Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2001 жылғы 12 мамыр N 607. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 838 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 12.02.2019 № 838 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Алтынбек Сәрсенбайұлы Сәрсенбаев - Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі болып тағайындалсын.

      2. Әлнұр Әлжапарұлы Мұсаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құрамынан шығарылсын.

      3. "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы N 88 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған Жарлықтың N 2 қосымшасында:

      "Марат Мұхамбетқазыұлы Тәжин" деген сөздер "Алтынбек Сәрсенбайұлы Сәрсенбаев" деген сөздермен алмастырылсын;

      "Әлнұр Әлжапарұлы Мұсаев" деген сөздер "Марат Мұхамбетқазыұлы Тәжин" деген сөздермен алмастырылсын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Президенті



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады