Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі N 140 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 15) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Мыналар:

      1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже;

      2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асыру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы № 2975 Жарлығы;

      2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi № 3108 Жарлығы;

      3) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi № 3108 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 28 қаңтардағы № 3343 Жарлығы;

      4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы № 2975 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 18 ақпандағы М 3841 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 4, 20-құжат);

      5) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi № 3108 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 1 сәуiрдегi № 3892 Жарлығы;

      6) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы № 2975 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 13 ақпандағы № 557 Жарлығы;

      7) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi № 3108 және 1996 жылғы 18 маусымдағы № 3039 Жарлықтарына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 қарашадағы № 719 Жарлығының 1-тармағы;

      8) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi № 3108 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 6 наурыздағы № 821 Жарлығы;

      9) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы № 2975 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 4 ақпандағы № 1288 Жарлығы;

      10) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1504 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы;

      11) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы № 2975 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 16 мамырдағы № 1573 Жарлығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., № 20, 238-құжат).

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Президентi

  1-ҚОСЫМШA
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы 5 шiлдедегi
№ 140 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

      Ескерту. Ережеде: бүкіл мәтін бойынша "өтініштерді", "өтініші", "өтініш", "өтінішпен", "өтінішті", "өтініштің", "өтінішке", "өтініштері" деген сөздер тиісінше "өтінішхаттарды", "өтінішхаты", "өтінішхат", "өтінішхатпен", "өтінішхатты", "өтінішхаттың", "өтінішхатқа", "өтінішхаттары" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР Президентінің 09.02.2023 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы осы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабының 6) тармақшасына және 33-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қызметінің және кешірім жасау туралы өтінішхаттарды қараудың тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      2. Кешірім жасауды өзіне қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген, сол сияқты шет мемлекет сотының үкімі бойынша тағайындалған жазаны Қазақстан Республикасының аумағында өтеп жатқан не өтеген адамның өтінішхаты негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      3. Қазақстан Республикасының Президентi өз қарауымен сотталған немесе жазасын өтеген адамға кешiрiм жасай алады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      4. Кешірім жасау туралы өтінішхат сот үкімі (қаулысы) заңды күшіне енгеннен кейін ғана берілуі мүмкін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      5. Кешiрiм жасау:

      1) алып тасталды – ҚР Президентінің 09.02.2023 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;

      1-1) өмір бойына бас бостандығынан айыруды белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырумен алмастыру;

      2) жазаны одан әрi өтеуден босату не белгiлеген жазаның мерзiмiн қысқарту;

      3) сот белгілеген жазаны жазаның неғұрлым жеңіл түрімен алмастыру;

      3-1) қосымша жаза түрінен босату;

      4) жазасын өтеген немесе оны одан әрі өтеуден босатылған адамдардан сотталғандықты алып тастау түрінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036; 09.02.2023 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия

      6. Кешiрiм жасау туралы материалдарды қарауды Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жүзеге асырады.

      7. Комиссияның құрамын Президент бекiтедi.

      8. Комиссияны төраға басқарады.

      Комиссияның құрамына лауазымы бойынша төрағаның орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Бас Прокурордың жазаның орындалуы және азаматтарды ақтау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы кіреді.

      Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өзге де адамдар кіруі мүмкін.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 09.02.2023 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 20.10.2023 № 384 Жарлықтарымен.

      9. Комиссия отырысында төраға болмаған жағдайда оның мiндетi Комиссия төрағасының орынбасарына жүктеледi.

      10. Комиссияның отырысы оның мүшелерiнiң үштен екiсi қатысқан ретте құқылы болып саналады.

      11. Комиссияның отырыстарына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары немесе олардың орынбасарлары қатысып, талқыланатын мәселелер бойынша сөз сөйлей алады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 09.02.2023 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      12. Комиссия өз отырыстарына оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпарат алу үшін мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, сондай-ақ өзге де адамдарды шақыруға құқылы.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      13. Комиссияның шешiмi оның қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Сотталған адам үшiн неғұрлым қолайлы мәселе дауысқа бiрiншi болып салынады. Комиссия мүшелерiнiң дауыстары тең бөлiнген жағдайда төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады. Комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделiп, оған отырысқа қатысқан оның барлық мүшелерi қол қояды.

      Шақырылған адамдар Комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 09.02.2023 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      14. Кешiрiм жасау туралы мәселе қаралған кезде:

      1) жасалған қылмыстың қоғамдық қауiптiлiк сипаты мен деңгейi, сотталған адамның жеке басы, оның мiнез-құлқы, еңбекке көзқарасы, бас бостандығынан айыру орындарындағы ынталы ұйымдардың жұмысына қатысуы, өтелмеген жаза мерзiмi, отбасы жағдайы және кешiрiм жасау туралы өтiнiштi қарау кезiнде маңызы бар басқа да жағдаяттар;

      2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, Бас Прокурорының және Ішкі істер министрінің сотталған адамға қатысты кешірім жасауды қолданудың орындылығы туралы қорытындылары;

      3) жазаны орындайтын органдар әкімшіліктерінің, қоғамдық бірлестіктер мен еңбек ұжымдарының пікірлері (болған жағдайда);

      4) сотталған адамға кешірім жасау туралы жәбірленушінің не оның заңды өкілінің өтінішхаты (болған жағдайда) зерделенеді және назарға алынады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      15. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттік құқық бөлімі болып табылады, ол:

      1) кешiрiм жасау туралы материалдарды алдын ала қарауды, Комиссия мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауы үшiн қажеттi материалдарды дайындауды;

      2) Мемлекет басшысының кешiрiм жасау туралы жарлықтарының уақтылы орындалуын бақылауды;

      3) кешiрiм жасауды қолданудың практикасын қорытуды;

      4) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi туралы ережеде және осы Ережеде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.04.24 № 576 Жарлығымен.

3. Кешiрiм жасау туралы өтiнiштi жолдау тәртiбi

      16. Сотталған адам жазбаша түрде кешірім жасау туралы өтінішхатпен Қазақстан Республикасы Президентінің атына жүгінеді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      17. Бас бостандығынан айыруға, қамауға алуға сотталған адамның кешірім жасау туралы өтінішхаты жазаны орындайтын мекеменің әкімшілігі арқылы беріледі.

      Гауптвахтада өтеумен қамауға алуға сотталған адамның (әскери қызметшінің) кешірім жасау туралы өтінішхаты жазасын өтеу орны бойынша әскери полиция органдары арқылы беріледі.

      Бас бостандығын шектеу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған, шартты түрде сотталған, жазаны өтеуі кейінге қалдырылған адамның кешірім жасау туралы өтінішхаты тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі арқылы беріледі.

      Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның кешірім жасау туралы өтінішхаты тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдары арқылы беріледі.

      Айыппұлға сотталған не жазаны өтеген, не жазаны одан әрі өтеуден босатылған адам кешірім жасау туралы өтінішхатты Қазақстан Республикасы Президентінің атына өзі жолдайды.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 09.02.2023 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      18. Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      19. Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      19-1. Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      19-2. Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      20. Алып тасталды – ҚР Президентінің 09.02.2023 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      21. Алып тасталды – ҚР Президентінің 09.02.2023 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      22. Алып тасталды – ҚР Президентінің 09.02.2023 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      23. Алып тасталды – ҚР Президентінің 09.02.2023 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      24. Мекемелердің, жазаны орындайтын органдардың әкімшілігі немесе ішкі істер органдары кешірім жасау туралы өтінішхатты тіркегеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде оны осы Ереженің 25-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жолдауы тиіс.

      Кешірім жасау туралы өтінішхаттың жолданғаны туралы үш жұмыс күні ішінде өтінішхат берген адамға хабарланады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      25. Кешірім жасау туралы өтінішхатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың куәландырылған көшірмесі;

      1-1) сотталғанның өмірбаян деректері, оның отбасылық жағдайы, бұрынғы соттылығы, сотталғанға бұрын рақымшылық жасау актісін қолдану, сондай-ақ сотталғанның бұрынғы кешірім жасау туралы өтінішхаттарын қарау нәтижелері туралы мәліметтері көрсетілген сауалнама (кешірім жасау туралы өтінішхатты өзі жолдайтын адамды қоспағанда);

      2) сотталған адам оларға сәйкес жазасын өтеп жатқан (өтеген) сот актілерінің куәландырылған көшірмелері;

      3) мекеме, жазаны орындайтын органдар әкімшілігінің, ішкі істер органдарының пікірімен бірге кешірім жасау актісін қолданудың орындылығы туралы ұсынуы (жазаны өтеген не жазаны одан әрі өтеуден босатылған, сондай-ақ белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыруға сотталған адам тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының ұсынуын қоса береді);

      4) мінездеме (кешірім жасау туралы өтінішхатты өзі жолдайтын адам тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының мінездемесін қоса береді);

      5) денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      5-1) психологиялық мінездеме (мекеменің әкімшілігі қоса береді);

      6) талап арыздары және өтелмеген берешегі туралы анықтама;

      7) сотталған адамның, жазасын өтеген немесе жазаны одан әрі өтеуден босатылған адамның қалауы бойынша, сондай-ақ мекеме, жазаны орындайтын органдар әкімшілігінің, ішкі істер органдарының бастамасы бойынша кешірім жасауды қолдану туралы мәселені қарауда маңызы бар басқа да құжаттар.

      Комиссияның жұмыс органы мекемелер, жазаны орындайтын органдар әкімшілігінен, ішкі істер органдарынан кешiрiм жасау туралы мәселені қарау үшін маңызы бар қосымша материалдарды сұратып ала алады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 09.02.2023 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      26. Кешірім жасау туралы өтінішхатқа қоса берілген және мекемелер, ішкі істер органдары, жазаны орындайтын органдары арқылы жіберілген материалдарды тиісінше осы мекемелердің әкімшілігі, тиісті органдардың басшылығы куәландырады.

      Кешірім жасау туралы өтінішхатқа қоса берілген және жазаны өтеген немесе жазаны одан әрі өтеуден босатылған адам өзі жолдаған материалдарды нотариат куәландыруға тиіс.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036; өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 09.02.2023 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      27. Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      28. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің қарауы бойынша адамға кешірім жасау туралы шешімді қабылдаған жағдайда, Комиссияның жұмыс органы мекеме, жазаны орындайтын орган әкімшілігінен, ішкі істер органдарынан, не жазаны өтеген немесе жазаны одан әрі өтеуден босатылған адамнан қажетті құжаттарды сұратады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      29. Кешiрiм жасау туралы өтiнiштi жолдаған мекеме әкiмшiлiгi немесе жазаны орындаушы орган:

      1) сотталған адам қайтыс болған;

      2) сотталған адам басқа мекемеге ауыстырылған;

      3) кешiрiм жасау туралы мәселенi шешуге ықпал ететiн өзге де жағдаяттар пайда болған жағдайда Комиссияны хабардар етуге тиiс.

4. Кешiрiм жасау туралы өтiніштердi қарау бойынша iс жүргiзу

      30. Кешірім жасау туралы өтінішхаты бар келіп түскен материалдарды Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Жоғарғы Сотына және Ішкі істер министрлігіне жібереді, олар келіп түскен сәттен бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған сот шешімдерінің мазмұнын, қылмыстың жасалу жағдаяттарын, сотталған адамның жеке басы туралы мәліметтерді және кешірім жасау туралы әрбір өтінішхаттың мән-жайы жөнінде өз пікірлерін көрсете отырып, қорытындыларды ұсынады.

      Соттаудың негізсіздігі немесе заңдылықтың бұзылуы жөнінде тексеруді қажет ететін деректер келтірілген кешірім жасау туралы өтінішхаттарды жұмыс органы не Комиссия тексеру үшін тиісті мемлекеттік органдарға жібереді.

      Кешірім жасау туралы өтінішхатпен қоса ұсынылған құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, Комиссияның жұмыс органы оларды пысықтауға қайтарады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      31. Жұмыс органы кешірім жасау туралы өтінішхаттары бар материалдарды зерделеу қорытындылары бойынша және тиісті мемлекеттік органдардың қорытындыларын алғаннан кейін Комиссияның қарауына енгізеді.

      Кешірім жасау туралы өтінішхаттарды Комиссияның қарауына енгізуге негіздер болмаған жағдайда, жұмыс органы бұл туралы мекемелерге, жазаны орындайтын органдарға, ішкі істер органдарына кешірім жасау туралы өтінішхат берген адамды не осындай өтінішхатпен өзі жүгінген адамды кейіннен хабардар ету үшін хабарлайды.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

      32. Комиссияның ұсыныстарын қараудың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Президенті кешірім жасау туралы жарлықтар шығарады, олар шағымдануға жатпайды.

      Кешірім жасау туралы өтінішхаттарды қабылдамаған жағдайда, Комиссияның жұмыс органы бұл туралы кешірім жасау туралы өтінішхат берген адамды не осындай өтінішхатпен өзі жүгінген адамды кейіннен хабардар ету үшін мекемелерге, жазаны орындайтын органдарға, ішкі істер органдарына жазбаша хабарлайды.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.

5. Қорытынды ережелер

      33. Кешірім жасау туралы жарлықтар қадағалауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, орындалу үшін – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне немесе жазаны орындайтын өзге органдарға жіберіледі.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 09.02.2023 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      34. Қазақстан Республикасы Президентінің кешірім жасау туралы жарлықтарының орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі немесе жазаны орындайтын өзге орталық мемлекеттік органдардың басшылары ұсынады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 09.02.2023 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      35. Алып тасталды – ҚР Президентінің 09.02.2023 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы 5 шілдедегі
№ 140 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрамы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 09.02.2023 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 20.10.2023 № 384; 02.07.2024 № 594 Жарлықтарымен.

Бәшімов Марат Советұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, төраға (келісім бойынша)

Комиссия мүшелері:

Асанова Жанна Бейсентайқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша),

Борчашвили Исидор Шамилович

заң ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

Әубәкірова Индира Оралқызы

заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша);

Тұрмағамбетова Жемiс Өтегенқызы

"Адам құқығының хартиясы" қорының атқарушы директоры (келісім бойынша).

      Комиссияның құрамына лауазымы бойынша төрағаның орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Бас Прокурордың жазаның орындалуы және азаматтарды ақтау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары және Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы кіреді.

     

On the Commission on issues of pardon under the President of the Republic of Kazakhstan

Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated July 5, 2006 No. 140.

      Unofficial translation

  To be published in
  "Collection of acts of the President
  and Government"

      In accordance with subparagraph 15) of Article 44 of the Constitution of the Republic of Kazakhstan and subparagraph 3) of paragraph 2 of Article 33 of the Constitutional Law of the Republic of Kazakhstan dated December 26, 1995 "On the President of the Republic of Kazakhstan" I hereby RESOLVE:

      1. To approve:

      1) The Regulations on the Commission on issues of pardon under the President of the Republic of Kazakhstan in accordance with Annex1;

      2) the composition of the Commission on issues of pardon under the President of the Republic of Kazakhstan in accordance with Annex 2.

      2. To recognize as terminated:

      1) Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated May 7, 1996 № 2975 "On approval of the Regulations on the procedure for granting pardon to citizens by the President of the Republic of Kazakhstan";

      2) Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated September 13, 1996 № 3108 "On the composition of the Commission on issues of pardon under the President of the Republic of Kazakhstan";

      3) Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated January 28, 1997 № 3343 "On Amendments and Additions to Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated September 13, 1996 № 3108 "On the Composition of the Commission on issues of pardon under the President of the Republic of Kazakhstan";

      4) Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated February 18, 1998 № 3841 "On amendments and additions to Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated May 7, 1996 № 2975" (CAPG of the Republic of Kazakhstan, 1998, № 4, art. 20);

      5) Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated April 1, 1998 № 3892 "On amendments to Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated September 13, 1996 № 3108";

      6) Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated February 13, 2001 № 557 "On amendments to Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated May 7, 1996 № 2975";

      7) paragraph 1 of Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated November 7, 2000 № 719 "On amendments to Decrees of the President of the Republic of Kazakhstan dated September 13, 1996 № 3108 and dated June 18, 1996 № 3039";

      8) Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated March 6, 2002 № 821 "On Amendments to Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated September 13, 1996 № 3108";

      9) Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated February 4, 2004 № 1288 "On amendments and additions to Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated May 7, 1996 № 2975";

      10) subparagraph 2) of paragraph 1 of Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated December 15, 2004 № 1504 "On amendments to some acts of the President of the Republic of Kazakhstan";

      11) paragraph 1 of Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated May 16, 2005 № 1573 "On amendments and additions to Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated May 7, 1996 № 2975 and terminating some acts of the President of the Republic of Kazakhstan" (CAPG of the Republic of Kazakhstan, 2005, № 20, article 238).

      3. This Decree shall come into effect from the date of signing. 

      The President of the
Republic of Kazakhstan

  ANNEX 1
APPROVED by
Decree of the President of the
Republic of Kazakhstan
dated July 5, 2006 № 140

REGULATIONS
on the Commission and on issues of pardon
under the President of the Republic of Kazakhstan

      Footnote. The entire text is amended in the national language, the text in Russian is not changed pursuant to Decree of the President of the Republic of Kazakhstan № 126 of 09.02.2023 (shall be enacted ten calendar days after the date of its first official publication).

1. General provisions

      1. This Regulation on the Commission on issues of pardon under the President of the Republic of Kazakhstan (hereinafter referred to as the Regulation) in accordance with subparagraph 15) of Article 44 of the Constitution of the Republic of Kazakhstan, subparagraph 6) of Article 19 and subparagraph 3) of paragraph 2 of Article 33 of the Constitutional Law of the Republic of Kazakhstan dated December 26 1995 "On the President of the Republic of Kazakhstan" shall define the procedure for activities of the Commission on the issues of pardon under the President of the Republic of Kazakhstan (hereinafter referred to as the Commission) and consideration of request for pardon.

      Footnote. Paragraph 1 as amended by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated 22.04.2015 № 1036.

      2. Pardon shall be carried out by the President of the Republic of Kazakhstan based on a suit of a person in respect of whom the conviction has entered into force, as well as a person who is serving or has served on the territory of the Republic of Kazakhstan a sentence imposed by a court of a foreign state.

      Footnote. Paragraph 2 as amended by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated 22.04.2015 № 1036.

      3. The President of the Republic of Kazakhstan may, at his discretion, pardon a convicted person or a person who has served a sentence.

      Footnote. Paragraph 3 as amended by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated 22.04.2015 № 1036.

      4. The request for pardon may be filed only after the entry into effect of a court judgment (resolution).

      Footnote. Paragraph 4 as amended by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated 22.04.2015 № 1036.

      5. Pardon shall be carried out in the form of:

      1) Excluded by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan № 126 dated 09.02.2023 (shall come into force ten calendar days after the date of its first official publication);

      1-1) replacement of life imprisonment with imprisonment for a certain period;

      2) release from further serving the sentence or reduction of the term of the imposed sentence;

      3) replacement of the punishment imposed by the court with a milder type of punishment;

      3-1) release from an additional type of punishment;

      4) removal of a criminal record from persons who have served a sentence or released from further serving it.

      Footnote. Paragraph 5 as amended by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated 22.04.2015 № 1036; № 126 dated 09.02.2023 (shall come into force ten calendar days after the date of its first official publication).

2. Commission on issues of pardon
under the President of the Republic of Kazakhstan

      6. Consideration of materials on pardon shall be carried out by the Commission on issues of pardon under the President of the Republic of Kazakhstan (hereinafter referred to as the Commission), which is an advisory and consultative body under the President of the Republic of Kazakhstan.

      7. The composition of the Commission shall be approved by the President.

      8. The commission shall be chaired by the chairman.

      The Commission shall consist ex officio of the Assistant to the President of the Republic of Kazakhstan on legal issues, the Human Rights Commissioner of the Republic of Kazakhstan, the Deputy Prosecutor General in charge of penal enforcement and rehabilitation of citizens, and the Chairman of the Penal Execution System Committee of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan.

      The Commission may consist of members of the Parliament of the Republic of Kazakhstan, representatives of non-governmental organizations and other persons.

      Footnote. Paragraph 8 - as reworded by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan № 126 of 09.02.2023 (shall become effective ten calendar days after the date of its first official publication)); as amended by the Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated 20.10.2023 № 384.

      9. In the absence of the Chairperson at the meeting of the Commission, his duties shall be assigned to the deputy Chairperson of the Commission.

      10. Meeting of the Commission shall be deemed competent if attended by more than two thirds of its members.

      11. The Chairman of the Supreme Court, the chairmen of the Judicial Boards of the Supreme Court, the heads of the Central State Authorities or their deputies may attend the Commission's sessions and take the floor on matters under discussion.

      Footnote. Paragraph 11 - as reworded by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan № 126 of 09.02.2023 (shall come into force ten calendar days after the date of its first official publication).

      12. The Commission shall have the right to invite representatives of state bodies, public associations, as well as other persons to its meetings in order to obtain the necessary information on issues within its competence.

      Footnote. Paragraph 12 as amended by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated 22.04.2015 № 1036.

      13. The decision of the Commission shall be adopted by a majority vote of the number of its members present at the meeting. The first question to be voted on is the question most favorable to the convicted person. When the votes of the members of the Commission are equally divided, the vote of the Chairperson shall be decisive. The decision of the Commission shall be documented in the minutes and signed by all its members who participated in the meeting.

      Invitees shall not vote when the Commission takes its decision.

      Footnote. Paragraph 13 as amended by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan № 126 of 09.02.2023 (shall be put into effect ten calendar days after the date of its first official publication).

      14. When considering the issue of pardon, the following shall be studied and taken into account:

      1) the nature and degree of social danger of the crime committed, the personality of the convicted person, his behavior, attitude to work, participation in the work of amateur organizations in places of deprivation of liberty, the term of the sentence not served, marital status and other circumstances that are important when considering an application for pardon;

      2) the conclusions of the Chairperson of the Supreme Court, the Prosecutor General and the Minister of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan on the advisability of applying the act of pardon to the convicted person;

      3) opinions of the administration of the bodies executing punishment, public associations and labor collectives (if any);

      4) an appeal (if any) of the victim or his legal representative for pardon of the convicted person.

      Footnote. Paragraph 14 as amended by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated 22.04.2015 № 1036.

      15. The working body of the Commission shall be the State Legal Department of the Administration of the President of the Republic of Kazakhstan, which carries out:

      1) preliminary consideration of the submitted materials on pardon, preparation of the necessary materials for consideration by the Commission and the President of the Republic of Kazakhstan;

      2) control over the timely execution of Decrees of the Head of State on pardon;

      3) generalization of the practice of applying pardon;

      4) other powers provided for by the Regulations on the Administration of the President of the Republic of Kazakhstan and these Regulations.

      Footnote. Paragraph 15 as amended by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated 24.04.2008 № 576.

3. Procedure for filing an application for pardon

      16. The convicted person shall apply in writing with a request for pardon addressed to the President of the Republic of Kazakhstan.

      Footnote. Paragraph 16 as amended by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated 22.04.2015 № 1036.

      17. A clemency petition of a person sentenced to imprisonment or detention shall be filed through the administration of the institution executing the sentence.

      A plea of mercy for a person (serviceman) sentenced to arrest and serving his sentence in the brig shall be filed through the military police authorities at the place where the sentence is being served.

      A petition for a clemency for a person sentenced to a punishment of restriction of liberty, correctional labour, community service, probation or suspension of serving the sentence shall be filed through the probation service at the place of residence.

      A petition for a clemency of a person freed on parole from serving the sentence shall be lodged through bodies of internal affairs in the place of residence.

      A person who has been convicted to a fine or who has served the sentence or has been discharged from further serving of the sentence shall independently file a clemency petition addressed to the President of the Republic of Kazakhstan.

      Footnote. Article 17 - as reworded by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan № 126 of 09.02.2023 (shall come into effect ten calendar days after the date of its first official publication).
      18. Excluded by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated 22.04.2015 № 1036.
      19. Excluded by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated 22.04.2015 № 1036.
      19-1. Excluded by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated April 22, 2015 № 1036.
      19-2. Excluded by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated 22.04.2015 № 1036.
      20. Excluded by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan № 126 dated 09.02.2023 (shall be enforced upon expiry of ten calendar days after its first official publication).
      21. Excluded by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan № 126 dated 09.02.2023 (shall be enforced upon expiry of ten calendar days after its first official publication).
      22. Excluded by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan № 126 dated 09.02.2023 (shall be enforced upon expiry of ten calendar days after its first official publication).
      23. Excluded by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan № 126 dated 09.02.2023 (shall be enforced upon expiry of ten calendar days after its first official publication).

      24. The administration of the institutions, bodies executing the sentence, or the internal affairs bodies shall be obliged, within fifteen working days after the registration of the request for pardon, to send it together with the documents specified in paragraph 25 of this Regulation to the Administration of the President of the Republic of Kazakhstan.

      The applicant shall be notified of the submission of an application for pardon within three working days.

      Footnote. Paragraph 24 as amended by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated 22.04.2015 № 1036.

      25. The following documents shall be enclosed with a petition for clemency:

      1) a certified copy of an identity document;

      1-1) a questionnaire containing the convict's curriculum vitae, family history, previous convictions, previous amnesties and the results of previous clemency petitions (apart from the person petitioning for clemency on his/her own);

      2) certified copies of the court decisions where the convicted person is (has been) serving the sentence;

      3) a statement with the opinion of the administration of the institution, the bodies enforcing the sentence and the internal affairs authorities on the advisability of a clemency (a person who has served or been released from serving his/her sentence or who has been sentenced to life imprisonment or to a particular occupation shall attach a statement from the internal affairs authorities at his/her place of residence);

      4) a characteristic (a person applying for a clemency on his/her own shall attach a characteristic from the internal affairs authorities in the place of residence);

      5) a certificate of health status;

      5-1) a psychological profile (to be enclosed by the administration of the institution)

      6) a certificate of claims and outstanding debts;

      7) upon the request of the convicted person, the person who has served the sentence or been released from further serving of the sentence, as well as on the initiative of the administration of the institution, the bodies executing the sentence, the internal affairs bodies - other documents important for consideration of the application of the clemency.

      The working body of the Commission may require from the authorities of penal institutions, penal enforcement bodies and internal affairs bodies additional materials relevant to the consideration of a clemency.

      Footnote. Paragraph 25 - as reworded by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan № 126 of 09.02.2023 (shall become effective ten calendar days after the date of its first official publication).

      26. The materials attached to the request for pardon and sent through the institutions, internal affairs bodies, bodies executing punishment shall be, respectively, verified by the administration of these institutions, the authorities of the relevant bodies.

      Materials accompanying a petition for clemency and submitted independently by a person who has served or been released from serving his/her sentence must be notarised.

      Footnote. Paragraph 26 as amended by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated 22.04.2015 № 1036; as amended by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan № 126 of 09.02.2023 (shall be put into effect ten calendar days after the date of its first official publication).
      27. Excluded by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated 22.04.2015 № 1036.

      28. If the President of the Republic of Kazakhstan decides to pardon a person at its own discretion, the working body of the Commission shall request the necessary documents from the administration of the institution, the bodies executing the sentence, the internal affairs bodies, or from the person who has served a sentence or released from further serving it.

      Footnote. Paragraph 28 as amended by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated 22.04.2015 № 1036.

      29. The administration of the institution or the body executing the sentence that submitted the request for pardon shall be obliged to notify the Commission in the event of:

      1) death of the convicted person;

      2) transfer of the convicted person to another institution;

      3) the emergence of other circumstances that may affect the decision of the issue of pardon.

4. Proceedings for consideration of request for pardon

      30. The received materials with a request for pardon shall be sent by the working body of the Commission to the General Prosecutor's Office, the Supreme Court and the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan, which, no later than one month from the date of receipt, shall submit conclusions indicating the content of the adopted court decisions, the circumstances of the crime, data on the personality of the convicted person and his opinion on the merits of each request for pardon.

      Requests for pardon, which contain references to the groundlessness of the conviction or violation of the law that need verification, shall be sent by the working body or the Commission for verification to the relevant state bodies.

      In case of improper execution of documents submitted with a request for pardon, the working body of the Commission shall return them for revision.

      Footnote. Paragraph 30 as amended by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated 22.04.2015 № 1036.

      31. Materials with requests for pardon based on the results of their study and after receiving the conclusions of the relevant state bodies shall be submitted by the working body for consideration by the Commission.

      In the absence of grounds for filing a request for pardon for consideration by the Commission, the working body shall inform on this to the institutions, bodies executing the sentence, the internal affairs bodies for further informing the person applying for pardon or the person who has submitted a request independently.

      Footnote. Paragraph 31 as amended by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated 22.04.2015 № 1036.

      32. Based on the results of consideration of proposals of the Commission, the President of the Republic of Kazakhstan shall issue the decrees on pardon, which are not subject to appeal.

      When a request for pardon is filed, the working body of the Commission shall notify in writing the institutions, bodies executing the sentence, and the internal affairs bodies for further informing the person applying for pardon or the person who has submitted a request independently.

      Footnote. Paragraph 32 as amended by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated 22.04.2015 № 1036.

5. Final provisions

      33. Decrees of clemency shall be forwarded for supervision to the Office of the Procurator-General of Kazakhstan and for enforcement to the Ministry of Internal Affairs of Kazakhstan or other bodies enforcing sentences.

      Footnote. Paragraph 33 - as reworded by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan № 126 of 09.02.2023 (shall take effect ten calendar days after the date of its first official publication).

      34. Data on the execution of decrees of the President of the Republic of Kazakhstan on clemency shall be presented to the Executive Office of the President of the Republic of Kazakhstan by the Minister of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan or the heads of other central state authorities executing punishments.

      Footnote. Paragraph 34 - as reworded by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan № 126 of 09.02.2023 (shall be enacted ten calendar days after the date of its first official publication).
      35. Excluded by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan № 126 dated 09.02.2023 (shall enter into force ten calendar days after the date of its first official publication).

  ANNEX 2
APPROVED by
Decree of the President of the
Republic of Kazakhstan
dated July 5, 2006 № 140

MEMBERS
of the Clemency Commission under the President of the Republic of Kazakhstan

      Footnote. The composition - as reworded by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan № 126 dated 09.02.2023 (shall be put into effect ten calendar days after the date of its first official publication); as amended by the Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated 20.10.2023 № 384; dated 02.07.2024 № 594.

Bashimov Marat Sovetovich

Deputy of the Mazhilis of the Parliament of the Republic of Kazakhstan, Chairman (as agreed)



Members of the Commission:

Asanova Zhanna Beisentaevna

Deputy of the Senate of the Parliament of the Republic of Kazakhstan (by agreement),

Borchashvili Isidor Shamilovich

Doctor of Law (habilitation degree in law), Professor (by agreement)

Aubakirova Indira Uralovna

Doctor of Law (by agreement);

Turmagambetova Zhemis Utegenovna

Executive Director of the Charter for Human Rights Foundation (by agreement).

      The Commission shall consist ex officio of the Assistant to the President of the Republic of Kazakhstan on legal issues, the Human Rights Commissioner of the Republic of Kazakhstan, the Deputy Prosecutor General in charge of penal enforcement and rehabilitation of citizens, and the Chairman of the Penal Execution System Committee of the Ministry of Internal Affairs.