Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі N 217 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1503 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 25.04.2016 № 240 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерін құру, қайта құру және олардың қызметтерін тоқтату тәртібін реттеу мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" N 217 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 47, 430-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысы:
      мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:

      "3-1 бап. Консулдық мекемелер:

      1) бас консулдықтар - Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының;
      2) консулдықтар, вице-консулдықтар және консулдық агенттіктер - Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының;
      3) консулдық бөлімдер - Сыртқы істер министрі бұйрықтарының негізінде құрылады, қайта құрылады және өз қызметтерін тоқтатады.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады