Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы 2003 жылғы есепті бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 1381 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543  Жарлығына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы 2003 жылғы есеп бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2004 жылғы 20 маусымға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы 2003 жылғы есеп және сыртқы аудитті жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      (РҚАО-ның ескертуі. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
            қалыптастыру және пайдалану туралы есеп осы Жарлыққа
            қоса берілмеген)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады