Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 16 шілдедегі N 1617 Жарлығы

Президент пен Үкімет   
актілерінің жинағында  
(ПҮАЖ) жариялануға тиіс 

      Ақпараттық технологиялардың жаңа саласын құру және Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетін дамыту мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166  Жарлығына  (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 33, 322-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      1-тармақтың екінші абзацындағы "340" деген цифрлар "342,9" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      3-тармақ 7) тармақшасындағы "болып табылады" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8) мәтіндерді өңдеуге арналған машиналарды, көшіру-көбейту жабдығын, мекен-жай машиналарын, калькуляторларды, кассалық аппараттарды, таңбалау машиналарын, билет-касса машиналарын шығару, басқа да офистік машиналар мен жабдықтарды, электрондық есептеу машиналарын және ақпарат өңдеуге арналған өзге де жабдықтарды шығару;
      9) электр және радио элементтерін, таратушы аппаратура, дыбыс пен бейне қабылдауға, жазуға және бейнелеуге арналған аппаратуралар шығару;
      10) тұрмыстық электр құралдарын шығару болып табылады.";

      11-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "АЭА аумағында еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлармен:
      тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету;
      тауарларды қайта өңдеу;
      осы Ережеге сәйкес негізгі қызмет түрлеріне сай, АЭА құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлар мен жабдықтарды пайдалану және қолдану;
      тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау;
      құрылыс және өнеркәсіп өндірісі технологиясының талаптарын орындау жөнінде операциялар жүргізуге рұқсат етіледі.";

      "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ереженің жоспарына осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы Президентінің   
2005 жылғы 16 шілдедегі N 1617 Жарлығына 
ҚОСЫМША                  

Қазақстан Республикасы Президентінің   
2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166      
Жарлығымен бекітілген ережеге       
ҚОСЫМША                 

  "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық
аймағы туралы Ережеге жоспар

Жоспарды қағаз мәтінінен қараңыз.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады