Атырау қаласының ұшу-қону алаңы мен әуежайын қайта жаңарту" деген сөздер "Атырау қаласы әуежайының ұшу-қону алаңын жөндеу белгiленiп отыр" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жиырма үшiншi абзацтағы "мыс прокаты, эмаль сымдары, және кабель өнiмдерi" деген сөздер "түстi және қара металдардан жасалған өнiмдер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жиырма тоғызыншы абзацтағы "құрылысын салу жалғастырылады" деген сөздер "құрылысын салуды 2001 жылдың аяғына дейiн аяқтау белгiлендi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      отызыншы абзацта:
      "Астана қаласы." деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қаланы одан әрi дамыту "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" U010574_ мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.";
      "Астана қаласындағы" деген сөздер "Қаладағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      соңғы сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "2002 жылғы 1 қаңтардан бастап Астана қаласының сол жақ жағалауын салу үшiн арнайы экономикалық аймақ жұмыс істей бастайтын болады.";
      2) "4. Әлеуметтік даму" басымдығында:
      "4.1. Әлеуметтiк қорғау және кедейлiкпен күрес" бөлiмiнде:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ой-ниет. Yкiмет өзiнiң қызметiн кедейлiкпен күрес жөнiндегi шараларды жүзеге асыруды жандандыра отырып, жүргiзiлетiн реформалардың әлеуметтiк бағытталуын күшейтедi. Халықтың өмiр сүру деңгейiн арттыруға бағытталған саясат: жалақыны, зейнетақыларды, жәрдемақылар мен кедейлерге атаулы әлеуметтiк көмектi уақтылы төлеу жалғасатын болады.";
      мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Әлеуметтiк қорғау жөнiндегi мемлекеттiк кепiлдiктердi беру тетiктерiн парасатты үйлестiруге және әлеуметтiк қатер туындаған кезде әрбiр азаматтың өзiн қамтамасыз етуге дербес жауапкершiлiгiне негiзделген халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiн жетiлдiру жалғасатын болады.";
      екiнші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Үкiметтiң iс-қимылы. Кедейлiкпен күреске бағытталған шаралар жетiлдiрiлетiн болады.";
      мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Yкiмет Халықты әлеуметтiк қорғау тұжырымдамасын P010886_ iске асыру жөнiнде пәрмендi шаралар қолданатын болады.";
      үшiншi абзацтағы ", зейнетақылардың ең төменгі мөлшерiн арттыру жөнiнде жұмыс iстейтiн болады" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Тағайындалған зейнетақылардың мөлшерлерiн арттырған кезде зейнеткерлiкке шыққан кезеңi ескерiлетiн болады.";
      төртiншi абзацтағы "Зейнетақы қорларына тиесілі" және "сақтықтың белгiлi бiр шараларын сақтау жағдайында" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Халықты, алдымен ауыл тұрғындарын және өз бетiмен жұмыс iстейтiн халықты жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерiмен қамтуды кеңейту жөнiндегi шаралар көзделетiн болады. Жұмыс берушілердiң қызметкерлерге зейнетақы жарналарын толық және уақтылы аударуын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдау көзделедi.";
      бесiншi абзацтағы "мақсатында" деген сөз "үшiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
      алтыншы абзац алынып тасталсын;
      жетiншi абзацта:
      "жинақтаушы қорлары жұмыс iстеуiнiң" деген сөздер "жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi сөйлем алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Ортақ зейнетақы жүйесiнен төленетiн төлемдердiң жеткiлiктiлiгiн және зейнетақы жинақтауы жеткiлiксiз болған кезде, ең төменгi зейнетақыға дейiнгi үстемеақылар түрiндегi мемлекеттiк кепiлдiктердiң бар екендiгiн ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң тетiгiн жетiлдiру көзделедi.";
      сегiзiншi, тоғызыншы және оныншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Орнықты және тұрақты сақтандыру рыногын құру зейнетақы реформасын табысты iске асырудың маңызды шарттарының бiрi болып табылады. Сақтандыру рыногының қалыптасуы мұндай қаражатты берген адамдарға кейiннен өмiрлiк аннуитеттерді жүзеге асыру үшiн зейнетақы жинақтауын жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотынан сақтандыру ұйымына беру мүмкiндiгiн көздейтiн схеманы енгiзуге мүмкiндiк бередi.
      Халықты әлеуметтiк қатерлерден қорғауды қамтамасыз ету мақсатында еңбекке қабiлетiн жоғалту, асыраушысынан айрылу және жұмысынан айрылу жағдайына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн енгiзуге дайындық жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры арқылы әлеуметтiк сақтандыру жүйесi азаматтарды өздерiнiң еңбек қатынастарын заңдастыруға ынталандыратын болады, себебi олар тартылмаған азаматтармен салыстырғанда елеулi артықшылықтар алатын болады.";
      мынадай мазмұндағы он бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылданатын болады.";
      он бiрiншi абзацтағы "әзiрлеу жоспарланып жатыр" деген сөздер "әзiрлеу жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он екiншi абзацтағы "берешектердi қысқартуды, ал келешекте оған" деген сөздер "берешектерге" деген сөзбен ауыстырылсын;
      он төртiншi абзацтағы "деңгейi" деген сөз "шегi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы он бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Қызметкерге еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян кезiнде жұмыс берушінің жауапкершiлiгiн сақтандыру енгiзiлетiн болады.";
      он бесiншi және он алтыншы абзацтар алынып тасталсын;
      он жетiншi, он сегiзiншi және он тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мүгедектердiң қоғамға кiрiгуiн нығайтуға бағытталған оңалту бағдарламасын, мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеудi қолдау жөнiндегi заңдарды және ардагерлер туралы заңдарды iске асыру жүзеге асырылатын болады. Белгілi тұратын орны жоқ адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу орталықтары одан әрi дамытылатын болады.
      Yкiмет мүгедектiк статусын беру және еңбекке қабiлетiн жоғалту деңгейiн анықтау, сондай-ақ медицина қызметкерлерi мен медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиялары сарапшыларының жауапкершілігiн арттыру рәсiмiн регламенттеу жөнiндегi шараларды белгiлейдi.
      Протездеу-ортопедия саласын дамыту протездеу-ортопедия кәсiпорындарын және медициналық стационарларды бiрiктiру және олардың базасында протездеу-ортопедия орталықтарын құру жолымен жүзеге асырылатын болады. Жаңа технологиялар бойынша қазiргi заманғы талаптарға жауап беретiн протездердi шығару жолға қойылатын болады. Республиканың кәсiпорындарында аяқ-қол протездерiне жиынтықтаушы буындар мен бөлшектердi шығару жөнiнде импортты алмастырушы технологияларды енгiзу жоспарланып отыр.";
      "4.2. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету" бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын:
      "4.2. Еңбек қатынастары және жұмыспен қамту"
      Еңбек қатынастары.
      "Ой-ниет. Үкiмет еңбек қатынастары саласында жетiлдiруге, еңбек және еңбектi қорғау туралы заңдардың сақталуын қамтамасыз етуге, әлеуметтiк әрiптестiк жүйесiн құруға жәрдемдесуге, еңбек әлеуетiн iске асыру үшiн жағдайлар жасауға бағытталған жұмысты жалғастыратын болады.
      Yкiметтiң iс-қимылы. Еңбек саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiндегi жұмыс, сондай-ақ Халықаралық еңбек ұйымының тиiстi конвенцияларын бекiту жолымен еңбек туралы заңдарды халықаралық стандарттарға жақындату жөнiндегi жұмыс жалғасады.
      Yкiмет, кәсiподақтар мен жұмыс берушiлер арасындағы әлеуметтiк және еңбек қатынастары мәселелерi жөнiндегi әлеуметтiк диалогтың әрекеттi үш жақты тетiгiн одан әрi реттеу жалғасады.
      Азаматтардың еңбек бостандығына және қауiпсiз еңбек жағдайына конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк еңбек инспекциясының тiкелей құрылымын құру және мемлекеттiк еңбек инспекторларына қажеттi өкілеттiктер мен құқықтарды беру жолымен еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңдардың сақталуын мемлекеттiк бақылаудың қолданыстағы жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады.
      Азаматтарды еңбек қатынастарын заңдастыруға ынталандыруда жұмыстан айрылудан мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн енгiзуге жәрдемдесетiн болады.
      Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.
      Ой-ниет. Yкiмет жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, бұрынғы жұмыс орындарын сақтауға және жаңаларын құруға, уақытша және жеке еңбекпен қамтуды кеңейтуге, жұмыссыздықтың нақты ауқымын айқындауға бағытталған жұмысты жалғастырады.
      Үкiмет кедейлiк деңгейi мен жұмыссыздық деңгейiне тұрақты мониторинг жүргiзетiн болады.
      Yкiметтiң iс-қимылы. Азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жолымен кедейлену мүмкiндiгiн төмендету жөнiндегi жұмыс жалғасады.
      Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздықтың алдын алу саласында еңбек рыногында талап етiлген мамандықтарға сұраныс болған ретте кадрларды, оның iшiнде жұмыссыздардың арасынан даярлаудың икемдi жүйесiн жасау қажет.
      Осыған байланысты азаматтарды кейiннен еңбекке орналастыру мақсатында жаңа немесе бұрынғы кәсiптiк бiлiмдерi мен дағдыларын тереңдету арқылы еңбек рыногындағы бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру басты бағыт болмақ. Еңбек рыногындағы қажеттілікке сәйкес бiлiм беру, кадрларды даярлау жүйесiн одан әрi бағдарлау көзделiп отыр, кадрларды тiкелей жұмыс орнында қайта даярлау жүйесi жетiлдiрiлетiн болады. Еңбек рыногындағы сұраныс құрылымын болжау әдiстемесiн әзiрлеу, жұмыспен қамту қызметінің жұмысын жетiлдiру, халықты жұмыспен қамтудың аймақтық және республикалық бағдарламаларын әзiрлеу, қоғамдық жұмыстарға ақы төлеу жүйесi мен қаржыландыру көзiнің өзгеруiн ескере отырып ұйымдастыруды жетiлдiру, инвестициялық бағдарламаларды iске асыру кезiнде қосымша жұмыс орындарын құру жөнiндегi жұмыс жалғасады.
      Кедейлiкке және жұмыссыздыққа қарсы күрес жөнiндегi бағдарламаны P000833_ iске асыру барысында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу құралдарын, оның iшiнде жұмыспен қамтудың ақпараттық базасын, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң арнаулы бағдарламаларын iске асыру жөнiндегi нормативтiк құқықтық және әдiстемелiк базаларды жетiлдiру көзделiп отыр.
      Iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатында шетелдiк жұмыс күшiн әкелуге квоталар белгiлеу, сондай-ақ жұмыс берушiге қосымша жұмыс орындарын құру және бұрынғыларын сақтау, шетелдiктердi ауыстыру мақсатында қазақстандық мамандарды қайта оқыту жөнiндегi мiндеттемелердi жүктеу көзделуде.";
      "4.3. Бiлiм беру" бөлiмiнде:
      екiншi абзацта "дамытуға;" деген сөзден кейiн "қазақстандық жүйенiң бәсекеге қабiлеттiгiн арттыруға;" деген сөздермен толықтырылсын;
      он екiншi абзацтағы "қолдану" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "көзделiп отыр." деген сөздер алынып тасталсын және мынадай мазмұндағы он үшiншi, он төртiншi, он бесiншi, он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "орта мектепте оқушылардың ақпараттық технологияларды қолданудың негiзгi бағыттары бойынша қажеттi базалық даярлығын қамтамасыз ету;
      бiрыңғай ақпараттық-білім беру кеңiстiгiн құру мақсатында бiлiм берудің әдiстерi мен технологияларын жаңғыртуды қамтамасыз ететiн ақпараттандыруды қаржыландыруды жалғастыру;
      оқу мерзiмi 12 жылдық орта жалпы білім беру тұжырымдамасын әзiрлеу;
      орта жалпы бiлiм берудiң қорытынды аттестациясы мен кәсiби бiлiм беру жүйелерінің түсу емтихандарын бiрiктiру жөнiнде жекелеген аймақтарда эксперимент жүргiзу көзделiп отыр.";
      мынадай мазмұндағы жиырма бiрiншi, жиырма екiншi, жиырма үшiншi, жиырма төртiншi, жиырма бесiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "елдiң жоғары оқу орындарында студенттер құрамын қалыптастыру моделi жетiлдiрiледi;
      жоғары кәсіптiк бiлiм берудiң даярлық бағыттары мен мамандықтар жiктемесi жетiлдiрiледi;
      орта және жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру жүйесi жетiлдiрiледi;
      техникалық кәсiптердiң беделi арттырылады, техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлау үшiн Қазақ-Британ техникалық университетi құрылады;
      ұлттық және аймақтық мемлекеттiк университеттер жүйесiн дамыту жөнiндегi жұмыс жалғастырылады.";
      "4.4. Денсаулық сақтау" бөлiмiнде:
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Үкiметтің iс-қимылы. Үкiмет медициналық қызметтердiң сапасын арттыруға және олардың қол жетiмділігiне, денсаулық сақтауды реформалау бағдарламасына бөлiнген ақша қаражатының жұмсалуына қатаң бақылау жасауға бағытталған саясатты дәйектi жүргiзедi. Денсаулық сақтауды басқару органының деңгейi мен мәртебесi көтерiледi.";
      мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Үкiмет алға қойған мақсаттарды іске асыру үшiн:";
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "медициналық қызмет көрсетудiң қазiргi деңгейiн сақтауға және қолдауға, медициналық көмектiң әрбiр деңгейiне арналған сапа индикаторларын, экономикалық уәждеу тетiктерiн және денсаулық сақтау жүйесiн нарықтық жағдайда оңтайлы жұмыс iстеуге бейiмдеудi, тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң, салада ақылы қызметтер көрсетудiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiруге бағытталған кешендi экономикалық, құқықтық, ұйымдастыру шараларының кешенiн жүзеге асыруды;";
      жетiншi абзацта "тұрақтылығын" деген сөзден кейiн "заңнамалық" деген

 

сөзбен толықтырылсын;

     оныншы абзац алынып тасталсын;

     "4.5. Демография және көшi-қон" бөлiмiнде:

     бесiншi абзацта:

     "көшi-қоны" деген сөзден кейiн "және урбанизация" деген сөзбен

толықтырылсын;

     "болашақта" деген сөзден кейiн "iшкi көшi-қон процестерiн реттеу

жөнiндегi," деген сөздермен толықтырылсын;

     "4.6. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану" деген бөлiм

мынадай редакцияда жазылсын:


 
       "Ой-ниет. Үкiмет өз iс-қимылын қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыруға және табиғатты пайдалану процесiн қоғамның қажеттерiне сай реттеуге бағыттайды. Халықты табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғаудың сенiмдiлiгiн арттырады.
      Yкiметтің iс-қимылы. Қолданыстағы табиғат қорғау заңнамасын қатайту, сондай-ақ экологиялық заңнамалық нормаларды халықаралық конвенцияларға сәйкес келтiру жөнiнде шаралар қабылдау көзделiп отыр.
      Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Рио-де-Жанейродағы Халықаралық конференцияда (1992 ж.) Қазақстан қабылдаған мiндеттемелерге сәйкес дамитын болады. Орталық Азия мемлекеттерiмен трансшекаралық экологиялық проблемаларды шешу үшiн аймақтық экологиялық саясатты әрi сыртқы және аралас қаржыландырылатын жобаларды тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету жөнiндегі шараларды тұжырымдау саласында ынтымақтастықтың тұрақты тетiктерiн жасау жөнiнде шаралар қабылданады.
      Табиғатты пайдалануды оңтайландыру мақсатында қоршаған ортаны ластауды және табиғи ресурстарды пайдаланудың аумақтық шектеулерiн (лимиттерiн) анықтау; табиғи ресурстардың кадастрларын және қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн жасау; табиғатты пайдалану жүйесiн және оны пайдаланғаны үшiн ақы төлеу тетiгiн жетiлдiру, қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк экологиялық сараптама мен мемлекеттiк бақылау жұмысының құқықтық негiзiн күшейту; табиғатты қорғау iс-шараларына төлемдер және қаражат жұмсау жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi жұмыстар жалғасатын болады.
      Мына мiндеттердi: орман алқаптарын ұлғайту, сондай-ақ олармен қоса, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнің басқа да ресурстарын ұтымды пайдалануды; су ресурстарының тапшылығын қысқартуды; шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға әсерiн азайтуды; өндiрiс және тұтыну қалдықтарын пайдалану деңгейiн арттыруды шешу жолымен қоршаған ортаны қалпына келтiру әрi оңалту жөнiндегi шаралар көзделедi.
      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желiсiн ұлғайту ормандардың және өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң басқа да ресурстарын оңтайлы пайдалануға әрi олардың көлемiн ұлғайтуға ықпал ететiн болады. Астана қаласы төңiрегiнде орманды қалпына келтiру және ағаш егу, қорғаныш жасыл аймақты жасау жөнiнде iс-шаралар белгіленген. Бекiре балықтардың уылдырық шашатын, сирек кездесетiн әрi жойылып бара жатқан аң-құстардың өсіп-өнуi және қайту-келу кезеңiнде кең ауқымды шаралар жүргізе отырып қаскерлiкпен күрестi күшейту көзделуде. Экологиялық туризм одан әрi дамитын болады.
      Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге және су ресурстарының тапшылығын қысқартуға айрықша көңiл бөлiнедi. Трансшекаралық суларды ұтымды пайдалану тетiктерiн, су ресурстарын пайдаланудың кешендi схемаларын әзiрлеу ұйғарылып отыр. "Ауыз су" мемлекеттiк бағдарламасы қабылданатын болады.
      Шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға әсерiн азайту; қоршаған ортаға елеулi әсер ететiн өндiрiстерге экологиялық аудит жүйесiн енгiзу жөнiнде шаралар қабылданады. Экологиялық қауiптi қызметтердi кейiннен лицензиялауды және экологиялық сақтандыруды енгiзе отырып, олардың тiзбесi әзiрленiп, бекiтiлетiн болады.
      Тарихи ластануларды, оның iшiнде радиоактивтiк ластануды зерделеу жалғасады, оның нәтижелерi бойынша оларды жою жөнiндегi бағдарлама әзiрлеу көзделедi.
      Қалдықтарды пайдалану деңгейiн арттыру мақсатында қалдықтарды ұқсату жөнiндегi технологиялар мен қалдықсыз технологиялар дерекқорын жасау жалғасады және оларды енгiзу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылданады.
      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттiк жүйесiн құру мақсатында аймақтық және ғаламдық ауқымдағы төтенше жағдайларға жедел жауап әрекет етудiң жүйесi қалыптастырылады, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында мемлекетаралық келiсiмдердің iске асырылуы одан әрi дамытылады.";
      "4.7. Мәдениет және спорт" бөлiмiнде:
      "саласында:" деген сөзден кейiн "Дене шынықтыру және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын U010570_ iске асыру;" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) "5. Инфрақұрылым, көлiк және байланыс" басымдығында:
      үшiншi абзацта үшiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiн қайта құрылымдаудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасына P010756_ сәйкес "Қазақстан темiр жолы" РМК-ын қайта құрылымдау жүргiзу белгiленiп отыр.";
      төртiншi абзацта:
      екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақсу-Конечная (Дегелең) жаңа темір жол желiсiн салу аяқталады және Дөң-Краснооктябрь кенiшi жаңа темiр жол желiсiнiң құрылысы жалғасады.";
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Алматы-Астана желiсiнде жолаушы поездарының жүрдек қозғалысы ұйымдастырылады.";
      бесiншi абзацта "Автомобиль көлiгi кодексi" деген сөздер "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацта үшiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Алматы-Астана автокүрежолын оңалту аяқталады. Батыс Қазақстанда Атырау-Орал-Ақтөбе автомобиль жолдарын, Алматы-Бішкек, Алматы-Қорғас жолдарын, Қызылорданың тұсында Сырдария өзенiндегi көпiр өткелдi қайта салу басталады. Астана-Бурабай және Шығыс Қазақстан-Алтай Республикасының шекарасы автомобиль жолдарының учаскелерiн салу жалғасады. Орал қаласының тұсында Жайық өзенiне көпiр салу аяқталады.";
      сегiзiншi абзацта:
      "жұмыс жалғастырылады." деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Yкiмет азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы заң жобасын әзiрлейдi. Ұшу қауіпсiздiгiн мемлекеттiк қадағалау қатайтылады.";
      "Орталық Азия мен ТМД рыноктарын қоса алғанда, бәсекеге қабiлеттi және негiзiнен сыртқы рынокқа бағдарланған күшті Ұлттық тасымалдаушыны" деген сөздер "күшті ұлттық тасымалдаушыларды" деген сөздермен ауыстырылсын";
      оныншы абзацта:
      "отыр." деген сөзден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Саланы ырықтандыру процесi басталады.";
      "2003 жылға дейiн" деген сөздер алынып тасталсын, "байланыстыратын" деген сөз "байланыстыру жұмыстарын 2005 жылы аяқтай отырып," деген сөздермен және "құруды" деген сөз "қалыптастыруды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      он бiрiншi абзацта "қызметiн және қайта ұйымдастыру" деген сөздер "почта - жинақтаушы жүйесiн қалыптастырумен байланысты қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Көлiкте жүру қауiпсiздiгiн қадағалау саласында заңдар күшейтiлетiн болады.";
      4) "6. Энергетикалық ресурстар" басымдығында:
      үшiншi абзацта "2001 жылдың қыркүйегiне дейiн" деген сөздер алынып тасталсын және "бiрiншi кезектегi құрылысты аяқтау" деген сөздер "2001 жылы мұнай құбырының бiрiншi кезегiн iске қосу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесiншi абзацта үшiншi сөйлем алынып тасталсын;
      алтыншы абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Амангелдi газ кен орындары тобын игеру басталады.";
      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Электр энергетикасы. Электр энергетикасы секторын одан әрi реформалау мақсатында тариф мөлшерiнiң электрдi беру қашықтығына тәуелдi болуын кемiтуге, елде электр энергиясы мен қуатының бiрыңғай тиiмдi көтерме рыногын жасауға бағытталған тариф саясатын жалғастыру электр энергиясын өндiретiн энергия көздерi арасында өздерi өндiрген электр энергиясын өткiзу үшiн бәсекелестiктi күшейту белгiленген, бұл сайып келгенде, түпкi тұтынушыларға берiлетiн электр энергиясы үшiн бағаны төмендетуге жәрдемдеседi.";
      оныншы абзацта екiншi сөйлемдегi "2001 жылы" деген сөздер алынып тасталып, "жүргізiледі" деген сөз "жөніндегі жұмыс жалғастырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Электр және жылу энергиясын өндiру, беру, тарату тарифтерi мен бағаларын есептеу тетiктерi және оның реттелуi өзiндiк құнның толық өтелуiн қамтамасыз етуi тиiс. Осы мақсатта қазiргi рәсiмдердi шолу негiзiнде заңнамалық актiлер мен нормативтерге қажеттi түзетулер енгiзiледi.";
      он екiншi абзац алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Өзара тиiмдi қатынастар принциптерiне негiздей отырып, электр энергиясын өзара беру кезiнде энергиямен сенiмдi де iркiлiссiз қамтамасыз ету үшiн Қазақстанның, Ресейдiң және Орталық Азия елдерiнiң энергия жүйелерiнiң қатар жүретiн жұмысын ұйымдастыру жөнiндегі жұмыс одан әрi дамытылады.";
      5) "7. Кәсiби Yкiмет" басымдығында:
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ел Президентiнiң "Қазақстан - 2030" Қазақстан халқына Жолдауына K972030_ сәйкес Қазақстан Республикасын дамытудың 2010 жылға дейiнгі стратегиялық жоспары әзiрленедi.";
      мынадай мазмұндағы жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк басқаруды жетiлдiруде негiзгi күш қызмет нәтижелерiн бағалауға жұмсалады. Атқарушы билiктiң түрлi буындағы басшыларына шешiмдер қабылдауда және оларды iске асыруда көбiрек дербестiк берiледi. Қажеттi стратегиялық бақылау жұмысты орындау барысына емес, бiрiншi кезекте олардың қызмет нәтижелерiн бағалауға бағытталады.
      Әрбiр орталық және жергiлiктi атқарушы органның тиiстi бюджеттiк бағдарламаларға таратылған, бiр жылға арналып айқын әзiрленген және халыққа түсiнiктi жұмыс жоспары болады және оның орындалуы жөнiнде есеп бередi.
      Басшыларға мәселелердi шешудiң стратегиясы мен тактикасын айқындауда көбiрек еркiндiк берiлумен қатар, басқарудың әрбiр деңгейiнде қызмет нәтижелерiн тексеру практикасы енгiзiледi, соның негiзiнде әрбiр мемлекеттiк органның тұтас алғанда тиiмділігi бағаланатын болады.";
      сегiзiншi абзацта:
      "жағдай туғызады" деген сөздер "бағытталған" деген сөзбен ауыстырылсын; "құзыреттiлiк және" деген сөздер алынып тасталсын;
      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк қызметтiң мәртебесiн қолдау және көтеру мақсатында мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеудi көтерудің орташа мерзiмдi бағдарламасы әзiрленетiн болады. Лауазымдарды факторлық-баллдық бағалау негiзiнде еңбекке ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi пилоттық жобалар iске асырылады. Осының негiзiнде мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарына бiлiктiлiк талаптары әзiрленедi.";
      мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
      "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұлттық компаниялар

 

қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай принциптерi енгiзiледi.

Мұндай жүйенi Үкiмет айқындайды және ол кесiмдi жалақы мен бонустан

тұратын болады, олардың мөлшерi кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық

қызметiнiң нәтижелерiне байланысты болады.";

     оныншы абзац алынып тасталсын;

     он бiрiншi абзацта:

     "кеңiнен" деген сөз алынып тасталсын;

     он екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

     "Елдiң жаңа басқарушы элитасын қалыптастыру жөнiндегi мiндеттердi

iске асыру мақсатында халықаралық донор ұйымдардың техникалық қолдауы

жағдайында Астана қаласында Еуразия оқу орталығын құру жөнiнде шаралар

қолданылады.";

     он үшiншi абзацта "2001" деген сан "2002" деген санмен ауыстырылсын;

     мынадай мазмұндағы он төртiншi абзацпен толықтырылсын:

     "Yкiмет республикада заң шығарушылық қызметiне айрықша көңiл бөледi,

Қазақстан Республикасының Құқықтық даму тұжырымдамасын әзiрлейдi. Сонымен

қатар қабылданған заңдардың iске асырылуына, әсiресе заңға тәуелдi

нормативтiк құқықтық актiлердiң уақтылы әзiрленуi бөлігінде бақылау

күшейтiледi.";

     он төртiншi абзацта:

     мынадай мазмұндағы бiрiншi сөйлеммен толықтырылсын:

     "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi одан әрi күшейту жөнiнде қадамдар

жасалады.";

     "пәрмендi" деген сөз "дәйектi" деген сөзбен ауыстырылсын;

     "материалдық және қаржы қаражатын барынша үнемдеу," деген сөздер

алынып тасталсын.

     2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасын



P000367_


  іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарына осы Жарлықтан

туындайтын тиісті өзгерістер мен толықтыруларды енгізсін.

     3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

             Президенті


     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Багарова Ж.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады