Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 873 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 13 наурыздағы N 64 Жарлығы

 "Президент пен Үкімет актілерінің 
жинағында" жариялануға тиіс   

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 873  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 15, 157-құжат; 2004 ж., N 33, 438-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерінің 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Заң жобалары бойынша Президент Әкімшілігі көрсеткен ескертулерді жойғаннан, не заң жобалары бойынша Президент Әкімшілігімен пайда болған келіспеушіліктерді жойғаннан кейін Үкімет заң жобаларын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады