Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 ақпандағы N 801 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 15 қараша N 974. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2004.08.24. N 1426 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931  Жарлығына  сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 7 ақпандағы N 801  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 6, 37-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:
      5-тармақта:
      3) тармақшаның бірінші абзацындағы "орталық атқарушы" деген сөздер "уәкілетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9) тармақшаның үшінші абзацындағы "бюджеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижелері туралы Қаржы министрлігінің ақпараты негізінде" деген сөздер алынып тасталсын;
      17-тармақтағы "Қаржы министрлігіне" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады