Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 21 тамыз N 668. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2003.12.31. N 1271 жарлығымен.

      " Қазақстан Республикасының Президенті туралы " 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының міндеттері мен өкілеттіктерін беруге байланысты қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Осы Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережедегі:
      4-тармақ "клиенттері" деген сөзден кейін ", бағалы қағаздар рыногының субъектілері" деген сөзбен толықтырылсын;
      6-тармақтағы:
      2) тармақша "сондай-ақ" деген сөздерден кейін "бағалы қағаздар рыногының және" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу;";
      мынадай мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Қазақстан Ұлттық Банкінің бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу органы ретіндегі негізгі міндеттері мыналар:
      1) бағалы қағаздар рыногында қалыптасатын қатынастарды мемлекеттік реттеу;
      2) бағалы қағаздар рыногында инвесторлардың құқықтарын және заңнамалық актілермен қорғалатын мүдделерін қорғау;
      3) бағалы қағаздар рыногының субъектілері сақтауға міндетті талаптарды белгілеу;
      4) бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының, олардың дербес реттелетін ұйымдарының, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар рыногындағы қызметі лицензиялар немесе рұқсаттар негізінде жүзеге асырылатын басқа да тұлғалардың қызметіне қадағалауды жүзеге асыру;
      5) жеке тұлғалардың - бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының кәсіби деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі оқыту жүйесін ұйымдастыру.";
      7-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік тіркеу жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыру;";
      12-тармақтың:
      3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) өзі белгілеген тәртіппен банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтай құжаттарын міндетті түрде сараптаудан өткізеді, сондай-ақ банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуге, банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім береді";
      8) тармақшадағы ", банктерге бағалы қағаздар рыногында кәсіптік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беруге" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақшамен толықтырылсын:
      "15-1. бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісе отырып бағалы қағаздар рыногын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды белгілейді;
      2) Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногының қызмет етуін қамтамасыз ету және бағалы қағаздардың ұлттық рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру, бағалы қағаздар рыногында инвесторлардың құқықтарын және заңнамалық актілермен қорғалатын мүдделерін қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізеді;
      3) өз құзыретi шегiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi сақтауға мiндеттi бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;
      4) заң актiлерiне сәйкес азаматтық құқық объектiлерiн бағалы қағаздар деп таниды;
      5) өзi белгiлеген тәртiппен және талаптарда:
      бағалы қағаздар эмиссияларын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады, бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендiру нөмiрлерiн бередi, бағалы қағаздар эмитенттерiнiң есептерiн қарайды және осындай есептердi бекiтедi немесе оларды бекiтуден бас тартады;
      басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасының аумағында орналастыруға және айналысқа жiберуге рұқсат бередi;
      бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi, бағалы қағаздармен жасалатын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметiн және заңнамаға сәйкес лицензияланатын бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң басқа түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар бередi, осындай лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұрады және жаңартады;
      зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың басшы қызметкерлерiнiң лауазымына кандидатураларды бекiту үшiн келiсiм бередi;
      бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшiн мамандарды даярлау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға рұқсат бередi, осындай рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұрады және жаңартады, олардың қолданылу мерзiмiн ұзартады және қайтарып алады;
      бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстегiсi келетiн жеке тұлғалардың аттестациясын жүзеге асырады, аттестациядан өткен тұлғаларға бiлiктiлiк куәлiктерiн бередi, бiлiктiлiк куәлiктерiнiң иелерiне қайта аттестация жүргiзедi және қайта аттестациядан өткен тұлғалар үшiн бiлiктiлiк куәлiктерiнiң қолданылу мерзiмiн ұзартады, бiлiктiлiк куәлiктерiнiң қолданылуын тоқтата тұрады және жаңартады, бiлiктiлiк куәлiктерiн қайтарып алады;
      6) бағалы қағаздарды орналастыруды және бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi (бағалы қағаздар айналысы) тiркеудi тоқтата тұрады және жаңартады, бағалы қағаздар эмиссияларын өткiзiлмедi деп таниды;
      7) өзi белгiлеген тәртiппен Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн және бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар мен рұқсаттардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
      8) мыналарды:
      бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметтің жаңа түрлерін;
      бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары үшiн қаржы тұрақтылығы өлшемдерiн есептеу әдiстемесiн және қолдану принциптерiн;
      бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi және қызметтiң басқа да лицензияланатын түрлерiн жүзеге асыру ережесiн, оның iшiнде бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды жасау шарттарына және тәртiбiне, осы операцияларды есепке алуға және олар бойынша есеп беруге қойылатын талаптарды;
      бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және басқа да есеп беру тiзбесiн, нысандарын, ұсыну және жариялау мерзiмiн анықтайды;
      9) бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын басқа тұлғалардың қызметiне қадағалауды жүзеге асырады;
      10) зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың және басқа институционалдық инвесторлардың инвестициялық қызметiн реттейдi;
      11) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң рұқсаты негiзiнде бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандарды дайындау жөнiнде қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс тәртiбiне талаптар белгiлейдi және осы талаптардың сақталуына бақылау жасайды;
      12) бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн заңнама нормаларын сақтауына бақылау жасайды; бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң қызметiн, оның iшiнде сол орында тексеру арқылы және кеңесшiлер ретiнде бағалы қағаздар рыногының мәселелерi жөнiндегi мамандарды тарта отырып тексередi;
      13) мемлекеттiк органдардан және бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiнен өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын дұрыс жүзеге асыру үшiн қажет деп санайтын ақпарат сұратуға және алуға құқылы, сондай-ақ алынған ақпарат бойынша түсiнiктеме талап етуге және алуға құқылы;
      14) бағалы қағаздар рыногының мәселелерi бойынша ақпарат жариялайды; бұқаралық ақпарат құралдарында және өздерiнiң хабарламаларында, есептерiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi туралы мәлiметтердi (коммерциялық, банктiк, қызметтiк құпиялардан немесе жеке басының құпиясынан тұратын мәлiметтерді қоспағанда) жариялауға құқылы, сондай-ақ олардың бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiне қатысты қабылдаған шаралары туралы ақпаратты жария етуге құқылы;
      15) бағалы қағаздар рыногын реттейтiн шетелдiк органдармен бағалы қағаздар рыногын реттеу, бағалы қағаздар рыногында заң бұзушылықтарды болдырмау және жолын кесу жөнiнде қабылданған шараларды үйлестiру жөнiндегi мәселелер және өзара мүддесiн бiлдiретiн басқа да мәселелер бойынша өзара iс-әрекет етедi;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеу жөнiндегi басқа да функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асырады.";
      24-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) бағалы қағаздар рыногын қалыптастыру және дамыту саласындағы басым бағыттарды белгiлеу;";
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банк және сақтандыру қызметiне, сондай-ақ заң актiлерiнде көзделген жағдайларда өзге де қызмет түрлерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерiн және Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту;";
      мынадай мазмұндағы 32-1)-32-4) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "32-1) мыналардың шарттары мен тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту:
      бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу және бағалы қағаздар эмитенттерiнiң есебiн қарау;
      басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасының аумағында орналастыруға және айналысқа жiберуге рұқсат беру;
      бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi, бағалы қағаздармен жасалатын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметiн және заңнамаға сәйкес лицензияланатын бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң басқа түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар беру және қайтарып алу, осындай лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және жаңарту;
      зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың және басқа институционалдық инвесторлардың инвестициялық қызметiн жүзеге асыруы;
      зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың басшы қызметкерлерiнiң лауазымдарына кандидатураларды келiсу;
      бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшiн мамандар әзiрлеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға рұқсат беру және қайтарып алу, осындай рұқсаттардың қолданылу мерзiмiн тоқтата тұру, жаңарту және ұзарту;
      бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстегiсi келетiн жеке тұлғаларға бiлiктiлiк куәлiктерiн беру, сондай-ақ бiлiктiлiк куәлiктерiнiң иелерiне санкциялар қолдану;
      32-2) мыналар:
      азаматтық құқық объектiлерiн бағалы қағаздар деп тану;
      бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң белгiлi түрлерiн кәсiби деп тану;
      бағалы қағаздар рыногында нақты ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен брокерлiк және дилерлiк қызметтi, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi және бағалы қағаздар рыногында кастодиан қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензиялар беру және қайтарып алу туралы шешiм қабылдау;
      32-3) мыналарды:
      бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларына арналған қаржы тұрақтылығы өлшемдерiн есептеу әдiстерiн және қолдану принциптерiн;
      бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi және қызметтiң лицензияланатын басқа да түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн;
      бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және басқа да есеп беру тiзбесiн, нысандарын, табыс ету және жариялау мерзiмiн белгiлеу;
      32-4) мыналарға:
      бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылардың бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларды жасау шарттарына және тәртiбiне, осы операцияларды есепке алуға және олар бойынша есеп беруге қойылатын талаптарды;
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң рұқсаты негiзiнде бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандарды дайындау жөнiнде қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс тәртiбiне қойылатын талаптарды белгiлеу;";
      33) тармақшадағы "уәкiлеттi органның келiсiмi болған жағдайда" деген сөздер алынып тасталсын;
      27-тармақтың:
      3) тармақшасындағы "бойынша" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеу мәселелерi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      30-тармақтың:
      15) тармақшасындағы "заңды тұлғаларға қолма-қол шетел валютасымен ақша айырбастау операцияларын жүргiзуге" деген сөздер алып тасталсын;
      16) тармақшадағы "уәкiлеттi ұйымдардың қолма-қол шетел валютасымен ақша айырбастау операцияларын жүргiзу" деген сөздер алып тасталсын, "лицензияларының" сөзi "лицензиялардың" болып жазылсын;
      мынадай мазмұндағы 20-1)-20-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "20-1) бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендiру нөмiрлерiн беру талаптарын және тәртiбiн белгiлейдi;
      20-2) мыналар:
      басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасының аумағында орналастыруға және айналысқа жiберуге рұқсат беру;
      бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру мен жаңарту және бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi (бағалы қағаздардың айналысы) тiркеу, бағалы қағаздар эмиссиясын өткiзiлмедi деп тану;
      осы Ереженiң 24-тармағының 32-2) тармақшасының төртiншi абзацында көрсетiлген қызмет түрлерiн қоспағанда, бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру және қайтарып алу;
      бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияларды тоқтата тұру және жаңарту;
      бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға рұқсат беру және қайтарып алу, мұндай рұқсаттың қолданылу мерзiмiн тоқтата тұру, жаңарту және ұзарту;
      бiлiктiлiк куәлiктерiнiң қолданылуын тоқтата тұру және жаңарту, бiлiктiлiк куәлiктерiн қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды;
     20-3) заңнамада көзделген жағдайларда бағалы қағаздар эмитенттерiнiң есептерiн бекiту туралы бұрын қабылданған шешiмдердi өзгертуге құқылы;
     20-4) Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн және бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға берiлетiн лицензиялар мен рұқсаттар тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;".
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.  

     Қазақстан Республикасының
     Президенті

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады