Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 6 тамыздағы N 1160 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 838 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 12.02.2019 № 838 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы N 88 Жарлығымен бекітілген Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері болып:

      АХМЕТОВ - Қазақстан Республикасының

      Даниал Кенжетайұлы Премьер-Министрі;

      ӨТЕМҰРАТОВ - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік

      Болат Жәмитұлы Кеңесінің Хатшысы;

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болып:

      ТАСМАҒАМБЕТОВ - Қазақстан Республикасының

      Иманғали Нұрғалиұлы Мемлекеттік хатшысы

      бекітілсін.

      "ТОҚАЕВ - Қазақстан Республикасының

      Қасымжомарт Кемелұлы Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан

      Республикасының Сыртқы істер

      министрі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "ТОҚАЕВ - Қазақстан Республикасының Сыртқы

      Қасымжомарт Кемелұлы істер министрі".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Президенті



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады