Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 29 желтоқсан N 1009. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2003.12.31. N 1271 жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 17-1-бабына  сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктерін нақтылау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін оңтайландыру мақсатында қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына  мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде:
      15-1-тармақта:
      4) тармақша "бағалы қағаздар" деген сөздерден кейін ", оның ішінде туынды бағалы қағаздар" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "бағалы қағаздар, оның ішінде шығарылған туынды бағалы қағаздар эмиссияларын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады, оларға ұлттық бірегейлендіру нөмірлерін береді, бағалы қағаздарды, оның ішінде туынды бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептерді қарайды, осындай есептерді бекітеді не оларды бекітуден бас тартады, сондай-ақ акциялардың эмиссияларының күшін жояды;";
      8) тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "мемлекеттік емес облигацияларды шығару тәртібі мен шарттары;
      туынды бағалы қағаздарды шығару тәртібі мен шарттары;";
      24-тармақтың 32-1) тармақшасында:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бағалы қағаздар эмиссияларын мемлекеттік тіркеу, бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептерді қарау, бағалы қағаздар эмиссияларын жарамсыз деп тану және акциялар эмиссияларының күшін жою;";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "бағалы қағаздар рыногының объектілерін туынды бағалы қағаздар деп тану, туынды бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, туынды бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептерді қарау, шығарылған туынды бағалы қағаздарды жарамсыз деп тану;";
      2) аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымында:
      "3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдары" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-жолмен толықтырылсын:
      "5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы ғимараттарды пайдалану орталығы" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (қазыналық кәсіпорын)".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады