Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 1443 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 218 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі N 871 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2009.09.16  N 871 (2009.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс         

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің  35-бабына және  123-бабының 3-тармағына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 1443  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 36, 469-құжат; 2005 ж., N 21, 246-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және ұсыну ережесінде:
      7-тармақта:
      алтыншы абзацтағы "орындалмаған" деген сөз "төленбеген" деген сөзбен ауыстырылсын;

      жетінші және сегізінші абзацтардағы "кассалық атқарылу" деген сөздер "бюджет түсімдерінің атқарылу және/немесе бюджеттік бағдарламалар (шағын бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақта:
      төртінші абзацтағы "орындалмаған" деген сөз "төленбеген" деген сөзбен ауыстырылсын;

      бесінші, алтыншы және жетінші абзацтардағы "кассалық атқарылу" деген сөздер "бюджет түсімдерінің атқарылу және/немесе бюджеттік бағдарламалар (шағын бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақта:
      екінші абзацтағы "ресми" деген сөз алып тасталсын;
      үшінші абзацтағы "мыналарды" деген сөз "республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізген бюджеттік бағдарламаларды іске асыру деңгейіндегі олардың тиімділігін бағалаудан тұратын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды басқару сапасын және олардың нәтижелігін айқындауды қамтитын "Шығындар" бөлімі бойынша республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтар алып тасталсын;

      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалы есеп республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалы есептеріне, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру деңгейінде және бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды ішкі бақылау кезінде олардың тиімділігін бағалау нәтижелеріне, бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган сұрататын басқа деректерге негізделеді.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады